1890ж. маусымда Шыңжаңмен сауда ұйымдастыру үшін: Түркістан округімен қатар Семей сауда округі құрылды.
1894ж. тамызда Сібір темір жолы іске қосылды.
1845ж. Торғай бекінісі салынды.
1886ж.маусымда «Түркістан өлкесін басқару және онда жер салық өзгерістерін енгізу» туралы ереже бекітілді.
1886жылғы ережеге сай Түркістан өлкесінде 3 облыс құрылды – Сырдария, Ферғана, Самарқан.
1891ж.наурызда қабылданған ережеге сай Дала генерал-губернаторлығы құрылды, орталығы – Омбы.
1891ж.ережеге сай Жетісу, Орал облыстық әскери губернаторы осы өңірлердегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді.
Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ереже – 1891ж.бекітілді.
1891ж.ережеге сай мұсылман ісін жүргізетін төменгі сот буыны – халық соттары.
1886-1891жж. «ережеге» сай уездік, облыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны – соттардың төтенше съезі.
Кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастаған уақыт – ХІХғ-ң 90-жылдары.
16жасқа дейінгі жас өспірімдердің жұмысшылар арсындағы үлесі – 14%.
Жұмысшылардың Қазақстан жағдайындағы таптық қарсылықтарының бірі – өндіріс орнын тастап кетуі.
ХІХғ.соңынан өндіріс орнын өз еркімен тастап кеткендерге қолданылған жаза – 3 айға дейін абақтыға қамау.
ХІХғ. ІІ- жартысында өндіріс орындарындағы қазақтардың үлесі – 60-70%.
1888ж. Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі – жалақыларын арттырды.
1893ж. алтын өндіріс орнындағы әйелдердің үлесі – 17,8%.
Жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігінің себебі – өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы.
Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы азаттық күресіне байланысты.
Ұйғыр, дүнгендер Жетісу өлкесіне қоныс аударуы – 45000 ұйғыр, 5000 дүнген.
Ұйғырлар есебінен ұйымдастырылған болыс саны – 6 ұйғыр болысы.
Әрбір дүнгенге берілген жер көлемі – орта есеппен 3 десятина.
Ұйғыр халқының музыкасы, әні мен биі жөнінде айтқан ғалым – Ш.Уәлиханов.
Ұйғыр халық ауыз әдебиетінің ескерткіші - «Он екі мұқам».
ХІХғ. ІІжартысында Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасап, зерттеу жүргізген – Семенов-Тянь-Шаньский.
Мейердің «Орынбор ведомствосының қырғыз даласы» еңбегі – Кіші жүз тарихын сипаттауға арналған.
Іле, Жетісуды зерттеп, халық ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеп жариялаған – Шығыс зерттеушісі академик Радлов.
Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған уақыты – 1847-57жж., оның қазақ, украин халықтарын салыстыра жырлаған өлеңі - «Менің ойларым».
Қазақстан тарихы зерттеуді ғылыми жолға қоюда орыс географиялық қоғамының Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі бөлімшелері - 1845ж.ашылды.
Ш.Уәлихановтың шын есімі – Мұхамед-Қанапия. (1835-65жж.) .
Шоқан Құсмұрын бекінісінде туған.
Шоқанның сана-сезімінің ерте оянуына әсер еткен – әжесі Айғаным.
1847ж.12жасар Шоқан Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп 18 жасында бітірді.
Ол географ Семенов-Тянь-Шаньскиймен бірге болып, 1856ж. Құлжаға барып қайтады.
Шоқанның досы, ғалым, географ - Семенов-Тянь-Шаньский.
Қырғыздың «Манас» жырын зерттеген.
Оны әлемге әйгілі еткен – 1858-59ж. Қашғар саяхаты.
Шоқанның досы орыс жазушысы – Достоевский.
1864ж. Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алудағы әскери қимылдарға қатысады.
1864ж. Шоқан Верныйда болды.
«Русский инвалит» газетінің 51-санында Қытайдағы дүнгендер көтірілісі туралы ақырғы еңбегі 1865ж. жарияланды.
Шоқан 1865ж. сәуірде Алтын Емелде қайтыс болды.
Түркістан статистикалық комитеті қашан құрылды? 1868 ж.
Семей стстистикалық комитеті қашан құрылды? 1878 ж.
Өлкені зерттеуді жолға қоюда ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер қашан құрылды? ХІХ ғ-ң 80 жылдарында.
Семей облыстық статистикалық комитетінің мүшесі болған – Абай.
Алғашқы қоғамдық кітапхана қашан және қайда ашылды? 1883 ж, Семейде.
Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі қайда, қашан ашылды? 1883 ж, Орск қаласында.
ХІХ ғ. Теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп ашылған қала – Атырау.
Исламдық мектептерге шек қоюға бағытталған Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу шаралары» қашан бекітілді? 1867 ж.
Жетісу облыстарын басқару туралы ережеге сай ағарту ісінің дамуына қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинау құқы берілді.
Сырдария, Жетісу обл. Оқу орындарының қызметін бақылаған кім? Түркістан генерал-губернаторы.
Ақмола, Семей облыстарындағы оқу орындары Батыс Сібір округіне бағындырылды.
Ресей империясы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде қашан бекітілді? 1870 ж.
«Ереже» бойынша медреселердің оқу жылы мамырда басталып, тамызда аяқталған.
Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландыруымен қашанға дейін жұмыс істеді ? 1910 ж дейін.
1888 ж. деректер бойынша Түркістан өлкесіндегі медреселер саны қанша? 106 медресе.
1896 ж. Торғай обл. Ресейдің оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің саны —
50-ге жуық. Петербург университетінің заң факультетін бітірген, Семей облысынан шыққан алғашқы кәсіпқой қазақ заңгері – Жақып Ақбаев.
Көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог — Ы. Алтынсарин (1841-1889).
Ыбырайды тәрбиелеген кім? Атасы Балғожа би.
1879 ж. Ыбырай Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы.
Ы. Алтынсарин қай қалада тұңғыш қыздар мектеп-интернатын ұйымдастырды? Ырғыз қаласында.
Ы. Алтынсаринның орыс алфавиті негізінде құрастырылған басты еңбегі — «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық», егіншілікті уағыздайтын әңгімесі — «Қыпшақ Сейітқұл».
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы — Абай Құнанбайұлы (1845-1904).
Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқыды.
Неге медресені бітіре алмады? Құнанбай ел билеу ісіне тартқысы келді.
Абайдың ұлы Әбдірақыман ортеллерри училишесін бітірді.
«Лепсі алқабын қоршаған таулар» атты картинасымен қазақ жерінің сұлулығын көрсеткен кім? Верещагин.
1868 ж. Париждегі дүниежүзілік көрмеде ұлттық киімдер болды.
Қазақ музыка аспаптары 1872 ж. Мәскеуде көрмеде көрсетілді.
Жергілікті ұста, шеберлер дайындаған бұйымдар Петропавл, Көкшетаудағы көрмелерде көрсетілді.
1906 ж. қараша мен 1910 ж. Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат неге бағытталды? Революцияны тұншықтыруға.
1906-12 ж. аралығында қазақтардан 17 млн десятина жер тартып алынды.
ХХ ғ. басында құрылған қоныстану қоры немен айналысты? Қазақтардың жерін тартып алумен.
Столыпин жүргізген реформа — аграрлық реформа.
ХХ ғ-ғы Жетісудағы кулактардың үлесі — 25 пайыз.
Столыпиннің аграрлық саясатынан кейін Ақмола облысындағы қазақтар саны — 36,6 пайыз.
1911 ж. мамыр айында ереуілге шыққан «Атбасар мыс-кендері» өндірісі.
1912 ж. қазан айында жалпы ресейлік саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болған Байқоңыр көмір өндірісіндегі ереуіл.
1914 ж. қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері — 600 мың.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы — 12-14 сағат.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі — 50 пайыз.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 12-14 жас аралығындағы жеткіншектерге күніне еңбегі үшін 20 тиын төленді.
А. Байтұрсынұлының 1911 ж. Орынборда басылған өлеңдер, аударма, мысалдар жинағы — «Маса».
1913-17 ж. «Қазақ» газетінің редакторы — А. Байтұрсынұлы.
М. Дулатовтың 1915 ж. шыққан туындысы — «Терме».
Абай шәкірттерінің ішінен ең мл мұра қалдырған — Шәкәрім.
Шәкәрімнің кітабы — «Мұсылмандық шарты».
Ағарту ісін насихаттаған журнал — «Айқап».
Халық арасында батырлар жырын насихаттап, шеберлік сапасына көтерген кім? Н. Байғанин.
ХХ ғ. басында қазақ бұлбұлы атанған — Майра Шамсуддинова.
Абайдың жинағы ресми түрде баспадан 1909 ж. шықты.
Естайдың әні — «Майда қоңыр».
«Гәккуді» шығарған кім? Үкілі Ыбырай.
ХХ ғ. басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала — Музыка мәдениеті.
9-сынып ҰБТ «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: Ә. Бөкейханов.
1907-12жж. Қазақстанға қоныстандырылған адам саны – 2млн 400мың.
1917ж-ға қарай қазақтардан тартып алынған жер көлемі – 45млн-нан астам.
1913ж. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған – А.Байтұрсынов.
«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы жанжалдар өмірінің сипатты белгісіне айналды» деп жазған – Т.Рысқұлов.
1914-18жж. Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі байланысы күшейді: І Дүниежүзілік соғысқа байланысты.
1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің басты себебі:19-43жас аралығындағы адамдарды қара жұмысқа алу (25 маусым).
Түркістан мен Дала өлкесінен алу көзделді – 500мың адам.
1916ж. 23 тамызда үстемтап өкілдерін жұмыстан босату туралы жарлық шығарған – Куропаткин.
1916ж. қозғалыстың ірі орталығы – Жетісу.
1916ж.тамызда көтерілісшілер басып алған жәрмеңке - Қарқара.
1916ж. Торғай уезінде хан етіп сайланған – Ә.Жанбосынов.
Ырғыз, Торғай уездерінде хан етіп сайланған адам саны – 9.
Көтеріліс сардарбегі – А. Иманов.
Торғайды 15мың жауынгермен қоршаған – Иманов.
Имановтың серігі, мерген – Кейкі батыр.
Торғай көтірілісінің ерекшелігі – бір орталыққа бағындырылып, басқарылудың тәртіпке келтірілуімен.
Көтерілістің сипаты – отаршылдыққа қарсы.
1916ж.жазалау нәтижесінде қазақтар саны кеміді – жарты млн-ға жуық.
1916ж. Жетісудан Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған – 238мың (екі жүз отыз сегіз мың).
«Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер» деп жазғандар: Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.
Жетісуда орыс шаруаларының ішінен Қарқар ошағын ұйымдастырушылардың бірі – Е.Курев
Верный уезі Жайымтал болысының ханы болып сайланған – Б. Әшекеев.
Боралдайда дарға асып өлтірілген – Әшекеев.
Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі – Ж. Мәмбетов.
1916ж. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып сайланған – Куропаткин.
Жергілікті казактардан жазалаушы отряд құрған – Фольбаум.
1916ж.оқиғалар қарсаңында енгізілген жаңа салық түрі – соғыс салығы.
1917ж.27 ақпандағы революцияның сипаты – буржуазиялық-демократиялық (монархия құлатылды).
Уақытша үкіметтің Ресей жерінде ұлттық келісім орнатуға бағытталған шешімінің бірі – 1917ж.20наурыздағы азаматтардың дін ұстануына, ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жою туралы шешім.
1917ж. «Қара жұмысшылар одағы» құрылған қала – Верный.