6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет45/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

5. Қосалқы бөлшектер- тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді.
6. Өзге материалдар- бұл өндіріс қалдықтары (сынықтар, кесінділер, ұнтақтар), түзелмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, негізгі шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.


11.3. Материалдық босалқылар қозғалысының есепке алынуын құжаттау
Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу бойынша типтік құжаттар әзірленген.Оларды уақытылы жазып,дұрыс рәсімдеу үйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардың сақталуы әрі дұрыс пайдалануына бақылау жасауға мүмкіндік береді.Субъектінің бас бухгалтері дұрыс құжат айналымын,типтік құжаттардың қолданылуын,әзірленуін ұйымдастырып,олардың жасалу,тексеру және қабылдау кестесін барлық орындаушыларға жеткізуге міндетті.Материалдық құндылықтар кәсіпорынға әдетте жеткізу шарты бойынша келіп түседі.Онда жеткізілімнің саны,сомасы,ассортименті,жиынтылығы,сапасы,есептеулер мен жеткізу шартын бұзғаны үшін қарастырылған санкциялардың сомасы белгіленеді.
Келіп түсетін материалдық құндылықтардың есептік құжаттары (шот-фактуралар,төлем талап-тапсырмасы,тауар-көлік жүкқұжаттары) жабдықтау бөліміне жіберіледі.Жабдықтау бөлімінің қызметкерлері:

  1. Осы құжаттардың деректерін ассортиментке,материалдық құндылықтардың санына,бағаға,тиеп-жөнелту мерзімдеріне қатысты жеткізу шартына сәйкестігін тексеруге;

  2. Жеткізушінің есеп-айырысу құжаттарын төлеуге келісім беруге немесе оларды төлеуден бас тартуға;

  3. Есеп айырысу құжаттарын келіп түсетін жүктерді есепке алудың №1нысанындағы журналында тіркеуге;

  4. Есеп айырысу құжаттарын бугалтерияға табыс етуге және материалдарды алу және сақталатын жеріне дейін жеткізу туралы өкілеттігі бар лауазымды тұлғаларға өкім беруге міндетті.

Материалдарды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына және өкілетті тұлғаға (сарапшыға,агентке)бухгалтерияда сенімхат (М2немесе М2А нысанды)беріледі.
М2 нысанын материалдық құндылықтарды алуын нөмірленген және тесіп байланған,берілген сенімхаттарды есепке алу журналында (М3нысаны)тіркейтін субъектілер қолданады.
М2 нысанындағы сенімхатты қолданған кезде оларды беру және алу туралы деректер сенімхаттың түбіршегінде тіркелінеді және М3 нысанындағы журнал жүргізілмейді.

Бақылау сұрақтары:



  1. Банктерде ТМҚ қандай түрлері қолданылады?

  2. ТМҚ бағалаудың қандай әдістері бар?

  3. ТМҚ кірісі қандай құжаттармен рәсімделеді?

  4. ТМҚ шығысы қандай құжаттармен рәсімделеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет