6-сынып. Еж дүние тарихы. § Шумер және Аккад №1 тест



бет3/7
Дата10.12.2016
өлшемі1,66 Mb.
#3602
1   2   3   4   5   6   7
А) Баспалдақты мұнара

Б) Ай құдайының храмы

В) Иштар қақпасы


6. Ежелгі Қосөзендегі Ай құдайы:

А) Шамаш Б) Мардук В) Син Г) Таммуз

7. Ежелгі қоөзендіктердің жазу жүйесі:

А) Иероглиф Б) Сына жазу В) Кириллица

8. Бұл тасты 1902 жылы археологтар тауыпты. Тастың жоғары жағындағы суретте ақ

сақалды, басына сәлдеге ұқсас бас киімі бар адам бейнеленген. Ол кім ?

А) Хаммурапи Б) Мардук В) Син Г) Навуходоносор Д) Шамаш.

9. Гильгамештің досы: А) Кингу Б) Энкиду В) Шаруккин Г) Нарамсин.

10. Алғаш Қосөзен бойын тұтас бағындырған патша:

А) Хаммурапи Б) Нарамсин В) Шаруккин Г) Навуходоносор

11. Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендегендер:

А) Гутейліктер болды

Б) Шумер және аккад халықтары болды.

В) Шумер және Элам халықтары болды.

12. Мына жауаптардың қайсысы дұрыс емес?

А) Әрбір қала белгілі бір шағын мемлекеттің саяси, шаруашылық және мәдени

орталығы болды.

Б) Б.з.б XXI ғасырдың аяғында Қосөзенге батыстан көшпелі тайпалар, шығыстан

эламдықтар шабуыл жасады.

В) Шульги патша шығыстағы таулы өлкенің тайпаларынан жеңіліп қалды.

13. «Гильгамеш туралы дастан» қазақтың қандай аңызына ұқсас?

А) Асан қайғы туралы аңыз Б) Қорқыт туралы аңыз В) Толағай туралы аңыз.

14. Шумерлік сына жазу қашан қалыптасты?

А) Б.з.б IV мыңжылдық Б) Б.з.б VII ғасырда В) б.з.б 604-565 ж

15. Вавилон қаласының 100 қақпасы болған. Қақпалар неден жасалды?

А) Ағаш Б) Темір В) мыс Г) Қола


6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 4. Египеттегі мемлекеттің пайда болуы.

5 тест.




  1. Ніл өзенінің ұзындығы 5589 км. Ол бастауын қай жақтан алады?

А) солтүстіктен

Б) батыстан

В) оңтүстіктен

2. Ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті неге жақсы көрген?

А) Ніл өзені жап-жасыл болып аққандықтан

Б) Ніл алқабы қап-қара, аңғары жап-жасыл болғандықтан.

В) Барлық жауап дұрыс емес.

3. Ніл бойы халық тығыз қоныстанған елге айналды:

А) Б.з.б IV мыңжылдық

Б) Б.з.б 3000 жылдары

В) Б.з.б II мыңжылдықта

4. Жоғары Египеттің тәждері қандай түсте болды?

А) Қызыл Б) ақ В) ақ-қызыл араласқан

5. Ежелгі Египетте артық өнімдердің пайда болуын туғызған жағдай:

А) Тайпа көсемдерінің байып сақшылар мен жауынгерлерін көбейтуі

Б) Қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуы

В) Ауылшаруашылығы мен қолөнердің дамуы.

6. Б.з.б IV мыңжылдықтағы Ніл бойындағы шағын мемлекеттер саны:

А) 100

Б) 50


В) 2

Г) 20


Д) 40

7. Египет мемлекетінің алғашқы астанасы:

А) Мемфис

Б) Фивы

В) Бубастис

8. Египетті ежелгі заманда не деп атаған?

А ) Қызыл теңіз елі

Б) Ніл елі

В) Қара жер

9. Египетті ең алғаш біріктіруші:

А) Фараон

Б) Менес

В) Перғауын

10. Египеттегі ішкі және сыртқы сауданы дамуына әсер етті:

А) Бір орталыққа бірігу

Б) Нубияға шапқыншылық жорықтар

В) Соқаны пайдалану

6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 5. Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы.

