6-сынып Сабақ: 1 Мерзімі: Тақырыбы



бет8/11
Дата10.06.2017
өлшемі1,51 Mb.
#18573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дамытушылық: Кескін картаға поляр шеңберлері, тропик шеңберлерін түсіру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Кескін картада тропик және поляр шеңберлерін түсіру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: Ауа райы, күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі



  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

1) Жауын-шашынның қандай түрлері бар?



  1. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері?

  2. Жел деген не? Қандай жергілікті желдердің түрлерін білесіңдер?

  3. Ауа массалары деген не? Оның қандай типтері бар?

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:

1) Жауын-шашынның жаңбар, қар, бұршақ деген түрлері бар.

2) Жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Тынық мұхитындағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам)

3) Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруын жел деп атаймыз. Жергілікті желдердің бриз және муссон деген түрлері болады.

4) Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, қысымы біртекті болып келген ірі бөлігі ауа массалары деп аталады. Ауа массаларының негізгі 4 типі болады: 1) экваторлық, 2) тропиктік, 3) қоңыржай, 4) арктикалық ауа массалары. Экваторлықтан басқасы континенттік және теңіздік болып екіге бөлінеді.


3


Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жер беті неліктен әркелкі қызады? 2) Ауа температурасы мен қысымның арасында қандай байланыс бар? 3) Желдің пайда болу себептері неде?

Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1. Ауа райы. Ауа райының элементтері мен құбылыстары.

2. Ауа массалары.

3. Ауа райын болжау.

4. Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы. Жазғы күн тоқырау. Күзгі күн теңелуі. Қысқы күн тоқырауы. Көктемгі күн теңелуі.

5. Жылу белдеулері.
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.




Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Жер бетінің әркелкә қызуы ендікке, жер бедерінің әркелкә болуына байланысты. 2) Қысымның таралуы температураға байланысты болады. 3) Қысымның әркелкі таралуы желдің пайда болуына әсер етеді. Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауы бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды

1. Мыналарды анықтап жазып алады: Атмосфераның жер бетіне таяу қабаты – тропосфераның белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай-күйін ауа райы деп атайды. Ауа райының элементтері – атмосфералық қысым, температура, ылғалдылық, ауа райының құбылыстарыжауын-шашын, жел тұман, бұлт.

2. Мыналарды жазып алады: Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен біртектес ірі бөлігі ауа массалары деп аталады. Жер шарында негізгі 4 түрлі ауа массасы бар: 1) Экваторлық ауа массасы – экваторлық ыстық белдеуде қалыптасады. Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болады. 2) Тропиктік ауа (солтүстік және оңтүстік жартышарларда) – жылы және құрғақ ауа. 3) Қоңыржай ендіктің ауасы (екі жартышардың қоңыржай ендігінде қалыптасады) – тропиктік ауаға қарағанда салқын, бірақ ылғалды, ал арктикалық немесе антарктикалық ауаға қарағанда жылы және ылғалды. 4) Арктиткалық ауа

(оңтүстік жартышарда антарктикалық ауа) – биік ендіктерде пайда болатындықтан суық ауа. Экваторлық ауадан басқа негізгі ауа массалары континенттік және теңіздік болып екіге бһленеді.

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Гринвич уақыты – Гринвич меридианының уақыты. Ауа райы каталары – шартты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай-күйін көрсететін карталар. Ауа райын болжау картасы – алда температруаның күйі, желдің бағыты қандай болатынын, жаңбыр немесе қар жаууы, тұман түсу мүмкіндігі сияқты белгілерді көрсететін карта.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауларға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеорлогиялық стансалар бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Атмосфераның жай-күйі туралы деректер ауа райы кемелерінен, ұшақтардан, зымырандардан, автомат стансалардан, метеорологиялық Жер серіктерінен алынады.

4. Мыналарды анықтап еске сақтайды: 22 маусым – солтүстік жартышарда 23,5°с.е параллельден Күн тік түсіп күннің ең көп ұзаратын уақыты – жазғы күн тоқырауы деп аталыды. 66,5°ендіктен солтүстік полюске дейінгі полярлық аймақта тәулік бойы Күн батпайды ол – полярлық күн деп аталады. Ал оңтүстік жарты шарда керісінше 66,5°ендіктен оңтүстік полюске дейін Күн шықпайды – полярлық түн болады. 23 қыркүйекте тал түсте Күннің экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жарты шарға күннің жылуы мен жарығы тең бөлінетін құбылысты күзгі күннің теңелуі деп атайды. 22 желтоқсанда оңтүстік жарты шарда күннің ұзаруы, солтүстік жарты шарда қысқаруы тоқтайды, бұл – қысқы күн тоқырауы деп аталады. Полярлық күн мен полярлық түннің полюс жағынан таралуын шектейтін 66,5° ендік параллельді полярлық шеңбер деп атайды. 21 наурызда бүкіл планетада күн мен түн қайтадан теңеліп Күн тал түсте экваторда қақ төбедеден түсетін уақыт – көктемгі күн теңелу деп аталады.

Мыналарды анықтап жазып алады: полярлық күн мен полярлық түннің ұзақтығы поляр шеңберінде 1 тәуліктен полюстерде жарты жылға дейін созылады.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: қоңыржай белдеулерінде жылдың 4 мезгілі де айқын көрінеді.








5. Мыналарды анықтап жазып алады: Солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 23,5° ендіктегі параллельдер солтүстік және оңтүстік тропиктер деп аталады. 66,5° ендіктерден өтетін полярлық күн мен полярлық түн басталатын параллельдер солтүстік және оңтүстік поляр шеңберлері деп аталады. Жер шарында 5 жылу белдеуі бар – 1 ыстық – солтүстік және оңтүстік тропиктердің аралығы, 2 қоңыржай - тропиктерден поляр шеңберлеріне дейін солтүстік және оңтүстік қоңыржай белдеулері және 2 суық белдеу – әрбір жарты шардағы поляр шеңберіненполюстерге дейін с. және о. суық белдеулер орналасқан.

4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары:

1. Ауа массалары деген не?

2. Ауа массаларының қандай түрлері бар?

3. Қандай жылу белдеулері бар?

4. Полярлық шеңбер деген не?


Оқушылардың жауаптары:

1. Тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен біртектес ірі бөлігі ауа массалары деп аталады

2. Негізгі 4 түрлі ауа массасы бар: 1) Экваторлық ауа массасы 2) Тропиктік ауа (солтүстік және оңтүстік жартышарларда) 3) Қоңыржай ендіктің ауасы (екі жартышардың қоңыржай ендігінде қалыптасады) 4) Арктиткалық ауа

3. Жер шарында 5 жылу белдеуі бар – 1 ыстық – солтүстік және оңтүстік тропиктердің аралығы, 2 қоңыржай - тропиктерден поляр шеңберлеріне дейін солтүстік және оңтүстік қоңыржай белдеулері

4. 66,5° ендіктерден өтетін полярлық күн мен полярлық түн басталатын параллельдер солтүстік және оңтүстік поляр шеңберлері деп аталады.


5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§, 33, 34, 35. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №35,36

Күні:

Сынып: 6



Тақырыбы: Климат. Өздерің тұрған жердің климаты.

Мақсаты:

Білімділік: Климат туралы түсінік беру. Климаттың алуан түрлілігіне сипаттама беру. Жергілікті жерді климатын талдау.

Дамытушылық: Физикалық және климат картасымен жұмыс істеу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Жауын-шашынды өлшеу тәсілдерін қарастыру және диаграмма құрастыру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, климат картасы

Негізгі ұғымдар:

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі



  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

1) Абсолют және салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?

2) Жел деген не? Қандай жергілікті желдерді білесіңдер?

3) Күзгі күн теңелуі деген не?

4) Тропиктік шеңбер деген не?


Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:

1) Абсолют ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)

2) Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Жергілікті желдерге бриз және муссон жатады.

3) 23 қыркүйекте тал түстегі Күн экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жартышарларда жарық пен жылу тең бөлініп бүкіл планетада күн мен түн теңеледеі.

4) Жер шарындағы 23,5°солтүстік және оңтүстік ендіктер арқылы жүргізілген параллельдер. Жазғы күн тоқырауда сорлтүстік тропикте, қысқы күн тоқырауда оңтүстік тропикте тал түсте күн тас төбеден түседі.


3


Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) 2) 3)

Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1. Климат деген не?

2. Климаттың ендікке байланыстылығы. Климатқа мұхит пен теңізінің әсері.

3. Климатқа жер бедерінің әсері. Климатқа адамның әсері.

4. Жердің климаттық белдеулері.

5. Өздерің тұрған жердің климаты.
- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.




Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) 2) 3) Кейін оқушылар мұғалімнің бағыттауы бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1. Мыналарды анықтап жазып алады: Климат (грекше клима – еңкіш) – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі. Климат элементтері – атмосфера қысымы, температура, жауын-шашын, жел, бұлттылық, ылғалдылық және басқа да көрсеткіштер.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ауа райы мен климат түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген жердің климат жағдайларынан оның ауа райының сипатты ерекшеліктері көрініп тұр.

2. Мыналарды анықтап жазып алады: Теңіздік климат ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы аз, ылғалды, жауын-шашынды, бұлтты және тұманды ауа райының басым болуымен ерекшеленеді. Мысалы, Ұлыбритания аралдары. Континенттік климат жағдайында ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы үлкен (қысы суық, жазы ыстық,) болады, жауын-шашын аз түседі. Оған материктердің ішкі бөліктерінің (мысалы, Қазақстанның) климаты.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: Түрлі ендіктерде Күннің көкжиектен әр түрлі биіктікке көтерілуі және түсу уақытының өзгеруі одан келетін жылу мөлшерінің әр түрлілігін тудырады. Бұл өзгеріс Жер шарын жылу белдеулеріне (5 жылу белдеуін еске түсіріңдер) бөлуге негіз етіп алынған. Жылу белдеулері бір-бірінен температура мөлшеріне байланысты ерекшеленеді.

3. Мыналарды анықтап жазып алады:

Мыналарды анықтап еске сақтайды: Биіктеген сайын ауа температурасы да, қысым да азаяды. Яғни климат тау беткейінде биіктік беткейінде биіктік бойынша өзгереді. Таулы өлкенің өзіндік ерекше климаты қалыптасады.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: адамның климатқа әсерлері: орманды кесуден ылғал азаяды, ал су қоймалары ылғалды көбейтеді, отынды көп жағудан атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері артады.

4. Мыналарды анықтап жазып алады: Климат белдеулерінің 4 негізгі 3 өтпелі түрі бар: экваторлық – ауа температурасы жыл бойы тұрақты 24-28°С, жауын-шашын 3000 мм; солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы тропиктік – теңіздік және континенттік болып бөлінеді, қоңыржай белдеуінің жазы жылы, қысы суық, ол теңіздік және континенттік климат болып екіге бөлінеді. Полярлық. Климат белдеуі 70°с.е-тен солтүстікке және 65° о.е-тен оңтүстікке қарай орын алады, оның жазы салқын, қысы суық, жауын-шашын аз түседі. Негізгі климат белдеулерінің араларын өтпелі белдеулері бөледі: субэкваторлық, субтропиктік және субполярлық (латынша суб – таяу) белдеулер.

5.Мыналарды анықтап еске сақтайды: Өздерің тұрған жердің климатының сипаттамасы 2 бөлімінен тұрады: І. Климатты қалыптастыратын себептер: 1) Географиялық ендік; 2) Жергілікті жердің мұхиттарға алыс-жақындығы; 3) Жер бедерінің жазық немесе таулы болуы; 4) Ауа массаларының әсері. ІІ. Өздерің тұрған жер климатының сипаттамасы: 1) Климаттың жалпы ерекшеліктері. Теңіздік және континенттік климат; 2) Ауаның температурасы; 3) Оташа жылдық жауын-шашын; 4) Жыл ішінде соғатын желдердің басым бағыттары; 4) Ауа райының қайталанатын түрлері; 5) Климаттың шаруашылық маңызы; 5) Климат сипаттамасына қосымшалар.



4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: оқулықтың «Атмосфера» тақырыбын қайталауға арналған сұрақтардың №3, №5, №8, №11, №23 тапсырмаларды орындау.


Оқушылардың жауаптары:

№3 – 1000 м,

№5 – 5000 м,

№8 – 11%,

№23 – 1,5%.


5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§36, 37. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №37, 38

Күні:


Сынып: 6

Тақырыбы: №3 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың атмосфера тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Ауа температурасы мен желдің бағыты берілген кестені пайдаланып, температуаралар графигін, жел өрнегін салу арқылы дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұжымшылдыққа, өзара сыйластыққа үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты бекітіп, қайталау кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі



Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

2 мин


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Сарамандық жұмыс дәптерлерін таратады.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. Сарамандық жұмыс дәптерлерін алады.

2

5 мин


Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойып, анықтамаларды тексереді.

Мұғалімнің өткен тақырып бойынша қойған сұрақтарына жауап береді. Анықтамаларды жатқа айтады.

3

30 мин



Мұғалім сарамандық жұмыс тапсырмаларын түсіндіреді.

1. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары. Жергілікті жердің ауа райын бақылау:

1) жинақталған материал негізінде тәуліктік температураның графигін салу;

2) жел кестесінің сызба-нұсқасын құрастыру

3) Қорытындылау

2. «Атмосфера» тақырыбын қайталау. Қайталауға арналған тапсырмаларды түсіндіреді.

1) Тест тапсырмаларын орындау. Тест 30 сұрақтан тұрады


Оқушылардың сарамандық жұмыс тапсырмаларын оындаулары:

1. Өткен апта бойынша бақылаған ауа температурасы көрсеткіштерін ең алдымен кестеге жазып, осы мәліметтердің негізінде температуралардың өзгеру графигін салады.



  1. Апта бойы бақыланған желдердің бағыттарын кестеге жазып, кейін осы мәліметтер негізінде жел өрнегін салады.

  2. Осы жасалған жұмыстардың негізінде апта бойы ауа райына қорытынды жасайды. Әрбір оқушы өз ойын жазады.

2. Оқушылар тест тапсырмаларын қос бетке орындайды. Оындап болғаннан кейін жұмыстарын мұғалімге тапсырады.

4

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

5

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

6

Үй тапсырмасына «Атмосфера» тақырыбын қайталау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №39,40

Күні:

Сынып: 6



Тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы. Дүниежүілік мұхит және оның бөліктері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «гидросфера» жайлы ұғым беру. Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера, атмосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру. «Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз» (шеткі, ішкі), «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді көрсете білу және сипаттай алу. Өздері тұратын жер мен жақын орналасқан теңіздің арақашықтығын өлшеу.

Дамытушылық: Дүние жүзініі физикалық картасынан мұхиттарды, олардың бөліктерін көрсету арқылы және карта бойынша арақашықтықты өлшеу арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Гидросфера, дүниежүзілік су айналымы, дүниежүілік мұхит туралы білім алып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, «Гидросфера» тақырыбына арналған суреттер. Кескін карталар

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 6. Үйге тапсырма беру кезеңі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет