6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 14. Ежелгі Бактрия.
№16 тест.
1. Гередот: А) Бактрия тулары биік көтерілген ел деп жазған.
Б) Бактрия жері I Дарий кезінде он екінші аймаққа еніп, жыл сайын 360
талант салық төлеп тұрды деп жазды.
В) Бактрия табиғаты әртүрлі: ондағы жүзім сабақтары ірі,
әрі тәтті жеміс береді... деп жазған.
2.Египеттіктер перғауынды «құдайдың ұлы», израйл-иудей елі патшаларын пайғамбарға
теңеген. Ал бактрия халқы билеушілерін не деп атаған?
А) Еліміздің лазуриті
Б) «Мың қаланың билеушілері»
В) Құдайдың ұлдары
3. Б.з.б I мыңжылдықта лазурит Египетке белгілі болған. Ал бүкіл шығыс елдеріне қай
кезде танылды? А) Шумерлік Урук қаласы Бактрияға үстемдік еткен кезде
Б) Парсы мемлекетінің құрамына енген соң.
В) А.Македонский басқыншылығын тоқтатқан соң.
4. Бактрия өз алдына жеке мемлекет болды: А) б.з.б III ғасырдың басында
Б) б.з.б III ғасырдың ортасында
В) б.з.б III ғасырдың аяғында
5. Бактрияның екі жыл бойына жау қоршауына төтеп берген қаласы:
А) Бадақшан
Б) Кафирниган
В) Бактр
6. Ақын Фердоусидің дастаны: А) Авеста
Б) Мың бір түн
В) Шахнама
7. Бактрия жеріндегі қазіргі мемлекеттер:
А) Өзбекстан, Түркменстан
Б) Тәжікстан, Ауғанстан
В) Тәжікстан, Қырғызстан
8. «Тарихи жазбалар» кітабында Бактрия туралы деректер бар. Оның авторы:
А) Сыма Цянь
Б) Чжан Цянь
В) Сун Ятсень
9. Б.з.б I мыңжылдықтың ортасындағы Бактриялықтардың негізгі кәсібі:
А) Лазурит өндіру.
Б) Мал шаруашылығы
В) Егіншілік.
10. Ежелгі Шумерлік Урук қаласының билеушісі Элам шығысындағы елге не үшін
адам жіберді?
А) Бейбіт сауда-қарым қатынасын орнату үшін келіссөз жүргізуге
Б) Лазурит тасын әкелуге
В) Мәңгі өлмейтін ететін дәрілік шөп әкелуге.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 15. Кушан патшалығы
№17 тест.
1. Кушан мемлекетін құрушылар: А) Солтүстік –шығыстан келген көшпелілер
Б) А.Македонскийдің әскерінің қалдықтары
В) Бактрия халқы.
2. Кушан мемлекетінің патшасы II Қатпыздың сауданы дамытқан ісі:
А) Индияның солтүстігін бағындырды.
Б) Кушан мемлекетінің өз ақшасын шығарды.
В) Қазіргі Шығыс Түркістан жерін басып алды.
3. Кушан мемлекетін әлсіретіп, құлатқан жағдай:
А) Сасанилер мемлекетімен ұзаққа созылған соғыс
Б) Ұлы Жібек жолының ашылуы
В) Манихей дінінің пайда болуы.
Г) Сақ-сарматтармен сауда-саттық бәсекесі.
4. Кушандықтар ойлап тапқан жаңалық:
А) Жерді темір соқамен жырту
Б) Өзендерге бөгеттер салу
В) Бес бөліктен тұратын садақ
5. «Байлар кедейленеді, қайыр сұрап, мәңгілік азап шегетін болады, түбінде жақсы да
жұмақты өмір орнайды» деп насихатшы: А) Мани
Б) Будда
В) Мұхаммед
6. Кушандық саудагерлер Қытайға, Үндістанға, Египетке, Римге шығарған тауарлары:
А)Металл бұйымдар, аң терілері, жібек.
Б) Бағалы тастар, қой терісі, күріш
В) металл бұйымдар мен қарулар, бағалы тастар.
7. Кушандықтар дүниежүзілік мәдениеттің жоғары дәрежедегі тамаша туындыларын жасады.
Өйткені: А) Олар өнерді сол кездегі мықты дамыған Египет , Грекия елдерінде оқыды.
Б) Олар өздерінің мәдениетін өздері бағындырған халықтардың мәдени
жетістіктерін қоса отырып дамытты.
В) Ұлы Жібек жолының ашылуына байланысты Қытайлықтардың өнер мектебі
жұмыс істеді.
8. Кушандықтардың садағын Еуропаға таратқан халық:
А) Қытай
Б) Сармат
В) Ғұн.
9. Төмендегі аталғандардың Кушан мемлекетінің гүлденіп әлемдік мәдениетке енуіне
ықпал етті?
А) Ұлы Жібек жолының Кушан жері арқылы өтуі.
Б) Сасанилер мемлекетімен болған ұзақ жылдарғы соғыс.
В) Үндістанды бағындыру.
10. «Қанышке патшалық еткен кезде оның даңқы көрші мемлекеттерге таралды және оның
әскери құдіретін барлығы таныды. Қытайдың батысындағы алым-салық төлейтін
бекзадалар Қанышкенің билігін мойындап, оған өздерінің аманаттарын жіберетін» деп
жазды: А) Гередот
Б) Белгісіз жылнамашы
В) Қытай тарихшысы.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 16. Парфия патшалығы.
№18 тест.
1. Б.з.б қай ғасырда Бактрияның батыс жағында Парфия мемлекеті пайда болды?
А) Б.з.б III ғасырда
Б) Б.з.б II ғасырда
В) Б.з.б I ғасырда
2. Парфияда диздерді басқарушыларды дизпат деп атаған. Диз атауының қазіргі сипаты:
А) Аудан
Б) Облыс
В) Ауыл.
3. Парфия патшасы Тиридат кімдердің арқасында Селевкілерге қарсы тұрып, олардың
шабуылын тойтарып, патшалығын сақтап қалды?
А)Парсы патшалығы
Б) Солтүстіктегі көшпелі тайпалар
В) Сатраптардың арқасында.
4. Оның басы соғыс олжасы ретінде Парфия патшасына жіберілді: Кімнің?
А) Кир
Б) Красс
В)Тиридат
5. Римдік әскербасы Красс б.з.б 55 жылы Сирия жеріне не мақсатпен келді?
А) Көшпелі сақтардың шабуылынан Арфия патшалығын қорғау үшін
Б) Парфия билеушісімен Қытайға қарсы әскери одақ құру үшін.
В) Парфия жерін Римге тәуелді ету.
6. Парфия мемлекетін билеушілер: А) Ахемен ұрпақтар
Б) Арсақ ұрпақтары
В) Қанышке ұрпақтары.
7. Римді жеңген Парфия әскерінің қолбасшысы:
А) Сурен
Б) Спаретр
В) Аморга
8. Б.з.б 53 жылы Рим әскері мен Парфия әскерінің арасындағы шайқас:
А) Рим әскерінің 40 мыңдық Парфия әскерін толық талқандауымен аяқталды.
Б) Парфия әскерінің 10 мыңы ғана қалып, бірақ Рим әскерін жеңуімен аяқталды.
В) Римнің 30 мың әскерінің өліп, Красстың қаза табуымен аяқталды.
9. Парфия патшаларының өте бай болу себебі:
А) Солтүстігіндегі көшпелі тайпаларға шабуыл жасап тонап отырды.
Б) Көшпелілер мол алым-салық төлеп тұрды.
В) Елді басып өтетін сауда керуендеріне алым-салық төлеттірді.
10. Парфия патшалығының тарихтағы зор маңызды орны:
А) Ауыр сауытты атты әскер құрды.
Б) Керуендерден алым-салықты мол алып, әлемдік бағаның көтерілуіне жағдай жасады.
В) Рим әскерінің шығысқа шабуылын тойтарды.
сынып. Еж.дүние тарихы. 3-тарау.
Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер
(қорытынды тест) №19 тест
«Қолбасшы ретінде мен-өте тамаша қолбасшымын... Менің қолдарым мен аяқтарымда
талмайтын қуат бар. Атты әскер ретінде мен тамаша жауынгермін. Садақ атушы ретінде
мен-жаяу және ат үстінде де тамаша садақшымын. Найза шаншығыш ретінде мен жаяу
да, ат үстінде де тамаша найзагермін. Бұлар Ахурамазда сыйлаған қабілеттер»
Ахурамазда бұл қабілеттерді кімге сыйлаған?
А) Парфия әскербасшысы Суренге
Б) Парсы билеушісі I Дарийге
В) А.Македонскийге.
2. Тулары биік көтерілген ел: А) Парфия
Б) Бактрия
В) Кушан патшалығы.
3. Бұл елдің мәдениеті туралы айтқанда қос дөңгелекті арбадағы садақ тартып келе жатқан
жауынгердің суреттері мен қанатты алып бұқаның салтанатты мүсіні келеді.
А) Парфия Б) Ассирия В) Хетт патшалығы.
4. Ол жабайы аңдар мен жыртқыштардың қамхоршысы. Бейбіт өмір сүріп, еркін еңбекпен
айналысушы аадамдарға жамандық жасап, қиындық тудырушы. А) Ахурамазда
Б) Анхра Манью
В) Яхве.
5. Ол егер патша өлсе, оның орнына үлкен баласы, ол болмаса екінші ұлы отырсын. Ал ер
баласы болмаса, ең үлкен күйеу баласы тақты иемденуге хақылы деп жарлық шығарып,
мұрагерлік жолмен патшалық етуді енгізді.
А) Хетт патшасы Телепин.
Б) Кирдің ұлы Камбиз
В) Урук қаласының билеушісі Элам.
6. Израйлдықтар мен иудейлерді мәңгі ажыратқан патша:
А) Сүлеймен
Б) Дәуіт
В) Ровоам.
7. Бұл көшпелілер құрған ірі мемлекеттің бірі болды және Орта Азияның ғана емес, Оңтүстік,
Тіптен Батыс Азияның саяси-әлеуметтік қатынастарының дамуында үлкен роль атқады.
А) Кушан мемлекеті
Б) Сасанилер мемлекеті
В) Сақтар.
8. Хетт патшалығындағы жер өлшемі: А) Гектар
Б) Гиппесар
В) Миль
9. «Патша жолы» қай патшалықта болды?
А) Вавилон
Б) Парсы
В) Бактрия
10. Урарту елі қазіргі қай елдің жерінде өмір сүрді?
А) Тәжікстан
Б) Ауғанстан
В) Армения
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 17. Ежелгі Үндістан.
№20 тест.
1. Үндістандағы алғышқы қалалар мен елді мекендер пайда болған кезең:
А) Б.з.б II мыңжылдықтың басы
Б) Б.з.б I мыңжылдық аяғы
В) Б.з.б III мыңжылдық ортасы
2. Үнді және Ганг өзендерінің бойындағы шаруашылық түрі:
А) Егіншілік
Б) Суармалы егіншілік
В) Мал шаруашылығы.
3. Ежелгі Үнділіктер «сакхари» деп нені атаған?
А) Егістік алқаптарды
Б) Қант құрағын
В) Шөлді аймақтарды.
4. Ежелгі Үндістанда кең көлемде айырбастың (сауданың) болғанын не дәлелдейді?
А) Қазба жұмысы кезінде алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайыдан жасалған
заттардың табылуы.
Б) Қоныстардан үй жануарларының , пілдің, мүйізтұмсықтың сүйектерінің көптеп
табылуы.
В) Қалаларда суландыру жүйелерінің болуы.
5 . Үндістанда Б.з.б I мыңжылдықтың басында шаруашылықтың дамуына әсер еткен зат:
А) Темірді пайдаланудың басталуы.
Б) Үндістанға арий көшпелілерінің басып кіруі.
В) Алғашқы қауымдық құрылыстың орнауы.
6. Үнділіктер тайпа көсемдерін қалай атады? А) Қала басшысы
Б) Патеси.
В) Раджа.
7. Үндістан тарихында үлкен роль атқарған билеушілер әулеті.
А) Магадха әулеті
Б) Маурия әулеті.
В) Брахман әулеті.
8. Бір орталыққа бағынған Үнді мемлекетін құрған билеуші:
А) Чандрагупта.
Б) Магадха.
В) Ашок.
9. Брахма құдайдың жамбасынан жаратылған топ: А) Брахман
Б) Кшатрий.
В) Вайши.
Г) Шудра.
10. Адамдарды өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті топқа айналдыру қалай аталады?
А) Мүліктік айырмашылық.
Б) Кастаға бөлу.
В) Қоғамда алатын орны бойынша топталу.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 18. Ежелгі Үнді мәдениеті.
№21 тест.
1. Бұл дастанда Үндістанның Ганг өзені бойындағы алғашқы мемлекеттердің құрылуы
туралы баяндалады.
А) Рамаяна
Б) Махабхарата.
В) Паталипутра.
2. «Олар осылайша көп күн жүрді, көп өзендерден өтті, көптеген жат ауылдарды көрді,
орманнан көптеген аңдар атты». Бұл кімдер туралы айтылып тұр?
А) Дашарата мен Рама.
Б) Рама мен Хануман.
В) Рама мен Сита.
3. Үнділіктердегі бүкіл адамзаттың арғы атасы: А) Хануман
Б) Адам
В) Ману.
4. Бұл күні үнділіктер бамбуктен, сабаннан, түрлі-түсті қағаздан тұлып жасап, оны өртей
отырып, асыр салып билейді. Бұл қай күн?
А) Раманың құбыжықтар патшасы Равананы жеңген күн.
Б) Ситаны құтқарған Хануманды мадақтау күні.
В) Чандрагуптаның Магадха астанасын басып алған күн.
5. Бұл шығармада варналық заң жүзінде бекітілген: А) Будда туралы аңыз.
Б) Ману заңдары
В) «Махабхарата» дастаны.
6. Оның тұсында буддизм мемлекеттік дәрежеге ие болды:
А) Сиддхардһа.
Б) Ашок
В) Нирвана.
7. Үнділіктер бір жылдағы күнді есептегенде неше күнге қателесті?
А) 5 күнге
Б) 30 күнге
В) 7 күнге.
8. Қашан үнді оқымыстылары жердің шар тәріздес екенін білді?
А) Б.з.б V-VI ғасырларда.
Б) Б.з XV ғасырда.
В) Б.з.б III ғасырда.
9. Математикадағы Үнді жаңалығы: А) Көбейтуді қолдануы.
Б) Нольді пайдалануы
В) Жылдамдықты есептей білуі.
10. Төмендегі суреттердің қайсысы үнділік есптеуге қатысы бар?
А) 1 Б) 2 В) 3
1
2
3
Достарыңызбен бөлісу: |