6 тест.


1. Адамдар арасында құлдық пен мүліктік жіктелудің күшеуін тудырған жағдай:

А) Шаруашылық пен қолөнердің, сауданың дамуы

Б) Басқыншылық соғыстар

В) Барлық жауап дұрыс

2. Кедейшілік пен қайыршылықтың адамдар қоғамына әсері:

А) Ішкі сауданың дамуына әсер етеді

Б) Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне әсер етеді.

В) Барлық жауап дұрыс.

3. Египеттегі егіншілік қажет ететін еңбек түрлері:

А) Жерді батпақ, құм, бұталардан тазарту

Б) Бөгеттер салу және шадуфтар қазу

В) Жерді тесемен және соқамен жырту

Г) Барлық жауап дұрыс.

4. «Ол күні бойы өрмек басында бойын жазбай, зығырдың шаңына тұншығып отырады.

Ол таза ауаға, жарыққа шығу үшін бақылаушыға өзі жейтін нанын беруге мәжбүр...»

Бұл кімнің басындағы жағдай?

А) Тоқымашы

Б) Егінші

В) Мыс қорытушы

5. Ежелгі египеттік еңбекшілер үйлерінің төбесін немен жапты?

А) Ағаш б) Шифр В) пальма жапырақтары Г) Қамыс

6. Египеттік тау-кен жұмысшыларының құралы:

А) Балта, қайла, орақ

В) ағаш, тоқпақ, шапқы, бұрғы

Г) Шадуф, кетпен, порфир, базальт

7. Ежелгі египеттіктер «тірі өлік» деп кімдерді атаған?

А) Қолөнерші Б) тоқымашы В) тұтқын Г) Барлық жауап дұрыс

8. Египеттіктер екті: А) Құрма, арпа, бидай, жүзім

Б) зәйтүн, жүзім, картошка

В) Қырыққабат, алма ағашы, темекі

9. Египет шаруаларының ең ауыр міндеткерлігі:

А) Отбасын асырау

Б) Перғауын әскерінде қызмет ету.

В) Үлкен храмдар салу.

10. Төмендегілердің қайсысы Египеттегі қанаушылар тобына жатады?

А) Тоқымашы мен зергер

Б) Саудагер мен тау-кен жұмысшысы

В) Шонжар мен фараон

Г) Барлық жауап дұрыс.

6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 6. Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты.

7тест.




  1. Египеттегі шексіз билік иесі: А) Жазғыш пен Әкім

Б) Перғауын мен фараон

В) Сақшылар мен шабармандар

2. Перғауын қолындағы асатаяқ пен қамшы нені білдіреді?

А) Малының көп екенін.

Б) Жазалауға, билік жүргізуге болады дегенді

В) Ең жоғарғы абыз екенін

3. Перғауын: ... көзін құрт, өлтір, туыс-жақындарында қырып сал, ол жайында

естелік те қалмасын» деген сөзінде кімдерді айтып тұр?

А) Еңбекшіні тонаған шонжарлар мен қазыларды

Б) Құлдарды өлтірген жауынгерлерді.

В) перғауын мен шонжарларға қастандық жасағандарды

Г) Барлық жауап дұрыс.

4. Төмендегілердің қайсысы шонжарлар тобына жатады?

А) жазғыштар, тері илеушілер, сақшылар, қазылар.

Б) сарай қызметкерлері, перғауынның кебісін көтеріп жүруші, әкімдер.

В) шабармандар, құлдар, бишілер, тоқымашылар.

5. Олар бүкіл елді басқарудың маңызды істеріне араласып отырды:

А) Сақшылар мен күзетшілер.

Б) Музыканттар мен бишілер

В) Әкімдер

Г) Жазғыштар

6. Египетте жаулап алу соғыстары кімнің кезінде кең көлемде жүргізілді?

А) Менес Б) III Тутмос В) Хеопс

7. Жаулап алу жорықтары нәтижесінде:

А) Вавилон, Ассирия, Хетт патшалары Египетке алым төлеп тұрды.

