1.Шикізаттар мен материалдар- бұл өнім әзірленетін еңбек заттары.. Олар өнімнің материалдық (заттық) негізін қалайды. Бұл орайда шикізат-бұл ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері (астық, мақта, сүт, мұнай, кеніш,газ). Негізгі материалдар- бұл ұқсатушы өнеркәсіптің өнімдері (ұн, мата, қант, темір, былғары). Көмекші материалдар- бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі- өнімнің заттық негізін қаламайды. Бұл материалдар негізгі материалдарға қосымша ретінде өнімге қажетті сапа беру үшін қолданылады (желім, лак, бояулар).
Достарыңызбен бөлісу: |