6-сынып. Еж.дүние тарихы. § 1. Шумер және Аккад
№1 тест.
1. Ежелгі Қосөзенде мал шаруашылығының ерте дамуына мүмкіндік берді:
А) Қолайлы ауа-райы.
Б) шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болуы.
В) Жауаптардың барлығы дұрыс.
2. Ең алғашқы Қосөзен тұрғындарының өмір сүру кәсібі:
А) Аңшылық пен балық аулау.
Б) Егіншілік пен қолөнер
В) Қолөнер мен егіншілік.
3. Ежелгі қосөзенде үйлер көбінесе қамыстан тұрғызылып, сырты балшықпен сыланды.
Себебі: А) кірпіш жасайтын балшық аз болды.
Б) Тас пен ағаштан үй тұрғызуды білмеді.
В) Тас пен ағаш жетіспеді.
4. Төмендегі жауаптардың қайсысы қате?
А) Қосөзен бойын алғаш мекендегендер шумер мен аккад халықтары болды.
Б) Шумерліктер Қоөзенге оңтүстік-батыс өлкелерден келіп қоныстанан.
В) Шумер мен аккад халқы адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірін негіздеді.
5. Қосөзен қалаларының қайсысында б.з.б III мыңжылдықта метал өңдеу жақсы дамыды?
А) Лагаш Б) Вавилон В) Урук Г) Ур
6. Қосөзен жері кімнің патшалығы тұсында өзара қырқысу соғыстарын тоқтатып,
бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алып, бір орталыққа бірікті?
А) Нарамсин. Б) Шаруккин В) Шульги Г) Хаммурапи.
7. Шумер-Аккад патшалығында сауда мен егіншіліктің дамуына мүмкіндік берді:
А) Шығыстағы Элам жерінің билеушісімен келісім-шарт жасауы
Б) «Тау аждаһаларының» Аккад мемлекетін басып алуы.
В) Шумер-Аккад жерінің бір орталыққа бірігуі.
Г) Шульги патшаның Сирияны бағындырып, Кіші Азияның шығыс бөлігіне басып алуы.
8. Төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс?
А) Б.з.б 2200 жылдар шамасында «тау аждаһалары» Аккад мемлекетін басып алды.
Б) Б.з.б. 2109 жылы Ур қаласының билеушілері де гутейліктерге бағынды.
В) Гутейліктер басқыншылығынан кейін Қосөзен жері ұсақ мемлекеттерге ыдырап кетті.
9. Ежелгі қосөзенде «әлемнің төрт құбыласының билеушісі» деп аталған патша.
А) Шульги б) Саргон В) Нарамсин Г) Хаммурапи.
10. Б.з.б XXI ғасырда Шумер-Аккад мемлекетінде болған ірі оқиға:
А) Шульги патшаның шығыстағы таулы өлке тайпаларына 9-рет жорық жасауы.
Б) Гутейліктердің басқыншылық шабуылы
В) Батыстан көшпелі тайпалар мен шығыстағы Эламдықтардың басқыншылығы.
11. «Күміс таулар» қай жерде? А) Сирияда Б) Ассирияда В) Эламда Г) Тигр бойында
12. Шумерліктер «тау аждаһалары» деп кідерді атаған?
А) Элам б) Сириялықтарды В) Ассириялықтарды Г) Гутейліктерді
13. Урдың III әулеті тұсында патесилер қалай атала бастады?
А) Патша Б) аймақтық әкім В) жауынгер Г) ақсақал
14. Қауымдық бірігу қандай елді мекендерді қалыптастырды?
А) Қала Б) мемлекет В) ауыл Г) патшалық
15. Төмендегі карталардың қайсысы Қосөзен бойын көрсетеді. А) А Б) Б В) В
А Б В
Достарыңызбен бөлісу: |