Б) Сирия мен Палестина жерлерін басып алды.

В) Солтүстікте Кіші Азияға және Ефрат өзендеріне дейін Египет әскерлері жетті.

Г) Барлық жауап дұрыс.

8. «Көрші елдің тас-талқанын шығарып, бау-бақшасы мен жүзімдіктерін тып-типыл етіп,

барлық қоныстарын өртеп, қисапсыз адамды тұтқынға алдым». Бұл кімнің сөзі?

А) Перғауын

Б) Әкім


В) Әскербасы

Г) Барлық жауап дұрыс.

9. Б.з.б. 1525-1491 жылдардағы Египетке қатысты оқиғаны көрсет:

А) III Тутмос патшалық етті.

Б) Египет жаулап алу соғыстарын жүргізді

В) Нубияны бағындырды.

Г) Барлық жауап дұрыс.

10. Төмендегі мақсаттардың қайсысы Перғауынға тән?

А) Мерекелі серуендерді, салтанатты қабылдауларды ұқыпты жүргізу.

Б) Жаулау арқылы ірі сауда жолдарына билік ету және сыртқы сауданың

өркендеуіне жол ашу .

В) Үйдегі барлық жұмыстарды бұлжытпай орындау



6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 7. Египеттегі ғылыми-білім негіздері.

8 тест.


1.Таңба суреттер синонимі: А) Альфабит. Б) Иероглиф В) сына жазу

2.Төмендегілердің қайсысы суретті таңбаларды қолданудағы кемшіліктерді көрсетеді.

А) Оны оңнан солға қарай оқығандықтан барлық адамға оңай болды.

Б) Адамдардың, жердің аттарын белгілеу мүмкін болмады.

В) Сурет жазуды оқу барлық адамға оңай болды.

3. Жинаған астықтың қанша екенін және оның қаншасын күнделікті тамақта пайдалануды

білуге деген қажеттілік: А) Математиканың шығуына әсер етті.

Б) Жазғыштарды көптеп дайындап шығаруды қажет етті.

В) Жазуды жетілдіру үшін, әліпбиді шығаруды қажет етті.

4. Ніл бойындағы бұл өсімдіктің биіктігі 5 метрге дейін жеткен. Одан қағаз сияқты парақтар

дайындалған. Ол: А) Жүзім жапырағы

Б) Иероглифтер

В) Папирус

5. Египет абыздары аспанды бақылап, нақты күнтізбе жасап, Ніл өзенінің қашан

таситынынын алдын ала айтып отырған. Бұл абыздарды ғылыми тілде басқаша қалай

атауға болады? А) Математик

Б) Астроном

В) Археолог

Г) Космонавт.

6. Ішіне ... құйылған ыдысы бар ... сағаттың түбіндегі тесігінен ... тамшылап тұрды.

Аталған сөздердің қайсысы сөйлемді толықтыра алады?

А) Сүт Б) Бояу В) Су Г) Барлық жауап дұрыс.

7. «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білетіндермен ақылдас».

Бұл сөз египеттегі кімдерге қатысты айтылған?

А) Жазғыштарға Б) Оқушыларға В) Егіншілерге Г) Әкімдерге

8. Египеттіктер күнтізбе жасап, бір жылды 12 айға бөлген. Бір жылдың ішінде 365 күн

бар деп есептеген. Олар уақытты бір жыл деп алғанда қандай оқиғаларға сүйенді?

А) Егілген егіннің піскен мезгіліне қарап.

Б) Перғауынның жорыққа аттанып, қайтып оралуына қарап.

В) Нілде су тасыған кез бен екінші рет су тасыған кездің арасына қарап.

9. Қазба жұмыстары кезінде екі қолын жоғары көтерген адамдардың суреті кездескен.

Бул сурет нені білдіреді? А) 10000 санын Б) 1000000 санын В) 1 санын



10. Мына суреттің қайсысында Египеттік иероглифті жазу бейнеленген?


1

2

3
А) 1 Б) 2 В) 3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет