6-КҮн оқу мақсаттарын жүзеге асыруға арналған тапсырмалар əзірлеу 1-дəріс



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата11.01.2022
өлшемі146 Kb.
#110916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 6.1
Әлі Жансая МФЖІН 5, 7 сыныр БЖБ, Есіл аудандық сотына, Сабақты зерттеу рефлексивті зерттеу, Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары
ашық тапсырма

ұсыныңыз (6.2-тапсырма).

Орындаған жұмысыңызды кері байланыс алу үшін тренерге ұсыныңыз.

21

Оқушылардың



математикалық

сауаттылығын

дамыту

сұрағын


қарастырайық.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы мазмұнында оқушылардың

теориялық білімін практикада қолдана білуіне басымдық берілген. Бұл

оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытумен байланысты.

Математикалық сауаттылық PISA халықаралық зерттеуінде бағаланатын

оқушылардың функционалдық сауаттылығының бір бағыты болып саналады.

Мектеп қабырғасында оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту

мұғалімдер үшін маңызды міндет болып табылады.

22

PISA (Programme for International Student Assessment) 15-жастағы



оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалайтын халықаралық

бағдарламаны Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы (ЭЫДҰ)

ұйымдастырады. Зерттеу 2000 жылдан бастап 3 жыл сайын жүргізіледі жəне

əрбір циклде нақты бір бағытқа (математикалық сауаттылық, жаратылыстану

сауаттылығы, оқу сауаттылығы) басымдық беріледі

PISA зерттеуі 15-жастағы білімгерлердің мектепте алған академиялық

білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайлар мен тиімді əлеуметтенуде

қолдану қабілетін анықтауға бағытталған.




PISA зерттеуінде ойлау, дəйектеу, мəселені қою жəне шешу, модельдеу,

нəтижелерді ұсынудың түрлі əдістерін пайдалану секілді қабілеттер

бағаланады. Халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі үш

оқу-танымдық түрлері бойынша бағаланады – жаңғырту(қайталау), қолдану

жəне пайымдау.

23

Біздің еліміз зерттеудің төрт цикліне қатысты (2009, 2012, 2015, 2018 ж.).



2021 жылы өтетін зерттеуге дайындық үстінде.

24

PISA-2015 зерттеуінде ЭЫДҰ мемлекеттерге 15 жастағы оқушылардың



«Мəселелерді бірлесіп шешу» (МБШ) дағдыларын бағалауды ұсынды.

Қазіргі таңда PISA жобасы əртүрлі опциларды, оның ішінде «қаржы

сауаттылығы»,

«мəселені

бірлесіп

шешу»,


«жаһандық

құзыреттілік»

бағыттарын ұсынуда.

25

Қазақстан



2018

жылы


математикалық,

жаратылыстану жəне оқу

сауаттылығымен қатар зерттеудің жаңа «жаһандық құзыреттілік» бағытына

қатысты.


26

Зерттеуге қатысушы оқушылардың функционалды сауаттылық деңгейі

таблица, диаграмма, график, сурет жəне сызбалар түрінде берілген

тапсырмалар арқылы анықталады.

Тест тапсырмалары жауаптың үш түрін қарастарады: еркін құрастырылған

(толық жəне негізделген жазбаша жауап),

жабық құрастырылған жауап



(оқиғаны ретімен орналастыру, қажетті сөзді немесе цифрды жазу)

жəне


берілген жауап нұсқасынан таңдау жасау

((a, b, c, d) жауап нұсқаларының

бірін таңдау).

Тапсырма жауаптары оқушылардан бірнеше таблица мен графиктерде

берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу қабілеттерін талап етеді.

27

Халықаралық бағалау 15 жастағы білім алушылардың құзыреттілігін алты



деңгей бойынша бағалауды қарастырады. Халықаралық бағалаудың «Ең

жоғарғы» (5 жəне 6 деңгей) бағасын ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуі,

мəтінді ұғыну мен интерпретациялау, қорытындыны дəлелдеп, өзінің

болжамдарын ұсына алатын, дағдыларын көрсете білетін оқушылар иелене

алады.

3-4 деңгейге жаңа ақпаратты табу үшін білімі мен шеберліктерін қолдана



алатын қабілеттері сəйкес келеді. 2-деңгейде қарапайым күнделікті өмірде өз

білімі мен дағдысын қолдана білу ептілігі бағаланады. Оқушылардың

қарапайым базалық білімін көрсете білуі «Ең төменгі» 1-ші жəне 1-ден төмен

деңгейге сəйкес.

ЭЫДҰ-ның анықтауы бойынша тек қана бірінші жəне 1-ден төмен

деңгейдің тапсырмаларын орынған оқушылар «функционалды сауатсыз» деп

есептеледі

28

Сонымен, оқушылардың математиканы əртүрлі жағдайларда тұжырымдау,



қолдану жəне түсіндіру қабілеті математикалық сауаттылық ретінде

анықталады.

29

PISA зерттеуі оқушылардың əртүрлі өмірлік жағдайлардағы қабылдаған



жеке шешімдерін негіздеу үшін математикалық білімдерін қолдана білу

қабілеттерін бағалайды. Зерттеуге қатысушылар тапсырмада берілген

ақпаратты өздеріне таныс концепцияларды, процедуралар мен фактілерді

қолдана отырып түсіндіре білулері қажет. Сондай-ақ, сыни ойлау мен талдау

жасай білу дағдыларын көрсетулері тиіс.

30

Математикалық тапсырмалар мазмұны квантитативтік (сандық), кеңістік



жəне ықтималдылық теорияларын қарастырады. Халықаралық зерттеу


сұрақтарының ерекшелігі - оқушылар тест тапсырмаларын орындау

барысында күнделікті өмірлік жағдаяттарға байланысты математикалық

пайымдауларды қолданудың маңыздылығын түсінеді.

31

Халықаралық сарапшылар PISA жобасында «Математикалық сауаттылық»



бағытының негізін қалайтын екі принципті қарастырады: «Фундаметалды

математикалық идеялар», «Математикалық құзыреттілік».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет