6 КҮнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісі



бет121/173
Дата28.07.2023
өлшемі8,22 Mb.
#179651
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   173
Байланысты:
КТП и ҚМЖ әліппе 1 сынып

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
1-деңгей:
Сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Бұл не? – Бұл – жәшік.

  • Жәшік нешеу? – Жәшік біреу.

  • Жәшікте не бар? – Жәшікте алма бар.

  • Алма қандай? Алма тәтті.

  1. деңгей:

Әр сөйлемдегі сөз санын, «ә» әрпінің орналасу орнын тап.

  1. деңгей:

Қосымша сұрақ қойып, сызбасын сыз.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.





  1. деңгейдегі оқушылар сөйлем сызбасы бойынша сұрақтарға жауап береді.

  2. деңгейдегі оқушылар сөйлем саны мен

«ә» әрпінің сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.

  1. деңгейдегі оқушылар сурет бойынша қосымша сұрақтар құрап, сызбасын сызады.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Саралау тапсырмалары

Рефлексия


Өз ұсыныстарын білдіреді.







  1. 229


сабақ

Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

П дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;
дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
«Керісіншелер елі».
Үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты келесі балаға береді. Ал келесі ойыншы сөзді керісінше айтады (доп – под, қап – пақ, сап – пас, соқ – қос
т.б.)

Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін.

Қолдау


Доп


Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «П» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



Қолдау


Суреттер, оқулық

Сызба



230


















«П п» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«П п» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.


(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

  1. Сурет бойынша әңгіме құрау.




  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «доп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «П» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

  6. «П» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

  7. Санағыштардан «п» әрпін жасау.


(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.
(МК, Ұ, Ө) Оқылым.
1. Оқулықтың 69-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.


  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Мынау – мектептің спорт алаңы. Балалар сабақтан соң футбол ойынын ойнады. Сапар қақпаға екі доп соқты. Біздің топ жеңіске жетті».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгіме төрт сөйлемнен тұрады.

  3. «Сапар қақпаға екі доп соқты» сөйлемін сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 5 сөз бар.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «доп» сөзіне дыбыстық талдау жасайды:

«доп» бір буынды сөз, өйткені «доп» сөзінде бір ғана дауысты дыбыс бар.

  1. «Доп» сөзін «доп-п-п» деп созып айтып, «п» дыбысын анық естиді.

  2. «П» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Санағыштардан «п» әрпінің сұлбасын жасайды.

1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға


қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.



Сурет, оқулық, сызба

Санағыштар



231






  1. «П» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  2. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің алдына (топ – доп), сөз ортасына (арпа – арба), сөз соңына (апа – апан) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.



Жазылым

  1. Оқулықтағы «п» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «П» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «П» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

  1. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  2. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.


  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«п» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  1. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс – «Ойлан!».

Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.

Оқушыларға қолдау көрсету.


Мақтау, қолдау

Оқулық Жазу дәптері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет