6-сынып Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл Құрметті мұғалім! Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы»



бет1/5
Дата24.01.2020
өлшемі1,04 Mb.
#56385
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6 сынып каз Тар БЖБ



«Қазақстан тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар
6-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл


Құрметті мұғалім!

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.



Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.


МАЗМҰНЫ




I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

«VI – IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 8

«X – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8

III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12

«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12

«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16

«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 28

«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 28

«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 32



I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«VI – IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Тақырып

Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Көне түркі жазуы




Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

6.2.3.1 Көне түркі жазуының тарихи маңызын



түсіндіру
Білім алушы

  • VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді

  • VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

  • Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма


  1. Төменде берілген мемлекеттердің дамуындағы ерекшеліктерді жазыңыз.



  1. Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазыңыз.


3. Деректен үзінді оқи отырып, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.
Күлтегін жырынан үзінді
Түркі халқы үшін

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Інім Күлтегінмен бірге,

Екі шадпен бірге,

Өліп-тіріліп ұлғайттым.

Біраз ұлғайтып,

Біріккен халықты от-су қылмадым.

Сөйтіп, Тәңірі жарылқады.

Бағым болғандықтан,

Сәті түскендіктен

Өлімші халықты тірілттім.

Жалаңаш халықты тонды,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым.

Төрт бұрыштағы халықты

Бәрін бейбіт қылдым,

Тату қылдым,

Бәрі маған бағынды.
Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлі қандай?




Көне түрік жырның тарихи маңызы неде?






Бағалау

критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді

1


Түрік қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады;

1


Түргеш қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады;

1

Қарлұқ қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады;

1


Қимақ қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады;

1

Оғыз мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазады;

1

VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

2

Оғыз мемлекетінің дамуындағы айырмашылықтарды жазады;

1

Қимақ мемлекетінің дамуындағы айырмашылықтарды жазады;

1

Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықты жазады;

1

Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды


3


Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін түсіндіреді;

1


Көне түркі жазуының тарихи маңызын дәлелдейді;

1


Жалпы балл

10



«VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийлері

Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді



Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазуда қиналады



Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазуда қателіктер жібереді

Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазады

VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазуда қиналады


Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазуда қателеседі


Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазады


Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды


Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттауды қиналады


Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттауда қателіктер жібереді



Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет