6-КҮн оқу мақсаттарын жүзеге асыруға арналған тапсырмалар əзірлеу 1-дəріс



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата11.01.2022
өлшемі146 Kb.
#110916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 6.1

тапсырманың мəтіні

жəне



жауап нұсқалары.

Мұндағы дұрыс жауап – тапсырманың



кілті

, ал дұрыс емес

жауаптары

дистракторлар

болып табылады. .

Тапсырманың мəтіні барынша қысқа болып, сұрақтың мазмұнын анық

көрсетуі тиіс. Оның сауатты құрастырылуы өте маңызды. Мəтіннің, тапсырма

шартының

күрделілігі

сұрақты

түсінуді


қиындатады.

Тапсырма


орфографиялық

жəне


грамматикалық

ережелерді

сақтай

отырып


құрастырылуы тиіс.

9

Көп таңдауы бар тапсырмаларда жауап нұсқаларының саны əртүрлі болуы



мүмкін. Жауап нұсқалары көп болған сайын оқушылардың дұрыс жауапты

кездейсоқ болжап табу мүмкіндігі азаятыны анық. Дегенмен ұсынылатын

баламалы жауаптардың көп болуы оқушылардың тапсырманы орындауға

жұмсайтын уақытының шамадан тыс артуына алып келеді. Жалпы, жауап

нұсқаларының саны 2-ден  5-ке дейінгі аралықта болғаны жөн.

10

Жауап нұсқаларын түрлі логикалық реттілікпен орналастыруға болады



(мысалы, əліпби реттілігі бойынша, хронологиялық тəртіппен, өсу/кему

ретімен, грамматикалық санатына қарай жəне т.б.). Осылайша жауаптардың

көрсетілген ретіне байланысты оқушылардың дұрыс жауапты болжап табу

мүмкіндігі шектеледі. Мысалы, жауап нұсқалары сөзден басталатын болса,

онда олар əлипби ретімен орналасады. Егержауап нұсқалары саннан басталса,

онда өсу/кему ретімен орналасады. Егер бір қарағанда екі жауап нұсқасы

бір-біріне ұқсас болса, онда оқушылардың салыстыруына ыңғайлы болуы

үшін оларды бірінен кейін бірін тізбектеп орналастырған жөн.

Тапсырма құрастыру алгоритміне сəйкес көп таңдауы бар тапсырма

құрастырғанда тапсырманың шарты, яғни сұрағы мен дистракторларды

құрастыруға дейін оның кілтін – дұрыс жауабын дайындап алу ұсынылады.

Бұл тапсырманың нақты дұрыс жауабының бар екендігіне кепілдік береді.

Жауап нұсқаларын оқушылар дистракторларды қандай да бір белгісі бойынша

анықтай алмайтындай етіп, өте мұқият құрастыру қажет.

11

Дистракторлар өтілген материалға сəйкес болуы жəне шындыққа



жанасымды, бірақ дұрыс емес жауап болуы тиіс. Дистракторларды

қолданудағы басты мақсат – оқу материалын жеткілікті меңгермеген

оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Əдетте «жақсы» дистрактор оқушылардың жиі жіберетін қателерін

қамтиды. Егер дистракторды үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі

таңдаған болса, онда оны жақсы құрастырылған деп есептеуге болады. Бұл

оқушыларды дайындық деңгейіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Ал егер

дистракторды білім деңгейі жоғары оқушылардың басым бөлігі таңдаған

жағдайда дистрактор сапасының төмендігін немесе тапсырманы құрастыруда

қате жіберілгенін байқауға болады. Егер дистракторды бірде-бір оқушы

таңдамаған болса, онда дистрактордың қате құрастырылғаны туралы

қорытынды жасауға болады, оны қайта құрастыру қажет.

12

Ал енді тапсырманың кілті мен дистракторларды құрастыру кезінде нені



ескеру керек, соны қарастырайық.

-

Тапсырманың кілтінде тікелей оқулықтан алынған үзінділерді



қолданбаған жөн, əсіресе, дистрактордың оған ерекше қатысы

болмаса.


-

Алдыңғы тапсырмада кездескен сұрақтарды дұрыс жауап (кілт)

ретінде қолданудың қажеті жоқ. Бұл тапсырманы орындауды

жеңілдетуі немесе қиындатуы мүмкін.




-

Тапсырманың кілті дистракторлардан ерекшеленіп берілмегені

дұрыс (мысалы, өте қысқа немесе ұзақ болмауы, жеңіл немесе

күрделі түрде берілмеуі маңызды).

-

Тапсырма


кілті

мен


дистракторларда

«əрқашан»,

«кейде»,

«ешқашан», «жоғарыда аталғандардың барлығы», «дұрыс жауабы

жоқ» сияқты сөз тіркестерінің болмауын ескерген жөн.

-

Дистракторлардың «жартылай дұрыс» болуын, яғни дистракторды



əртүрлі

мағынада


түсінуге

болатын жағдайларды, олардың

екіұштылығын болдырмау керек.

13

Жабық тапсырмалардың сапасын бағалау үшін келесі сұрақтарды



қолдануға болады:

-

Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау



дағдыларының деңгейлеріне сəйкес келе ме?

-

Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі анық жəне түсінікті ме (яғни,



бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг,

диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы)?

-

Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура жəне жанама түрде)



меңзейтін тұстары жоқ па?

-

Тапсырманың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?



-

Суреттер, диаграммалар, сызбалар анық па?

-

Грамматикалықжəнеорфографиялыққателержоқ па?



-

Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?

-

Берілген нұсқалардың ішінде тапсырманың дұрыс жауабы (кілті) бар



ма?

-

Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?



-

Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?

14

Қарастырылған материалды бекіту үшін практикалық жұмыс жасауды



ұсынамыз.

Пəннің қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан

(5-11-сыныптар) өзіңіз таңдаған оқу мақсатына сəйкес тапсырмаларды

зерделеп, 2 жабық тапсырма ұсыныңыз (6.1-тапсырма).

-

Пəннің оқу бағдарламасынан оқу мақсатын/мақсаттарын таңдаңыз.



-

Бағалау критерийлерін анықтап, ойлау дағдыларының деңгейіне

сəйкестендіріңіз.

-

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан



тапсырмаларды қарастырыңыз.

-

Тапсырмаға дескрипторлар құрастырыңыз.



-

Кестені толтырыңыз.

Орындаған жұмысыңызды кері байланыс алу үшін тренерге ұсыныңыз.

15

Білу, түсіну жəне қолдану деңгейіндегі тапсырмалармен салыстырғанда



пайымдауға берілген тапсырмалар оқушының осы тақырып бойынша əбден

ойланып, жаңа білімін іс-əрекетте қолдану жолын өз бетінше дұрыс табуын

көздейді. Оқушының білімін өмірде қолдану туралы ойлануы оның өздігінен

шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуіне мүмкіндік береді. Оқушылар өз

бетінше ойланып жауап беруі үшін мұндай тапсырмалар дайын жауабы

көрсетілмеген





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет