6_______ сынып оқушысы _______________________________
Қазақ тілі пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
1.Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап, мазмұндау барысында қолданыңыз. Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы ойыңызды дәлелдеңіз.
1-мәтін
Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы, Тегістік аулында дүниеге келген. Кішкентайынан қазақша күреспен айналысқан. 1975 жылы Алматыда өткен VI жазғы Халықтар Спартакиадасында балуанның жолы болып, қазақ даласының ең таңдаулы боз кілем шеберлерімен белдесіп, бірін қалдырмай жеңіп, Спартакиада чемпионы атанады. Бұл Үшкемпіровтің бірінші алтын медалі еді.
1980 жыл. Мәскеу. Әлемдік спорт тарихындағы елеулі оқиға - Олимпиада ойындары. Бұл ойынға қазақ спортшылары қатысып, Мәскеуге барады. Арасында Ж. Үшкемпіров те болды. Қазақ балуанының жеңіске жететініне тек оның жаттықтырушысы Вадим Алексанрович Писарев сенгенімен, қалғандары күмәнмен қарады. Олимпиаданың жеребе тастау рәсімінің қорытындысы бойынша, қазақ балуаны бірінші белдесуде әлемнің екі дүркін чемпионы Александрумен айқасатын болды. Үшкемпіров секілді чемпиондыққа үміткерлердің қатарында: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештер болған. Осы жарыста Ж.Үшкемпіров чемпион атанып, қазақ атын күллі әлемге асқақтатып қайтты.
https://massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/258/
Идеясы___________________________________________________________
Детальді ақпараттар 1.____________________________________________________________________2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
2-мәтін
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Жұбыңыздың мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі арқылы жұбыңыздың мәтінінің идеясын бірлесе отырып анықтап, көтерілген мәселені талдаңыз. Сөйлеу кезінде етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктерді қолданыңыз.
1.______________________________________________________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |