6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 19. Ежелгі Қытай.
№22 тест.
Қытай жеріндегі екі үлкен өзен: А) Ефрат пен Тигр
Б) Үнді мен Ганг
В) Хуанхе мен Янцзы.
2. Б.з.б II мыңжылдықтың ортасындағы Шань-Инь мемлекетінің негізін салушы:
А) Шан Ян
Б) Чэн Тан
В) Ин Чжен.
3. Қытайда бір орталыққа бағынған мемлекетті құруды жүзеге асырушы:
А) Ин Чжень
Б) Цинь Ши Хуанди.
В) Барлық жауап дұрыс.
4. Әлемдегі ең алғашқы және ең үлкен, соңғы қорған: А) Ұлы Қытай қорғаны.
Б) Чжоу мемлекетінің қорғаны.
В) Ұлы Жібек қорғаны.
5. Ежелгі Қытайдағы басты шаруашылық саласы:
А) Ауыл шаруашылығы.
Б) Шыны жасау кәсіпшілігі.
В) Оқ дәрі жасау өндірісі.
6. Қытайда ауылшаруашылығы мен қолөнер ісінде темірді көптеп қолдану жүзеге асты:
А) Б.з.б VI-V ғ.
Б) Б.з.б VII-VI ғ.
В) Б.з.б III ғ.
7. У Ди билеушінің батыс елдерін барлап келу үшін жіберген елшісі Ферғана, Хорезм,
Бактрия елдеріне жетіп, Парфия мен Үндістан туралы құнды мәліметтер алып,
13 жылдан кейін оралды. Ол Қытайдан тура жүріп Орта Азияға баратын жаңа жолды ашты.
Ол кім? А) Бань Чао
Б) Чжан Цзянь
В) Фан Чун.
8. «Қызыл қастылар көтерілісінің» мақсаты:
А) Басқыншылық соғыстар үшін қажетті алым-салықты азайту.
Б) Жерді және құлды сатуға тиым салу.
В) Барлық жауап дұрыс.
9. Төмендегі айтылғандардың Қытайға қатысы жоқ?
А) Сары орамалдылар адамдар арасында теңдік орнатуды мақсат етті.
Б) Б.з I ғасырының соңындығы Қытай билеушілерінің басқыншылық соғыстарының
мақсаты сауда жолдарына ие болу еді.
В) Кошала елінде өздерін күннің немерелеріміз деп есептейтін тайпа мекендеді.
10. Цинь әулеті билеушілерінің жерді сатуға және сатып алуға рұқсат беруі:
А) Ұсақ жер иеліктерінің көбейуіне әкелді.
Б) Ірі жер шаруашылығын дамытуға жол ашты.
В) Б.з 18 жылы Шандунь аймағындағы көтерілісті тудырды.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 20. Ежелгі Қытай мәдениеті.
№23 тест.
1. Ежелгі қытайлықтардың ағаш тақтайшалардан жібек матаға жаза бастаған кезең:
А) Б.з.б I мыңжылдықтың ортасында.
Б) Б.з.б II ғасыр.
В) Б.з.б I мыңжылдықтың бірінші жартысы.
2. Қытайлықтарша ең алғашқы адам: А) Адам Ата
Б) Паньгу
В) Кун-Цю.
3. Кун-фуцзының айтуынша қызғанышпен бірге өмір сүре алмайтын адам бойындағы
қасиет: А) Ақыл
Б) жалқаулық
В) қуаныш.
4. «Тарихи жазбалар» кітабының авторы: А) Гередот
Б) Кун-фуцзы
В) Сыма Цянь
5. Сыма Цянь енгізген жылнамалар жазу тәсіліне енгізілген жаңалық:
А) Аңыз әңгімелерден шындық іздеу
Б) Көрші халықтардың тарихын баяндау.
В) Көрнекті, атақты адамдардың өмірбаяндық тарихын қоса баяндау.
6. Қытайлық ғалымдар жасаған дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік
беретін құрал: А) Кадескоп
Б) Компас
В) жібек мата.
7. Алғашқы шай есептелді: А) сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі.
Б) Көңіл-күйіңді жайландыратын сусын.
В) Жібек құртын керекті жем-шөп.
8. Қытайлықтар алғаш ойлап тапқан жер сілкінісін алдын ала болжайтын аспап:
А) Жұлдыздар картасы.
Б) Құбыланама
В) Сейсмограф.
9. Қытайлық жұлдызнамашылардың бір жылдағы тәуліктің есебін есептеп шығуы қай елдің
жұлдызнамашылардың есебіне сәйкес келеді?
А) Үндістан
Б) Египет
В) Вавилон
10. Қытайлық аңыз бойынша меруерттер мен асыл тастар қайдан пайда болған?
А) Паньгудың денесінен шыққан терден
Б) Паньгудың миынан.
В) Паньгудың демінен.
сынып. Еж.дүние тарихы. IV-тарау.
Ежелгі оңтүстік және Шығыс Азия
(қорытынды тест) №24 тест
1. Ежелгі саяси мемлекеттің құрылыстың дамуы бойынша алғашқы саты:
А) Шағын мемлекеттердің (қала мемлекеттердің) пайда болуы.
Б) Шағын мемлекеттер арасындағы үстемдік үшін күрес.
В) Бір орталыққа бағынған мемлекеттердің құрылуы.
2. Сыры толық ашылмаған 400 дей иероглифтік таңбадан құралған жазу қай елдікі?
А) Қытай
Б) Үндістан
В) Парсы.
3. Цинь мемлекеті мен Магадха мемлекетінің қайсысы бұрын пайда болды?
А) Цинь мемлекеті (б.з.б IV ғасырда)
Б) Магадха мемлекеті (б.з.б VI ғасырда)
В) Цинь мемлекеті (б.з.б VI ғасырда)
4. Төмендегі аталғандардың қайсысы дұрыс емес?
А) Шань-Инь мемлекетінің негізін салушы Чэн Танның билігі тайпа одағы көсемінің
басқару жүйесіне ұқсас болды.
Б) Б.з.б II мыңжылдықта Үндістанға оңтүстігінен алтын, солтүстік көрші аймақтардан
күміс пен мыс жеткізіліп тұрды.
В) Қытайдағы «қызыл қастылар көтерілісі» 20 жылға созылды және елді бір
орталыққа біріктіруде үлкен роль атқарды.
5. «Қайғы-қасірет өмір сүреді, ол-бірінші шындық. Қайғы -қасіреттің себебі бар, ол екінші
шындық. Қайғы-қасіретті жоюға болады. Бұл да шындық. Қайғы-қасіретті жоюдың жолы
бар. Бұл- төртінші шындық. » Бұл кімнің ілімі?
А) Будда
Б) Кун-фуцзы
В) Ману.
6. Қытай тарихының атасы: А) Кун-фуцзы
Б) Чжан-Цзянь
В)Сыма-Цянь.
7. Готаманың игілікті сегіздік жолы:
А) Дұрыс ұйқы Б) Жоғары білім В) Дұрыс көзқарас
Дұрыс көзқарас. Мол байлық Дұрыс ниет
Жақсы әйел Дұрыс билік Дұрыс сөз
Дұрыс ой Жақсы тамақ Дұрыс әрекет
Жақсы білім Қалағаныңды орындау Дұрыс өмір салты
Дұрыс тамақ Жақсы үй Дұрыс тырысу
Жақсы үй Таза ауа Дұрыс ес
Өз қалауың бойынша Қанағат Дұрыс жинақтау
қызмет.
8. Жалқауға бақыт әкелмейтін қасиет: А) Еңбекқорлық
Б) Ақыл
В) Ержүректік
9. Шығыс елдері мәдениетінің адамзат дамуындығы маңызы:
А) Ғылыми білімнің барлық салалары бойынша ірі бастамалар жасады.
Б) Өнердің барлық салаларының негізін қалыптастырды.
В) Барлық жауап дұрыс
10. Қытайлықтардың соғыс ісіндегі үлкен жаңалығы:
А) Қағазды ойлап табу
Б) Компасты ойлап табу
В) Оқ дәріні ойлап табу
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 21.Грекияда таптық қоғамдар мен мемлекеттердің қалыптасуы .
№25 тест.
1. Сылақ кеппей тұрып, қабырғаға салынған әшекейленген сурет.
А) Акрополь
Б) Фреска
В) Агора.
2. Грекияда Крит-Ахей өркениетін жойған «ұлы апат»:
А) Б.з.б 1200 жылғы гректердің басқыншылығы.
Б) Б.з.б XV ғасырда Фера вулканының атқылауы.
В) Б.з.б II мыңжылдықта дориліктердің басып кіруі.
3. «Арыстандар қақпасы» қай қаладан табылды? А) Афины
Б) Тиринф
В) Микены
4. Грекияның темірді игере бастаған кезеңі: А) Б.з.б XV ғасырда
Б) Б.з.б XI ғасырда
В) Б.з.б XII ғасырда.
5. Спартадағы өкімет билігі кімнің қолында болды? А) Патша биледі.
Б) Ақсүйектер кеңесі басқарды.
В) Халық жиналысы.
6. «Қарыз тасы» деген не?
А) Ақсақалдар кеңесінің мүшелерін сайлау үшін пайдаланылады.
Б) Илоттардың басы байлы бағынышты екенін білдіретін тас.
В) Қарыз алғаны үшін егіншінің жеріне қойылатын тас.
7. Ежелгі Грекиядағы шаруашылықтың түрлері:
А) Егіншілік пен мал шаруашылығы.
Б) Балық аулау мен егіншілік.
В) Жүзім егу.
8. Ежелгі Грекиядағы ең әдемі және ең әсем қала: А) Афины
Б) Коринф
В) Милет
9. Афины мен Спартаның билік басындағылары кім мүддесіне сай билік жүргізді?
А) Шаруалар мен Илоттардың жағдайын ойлады.
Б) Ақсүйектердің жағдайын жасады.
В) Болашақ жастардың мүддесін көздеді.
10. Бұл ағаштың жемісі гректер үшін маңызды болды: А) Жүзім
Б) Зәйтүн
В) Құрма.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 22.Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы.
№26 тест.
1. Ежелгі Афиныда демостарға саналды: А) Бай-шонжарлар мен жауынгерлер.
Б) Егіншілер, қолөнершілер, құлдар, илоттар.
В) Саудагерлер, қолөнершілер, егіншілер.
2. Афиныда демократияның (халық билігі) негізін салушы:
А) Солон
Б) Архонт
В) Клисфен.
3. Солон реформасынан кейінгі Афиныдағы ең жоғарғы мемлекеттік орган:
А) Бесжүздіктер кеңесі
Б) Халық жиналысы.
В) Халық соты.
4. Төмендегі айтылғандардың қайсысы Солон рефомасының нәтижесін көрсетеді?
А) Аттиканың ер азаматтары мен әйелдерінің Афины мемлекетінің азамат деп есептелуі.
Б) Басқа грек қалаларынан қоныс аударушы ерлер мен аттиканың ер азаматтары
Афины мемлекетінің азаматы деп есептелді.
В) Қарыз тастары ақсүйектердің жеріне қойылатын болды.
5. Афиныда бұл кезде кез келген азамат байлығы мен даңқына қарамай сот болып сайлана
алатын болды: А) Б.з.б V ғасыр.
Б) Б.з.б 431 жыл.
В) Б.з.б 338 жыл.
6. Афинының бүкіл Жерорта теңізіне үстемдік етіп, «теңіз қожасы» аталған кез:
А) Б.з.б V ғасыр.
Б) Б.з.б IV ғасыр.
В) Б.з.б III ғасыр.
7. Афины мен Спарта арасындағы б.з.б 431 жылы басталған соғыс:
А) 100 жылға созылды.
Б) 50 жылға созылды
В) 30 жылға созылды.
8. Кімнің кезінде Афины қаласы әдімілігі жағынан Грекияның басқа қалаларынан асып
түсті? А) Демосфен
Б) Перикл
В) Клисфен.
9. Гректердің толық Македония халқына бағынышты болған шайқас:
А) Марафон шайқасы
Б) Херонея шайқасы
В) Фермопиль шайқасы.
10. Төмендегі айтылғандардың қайсысы ежелгі Грекия тарихына қатысы жоқ?
А) Македондықтардың басқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күресті Демосфен
басқарды.
Б) Халық жиналысында барлық мәселелер көпшілік дауыспен шешіліп, қабылданды.
В) Ол 20 жасында ел аралау үшін саяхатқа аттанды. Әкесі қайтыс болған соң сарай
тарихшысы болды. Ол өз елінің тарихын жазды.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 23.Ежелгі грек өнері.
№27 тест.
Бұл мереке шілде айының аяғы мен тамыздың басында тойланып, алты күнге созылды.
Мереке түн ішінде қолға шамшырақ ұстап, салтанатты жүгіруден басталды. Бұл
гректердің қандай мерекесі: А) Олимпиада ойындары
Б) Ынтымақ мерекесі
В) Дионис мейрамы.
2. Олимпиадалық ойындар қай құдайдың құрметіне араналып өткізіліп тұрды?
А) Дионис
Б) Деметра.
В) Зевс.
3. Тұңғыш олимпиада ойындары қашан өткізілді? А) Б.з.б 776 жылы
Б) Б.з.б VII ғасырда
В) Барлық жауап дұрыс.
4. Бұл құдайдың құрметіне арналған мерекеде гректер ешкі терісін жамылып, әр-түрлі
маскалар киіп, комедиялық көріністерді бейнелеген. Осының негізінде театр пайда болды.
А) Даналық пен жеңістің құдайы Афродита
Б) Жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің құдайы Дионис.
В) Өнім мен өсімдік құдайы Дионис.
5. 70- ке жуық трагедиялық шығарма жазған афинылық жазушы:
А) Эсхил
Б) Прометей
В) Софокл
Г) Аристофан
6. Грекиядағы ең үлкен діни құрылыс: А) Агора
Б) Храм
В) Театр.
7. Сымбатты, әдемі өрнекпен әшекейленген сәнді бағаналармен соғылған сәулет стилі.
А) Коринфтік
Б) Иониилік
В) Дориилік
8. Әлемнің жеті кереметінің бірі Зевс мүсінінің авторы: А) Фидии
Б) Мирон
В) Ника.
9. Әйел құдай Афины құрметіне тұрғызылған тұрғызылған Парфенон храмы қандай
стильмен соғылған? А) Коринфтік
Б) Иониилік
В) Дориилік.
10. Ежелгі гректердің театрындағы актерлер киім ауыстыратын шағын шатыр:
А) Орхестра
Б) Скене
В) Көрерменге арналған орын.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 24.Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері.
№28 тест.
1. Ежелгі грек мектебіндегі қалам: А) Стиль
Б) Карандаш
В) диплом
2. Грек халқының мақтаныш сезімімен жатқа білетін әдеби шығармасы:
А) Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмасы.
Б) Гередоттың «тарих» кітабы.
В) Аристотельдің «саясат» атты еңбегі.
3. Ол 300 ге жуық шығарма жазған. Ежелгі атом ілімінің алғашқы өкілі:
А) Аристотель
Б) Сократ
В) Демокрит
4. Ол философия ,тарих, математика, жаратылыстану және т.б ғылыми білімдерді жеке-жеке
салаларға бөлді. Бұл дүниежүзілік ғылымның дамуындағы үлкен қадам болды. Ол кім?
А) Гиппократ (б.з.б 460-370 ж.)
Б) Демокрит (б.з.б 460-370 ж.)
В) Аристотель (б.з.б 384-322 ж)
5. Оның теориясы бойынша бүкіл табиғат тіршілік күйін кешіп. Өзгеріп отырады, тек сан
ғана мәңгі өзгермейді: А) Пифагор
Б) Эипедокл
В) Гесиод.
6. Ол жерге түскен көлеңкеге қарап, Египет пирамидаларының биіктігін өлшей білді:
А) Пифагор
Б) Фалес
В) Гомер.
7. Грекия: А) Театр отаны
Б) Олимпиадалық ойындардың отаны.
В) Барлық жауап дұрыс.
8. Ежелгі гректерде ұл балалар 12 жасынан бастап гимнастикамен, жүгірумен, күреспен,
секірумен, диск және найза лақтырумен шұғыладанатын:
А) Гинасияларға барды.
Б) Лицей мектептерге барды
В) Палестра мектептеріне барды.
9. Гиппократ адам ағзасындағы өзгерістерге не әсер етеді деп дәлелдеді?
А) Органикалық тіршіліктің тізбектеліп отыратындағы
Б) Табиғат пен климат әсері.
В) Адамның маймылдан жаратылуы.
10. Гомердің музыкалық аспабы: А) Арфа
Б) кифара
В) Скрипка.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 25.Ежелгі Македония.
№29 тест.
1. Македония халықының негізгі көпшілігі:
А) Тәуелді малшылар мен құлдардан тұрды.
Б) Ерікті және тәуелді малшылар мен егіншілер болды.
В) Ерікті малшылар мен басыбайлы шаруалар.
2. Македон халқының негізгі шаруашылығы: А) Егіншілік
Б) мал шаруашылығы
В) Қолөнер мен егіншілік.
3. Ежелгі дүниедегі аса ірі қолбасшы және мемлекет қайраткері А.Македонскийдің
өмір сүрген уақыты: А) б.з.б 356-323 ж.
Б) б.з.б 382-336 ж.
В) б.з.б 384-322 ж.
4. Мұрагерлік жолмен бірілетін мемлекеттік басқару:
А) Аристократия
Б) Демократия.
В) Монархия.
5. А. Македонскийдің ұстазы: А) Аристотель
Б) Гередот
В) Эсхил.
6. А.Македонскийге кіші Азияның ішкі бөлігіне кіруге мүмкіндік берген шайқас:
А) Исса қаласының түбіндегі шайқас.
Б) Гавгамелы түбіндегі шайқас.
В) Граник түбіндегі шайқас.
7. А.Македонскийге соғыссыз бағынған ел: А) Парсы патшалығы
Б) Египет
В) Грекия.
8. Аталған әлемнің жеті кереметтерінің қайсысына А.Македонскийдің қатысы бар?
А) Родос алыбы
Б) Александрия маягі
В) Зевс мүсіні.
9. Б.з.б 325 жылы Александр Қосөзенге келіп:
А) б.з.б 326 жылы «Азияның патшасы» деп жарияланды.
Б) Үндістанды жаулауға аттанды.
В) Вавилон қаласын астана деп жариялады.
10. Александрдың жауынгерлік тұлпары: А) Сострат
Б) Буцефал
В) Гелиострат.
сынып. Еж.дүние тарихы. V-тарау.
Ежелгі Грекия
(қорытынды тест) №30 тест
1.Оны әйел құдай Артемида адамдарды жазалауға жібереді. Ол егістік алқаптарды
құртады. Оның мүйізі алтын, төрт аяғы мыс еді... Әңгіме не туралы?
А) Гераклдың 12 ерлігі Гесперида алмасы туралы
Б) Гераклдың 4 ерлігі Кериней бұғысы туралы
В) Александр үйреткен Буцефал тұлпар туралы.
2. Афиныдағы акропольдің етегіндегі театрға:
А) 17 мың адам сыйған.
Б) 50 мың адам сыйған.
В) 100 мың адам сыйған.
3. Гректерде діни-нанымдар: А) Б.з.б XI-IX ғғ пайда болған.
Б) Б.з.б V-IV ғғ пайда болған.
В) Б.з.б XII -XIII ғғ. пайда болған.
4. Аталғандардың қайсысы грекеия тарихына қатысы жоқ.
А) Б.з.б XII ғасырлардағы Балкан түбегінің оңтүстігіне солтүстіктен келген
дорииліктердің шапқыншылығы алғашқы шағын мемлекеттерді жойып жіберді.
Б) Пелепонес аймағында құрылған ахейлік шағын қала мемлекеттердің ішінде
Микены ең ірі, әрі ең қуаттысы болды.
В) Бұл елдің иероглифтік жазулары бүгінге дейін сақталған.
5. Б.з.б II мыңжылдықта Оңтүстік Грекияға басып кірген дорииліктер қайда қоныстанды?
А) Аттикаға
Б) Пелепоннеске.
В) Саламин аралдарына.
6. Дорииліктер жаулап алған Лаконика мен Мессенияның жергілікті халықтарын
қалай атады? А) илоттар
Б) демостар
В) олигархтар.
7. Төмендегі айтылғандардың қайсысы дұрыс емес?
А) Бақталастықтың нәтижесінде Грекия жерінде Афины және Пелепоннес әскери одағы
құрылды.
Б) Халық жиналысы б.з.б 443 жылдан бастап Периклді 15 жылға ең жоғарғы қызмет,
бірінші стратег қызметіне сайлады.
В) Пелепоннес соғысының нәтижесінде теңіз одағы құрылды.
8. Грекияда олимпиадалық ойындарға кімдер қатыса алды?
А) Аристократтар
Б) Ерікті ер азаматтар.
В) Ерікті ер және әйелдер.
9. Табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз
әңгімелер: А) Аңыз
Б) Дастан
В) Миф
Г) Скене
10. Ежелгі грекиядағы мектеп жасына дейінгі, тәлім-тәрбие:
А) Гимнасия
Б) Бірінші басқыш
В) Үшінші басқыш
Г) Палестра.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 26.Республика дәуіріндегі Рим.
№31 тест.
1. Ежелгі Рим мемлекетінің орнындағы қазіргі мемлекет: А) Италия.
Б) Испания.
В) Ватикан.
2. Белгілі бір мерзімге сайланған адамдар басқаратын мемлекет:
А) Монархия
Б) Центуриат
В) Республика.
3. Республика дәуіріндегі Рим: А) Б.з.б 753-509 ж.
Б) Б.з.б 509-27 ж.
В) Б.з.б 100-44 ж.
4. Бұл жиналысқа адамдардың мүліктік орнына шек қойылмай Римнің бүкіл азаматтары
қатысты. Сондықтан оның демократиялық жағы басым алды:
А) Курия
Б) Центуриат
В) Триба
5. Карфагендік талантты қолбасшы: А) Пирр
Б) Спартак
В) Ганнибал
6. Рим мемлекеті Батыс Жерорта теңізінің қожалығына ие болды:
А) 1 - Пуни соғысынан кейін
Б) 2 - Пуни соғысынан кейін
В) 3 -Пуни соғысынан кейін.
7. Бай плебейлердің патрицийлар руына қосылуына байланысты:
А) Салтаттылар
Б) нобилитет
В) Магистраттар.
пайда болды.
8. Төмендегі айтылғандардың қайсысы дұрыс емес:
А) Түрме мектептердің бірінде б.з.б 74 жылы гладиатор Спартак бастаған құлдар
көтерілісі басталды.
Б) Мемлекеттегі жауапты қызметтерге сайланған нобилдер армияны және
провинцияларды басқарды.
В) Диқандық ең таза және ардақты кәсіп болғандықтан мемлекетке ешқандай
міндеткерлік атқармады, тек салығын ғана төледі.
9. Б.з.б 216 жылдың тамызында болған Карфагендіктер мен Римдіктер арасындағы шайқас:
А) Карфагеннің толық жеңілуімен аяқталды.
Б) Ганнибал әскері Римнің 50 мың әскерін қырып салды.
В) Рим әскері Карфагенді қоршап алды.
10. Наместник бұл: А) Сенат қызметкерлері
Б) Жалдама адамдар арқылы өсімқорлықпен айналысатындар.
В) жергілікті хакімдер.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 27.Империя дәуіріндегі Рим.
№32 тест.
1.Диктатор Гай Юлий Цезарь қаза тапқаннан кейінгі оқиға:
А) Спартак көтерілісі аяусыз басып жанышталды.
Б) Елде азамат соғысы басталды.
В) Халық жиналыстары таратылды.
2. Алғашқы дара басқарушы император: А) Октавиан Август
Б) Диоклетиан
В) константин
3. Октавиан іргесін қалап, оның ізбасары болған императорлар жетілдіріп, нығайтқан
мемлекеттік басқару жүйесі:
А) Доминат
Б) Принципат.
В) Центуриат.
4. Бұл жүйе бойынша республикалық басқару жүйесі сақталды, бірақ билік бір адамның -
Императордың қолында болды: А) Доминат
Б) Принципат.
В) Центуриат.
5. Ежелгі Римдегі өндіріс құралдарының дамуын тежеп, ауылшаруашылығын дағдарысқа
тіреген жағдайды ата: А) Елдегі азамат соғысы.
Б) Римнің басқыншылық соғыстары.
В) Құл иеленушілік құрылыс.
6. Рим империясы Батыс және шығыс болып екіге бөлінген жыл:
А) б.з.б 337 ж.
Б) 337 ж
В) 339 ж
7. Б.з. I ғасырындағы Рим империясындағы өзгерістер:
А) Императорла құл иеленушілікті жойды.
Б) Римдіктерміз деп аталу үшін Рим қаласында тұру міндетті болмай қалды.
В) Жыл санау басталды.
8. Император Диоклетиан шет аймақтарды басқару үшін өзіне екі қосалқы әміршілер
тағайындады. Олар не деп аталды? А) Доминат
Б) Август
В) Цезарь
9. Ежелгі Римдегі құлдардың жұмыс уақыты:
А) 8-10 сағат
Б) 7-8 сағат
В) 17-18 сағат
10. Римдегі қолөнершілер затты неге көп өндірмеді?
А) Заттың қолмен жасалуы бұйымның бағасын көтеріп, сапасын нашарлатты.
Б) Халықтың сатып алуы нашар болғандықтан, затты көп өндіруді қажеті болмады.
В) Құлдардың еңбегі қолөнерде де қолданылғандықтан, қолөнерші олармен бәсекелесе
алмады.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 28.Ежелгі Римнің өнері.
№33 тест.
«Гректер геометрияны дүниені танып білу үшін оқыса, римдіктер жер бөліктерін
өлшеу үшін үйренді. » Бұл кімнің сөзі?
А) Цицерон Марк Туллий
Б) Гораций
В) Гай Юлий Цезарь.
2. Бұл поэмада ерлікті, адалдықты, жасы үлкендерге құрмет көрсетуді дәріптеді.
А) Жүзжылдық ойын
Б) Энейда
В) Вергилий.
3. Рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп аталған кезең:
А) б.з.б I ғасырдың соңы – б.з.I ғасырдың басы.
Б) б.з.б I ғасырдың басы – б.з.I ғасырдың басы.
В) б.з.б I ғасырдың соңы – б.з.I ғасырдың аяғы.
4. Рим тарихындағы Цицероннан кейінгі көрнекті шешен:
А) Цицерон Марк Туллий
Б) Гораций
В) Гай Юлий Цезарь.
5. Он екі таблица заңдарының шығуына әсер еткен жағдайды ата:
А) Құқық мәселесімен шұғылданудың ардақты іс деп аталуы.
Б) Патрицейлер мен плебейлер арасындағы күрес
В) Құлдар мен колондар көтерілісі.
6. Гректердің әйел құдай Афродитаны римдіктер қалай атады?
А) Эней
Б) Венера
В) Артемида.
7. Римдіктер білім беруде көп-көңіл бөлді:
А) Білімді өмірде қолдану жағына.
Б) Білімді жаттап алуға.
В) Табиғат құпияларын ашуға.
8. Августың тапсырмасына байланысты «жүз жылдық ойын» мерекесі кезінде үлкен хор
орындайтын салтанат әнұранының өлеңдерін жазған ақын:
А) Гомер
Б) Гораций
В) Вергилий
9. Қазіргі кезде мүмкіндігі барлар балалрын Англия, Америка т.б шетелдерге жіберіп
оқытуда. Ал ежелгі Римдіктер не істеген?
А) Балаларын Карфагенге жіберіп оқытқан.
Б) Балаларын Афины мен Родос аралдарындағы мектептерге жіберіп оқытқан.
В) Балаларын Францияға, Англияға жіберіп оқытқан.
10. Ежелгі Римдік мектептерде кімдер сабақ берді?
А) Тұтқынға түскен Галлдық оқымыстылар
Б) Еркіндік алған Испандық математиктер.
В) Құлдықтан босап, еркіндік алған гректер
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 29. Римнің мәдени өмірі.
№34 тест.
Ежелгі Римдегі базар алаңы: А) Амфитеатр
Б) Форум.
В) Ипподром.
2. Колизей амфитеатры Римнің сәулет өнерінің ірі табысы болды: Ол қашан салынды?
А) Б.з.б VI ғасырда
Б) Б.з.б III ғасырдан бастап
В) Б.з. I ғасырында
3. Римдегі барлық құдайлардың ғибадатханасы: А) Колизей
Б) Пантеон
В) терм.
4. Гладиаторлар шайқасы римдіктердің сүйікті ермегі болған. Ол қашаннан бастап
ұйымдастырылды? А) Б.з.б VI ғасырдан
Б) Б.з.б III ғасырдан бастап
В) Б.з. I ғасырында
5. «Сыпай мүсін» анықтамасына төмендегілердің қайсысы сәйкес келеді?
А) Жалаңаш бейнедегі мүсіндер
Б) Құдайлардың мүсінін соғу.
В) Билеушілердің ұлылығы мен адамгершілігін көрсететін мүсін.
6. Иисус Христос туралы аңыздар жазылған кітап:
А) Библия
Б) Таурат
В) Евангелие.
7. Император христиан діндарларына бас қосып, жиналуға және храмдар салуға рұқсат
берген жыл: А) Б.з.б 313 ж.
Б) Б.з. 313 ж.
В) Б.з. 475 ж.
8. Қазіргі уақытта пайдаланып жүрген календарымыз кімнің бұйрығымен жазылды?
А) Гай Юлий Цезарь
Б) Цицерион
В) Император феодосий.
9. Рим империясы кезіндегі ғылыми және қарым-қатынас тілі:
А) Грек
Б) иудей
В) латын
10. Ежелгі Рим мемлекеті қалыптасқан түбек:
А) Балкан
Б) Апенин
В) Корсика.
6 сынып. Еж.дүние тарихы. § 30. Батыс Рим империясының құлауы.
№35 тест.
Рим империясының өзінің даму шыңына шыққан кезең:
А) Б.з.б I-II ғасырлар.
Б) Б.з. I-II ғасырлар
В) Б.з.б II- V ғасырлар.
2. III ғасырда Рим империясын мүлдем әлсіреткен жағдай:
А) Императорлардың өзара қырқысы мен әскер арасындағы бүлік.
Б) Жиі-жиі болған құлдар мен қолөнершілердің көтерілісі.
В) Сауданың қысқарып, ақша айналысындағы құнды металдардың азаюы.
Г) Барлық жауап дұрыс.
3. Римдіктер кімнің тұсынан бастап императорларды құдайға теңеген?
А) Ромул
Б) Октавиан
В) Тарквиний
4. Готтардың қолбасшысы: А) Аттила
Б) Аларих
В) Аэций.
5. «Шөп неғұрлым жиі болса, соғұрлым оны шабу жеңіл болады» Бұл кімнің сөзі?
А) Аттила
Б) Аларих
В) Аэций
6. Батыс Рим империясы құлаған жыл: А) 476 ж
Б) 475 ж.
В) 455 ж.
7. Ежелгі «мәңгі қала»: А) Афины
Б) Рим
В) Константинополь
8. Ежелгі дүние тарихының соңы: А) 476 ж
Б) 475 ж.
В) 455 ж.
9. Соңғы Рим императоры: А) Ромул
Б) Тарквиний
В) Орест
10. Рим империясының орнындағы қазіргі мемлекет атауы:
А) Испания
Б) Германия
В) Италия
Достарыңызбен бөлісу: |