Мұғалімнің оқулықтың 22-бетінде берілген жаңа сөздерді, сөйлемдерді оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
«У» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Жаңылтпашты буындап, тұтас оқу. Лаула, алау, лаула.
Алаула, алау, алаула. Арала аула, Лаура.
Жазылым Оқулықтағы «У» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«У» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«У» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды:
Үзік сызықтарды бастырып жүргізу арқылы У әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –