Құшыр – жан басынаналынатын салық
Қылует – сопылық құлшылық етушілерге жер астынан салынған мінажат үйі
Қырғыш – теріні, ағашты және сүйекті өңдеу үшін орта палеолитте кеңінен қолданылған жүзі өткір тас құрал.
Лагерь– соғыста қолға түскен тұтқындаррды, қылмысты деп табылған, айдалған адамдарды ұстап қалмайтын жазалау орны.
Либерал-демократтар – барлық азаматтардың саяси теңдігін, халық билігін жақтаушы зиялылар.
Либерализм – демократиялық еркіндік пен кәсіпкерлікті жақтайтындары біріктіретін идеологиялық және саяси ағым
Ликидация – белгілі бір ұйымның жұмысын тоқтатуы, жойылуы.
МАГАТЭ– атом энергиясын бейбіт мақсатқа қолдану жөнінде 1957 жылы құрылған халықаралық агенттік.
Мамонт (зіл) –полеолит дәуірінде Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада кеңінен таралып, мұз басу кезінде құрып біткен, салмағы 5 тоннаға дейін жететін алып піл.
Манап – қырғыздардың ақсүйек рубасылары.
Мауараннахр – Әмудария өзенінің оң жақ жағалауындағы жердің аты.
Махаллалар – шеберханалар орналасқан көшелердің түйіскен жері.
Мәжіліс – Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.
Мәмлүктер – ХІІ ғасырларда түрік тектес халықтардың және кавказдықтардың құлдықтағы жастарынан жасақталған Египет сұлтандарының ұланы.
Мегаполис – көптеген қалалар мен елді мекендердің қосылуы нәтижесінде пайда болатын ірі қоныстану аймағы.
Медресе – ислам дінін оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.
Межелеу –мөлшерлеу, шамалау, белгілі бір аумақтың көлемін белгілеу.
Мекен – бұл белгілі бір дер аумағына орналасқан елді мекені. Мекеннің маңызды ерекушелігі – бұл жерге адамдар жыл сайын (маусымдық) келіп, тұрақты қолданып отырады.
Мелиорация – жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы.