Қамбар ата – жылқы малының пірі.
Қаңқаш – Оғыз мемлекетіндегі шонжарлардан құрылған кеңес.
Қара бұдундар – қағанатты қарапайым халық
Қара металлургия – руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсәбінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.
Қара шығын –алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура келген жағдайда халықтан тез жинап алынатын салықтың түрі.
Қаражүздіктер – патшалық Ресейдегі барып тұрған реакционер, шовинист әрі монархистер тобы.
Қарақол– туғанына 1-3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынған елтірі. Қаракөл әртүрлі пішін мен мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшеленеді.
Қарақалпақтар – Оңтүстік Арал аймағында көшіп-қонып жүретін түркі тектес халық. Қазір қарақалпақтар Өзбекстан Республикасының аумағында тұрады.