6 сыныпқа арналған биологиядан тест тапсырмалары І нұсқа 1. Тірі табиғатты зерттейтін ғылым:
А) География В) Биология С) Химия Д) Экология
2. Қоректенгенде ауаға оттегін бөліп шығарады:
А) Жануарлар В) Адамдар С) Жасыл өсімдіктер Д) Саңырауқұлақтар
3. Жасушаның көбею қызметін атқарады:
А) Пластидтер В) Вакуоль С) Ядро Д) Цитоплазма
4. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы түзеді:
А) Мүшені В) Мүшелер жүйесін С) Ағзаны Д) Ұлпаны
5. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан сақтайды:
А) Жабын ұлпасы В) Негізгі ұлпа С) Түзуші ұлпасы Д) Тірек ұлпасы
6. Жанама тамырлар неден тарайды?
А) сабақтан; В) негізгі тамырдан; С) қосалқы тамырдан; Д) негізгі және қосалқы тамырдан.
7. Өсімдіктің вегетативті мүшелері:
A) Гүл, тұқым, жеміс. B) Тамыр, жеміс. C) Сабақ, гүл. Д) Тамыр, сабақ, жапырақ.
8. Өркен-бұл:
А) түрі өзгерген сабақ; В) жапырағы және бүршігі бар сабақ; С) гүлі бар сабақ;
Д) жапырағы бар сабақ.
9. Жылдық сақиналар ... түзіледі.
А) камбий жасушаларынан; В) өзек жасушаларынан; С) қабық жасушаларынан;
Д) сүрек жасушаларынан.
10. Органикалық заттар сабақтың қай бөлігінде қозғалады?
А) қабықшада; В) сүректе; С) флоэмада; Д) камбийде.
11. Гүл дегеніміз:
A) Көбею мүшесі. B) Жасушалар жиынтығы. C) Өсімді мүше. Д) Фотосинтезге қатысатын мүше
12. Органикалық тыңайтқышқа жатпайды:
A) Азот B) Қарашірік. С) Шымтезек Д) Құс саңғырығы
13. Тұқымы су арқылы таралатын өсімдік:
A) Бақбақ. B) Ошаған. C) Долана. Д) Тұңғиық.
14. Спора арқылы көбейетін өсімдік:
A)Шырмауық. B) Алма. C) Қырықжапырақ. Д) Бидай.
15.Хламидомонада жасушасының сыртын қаптайтын:
A) Талшықтар. B) Қабықша. C) Хроматофор. Д) Кірпікшелер.
16. Биіктігі 50 метрге жететін балдыр:
A) Улотрикс. B) Хлорелла. C) Қызыл балдыр. Д) Ламинария.
17. Мүктердің көбеюі:
A) Ризоид арқылы B) Тұқым арқылы C) Тамыр арқылы D) Спора арқылы
18. Шымтезек мүгінің құрылысы:
A) Ризоид, сабақ, жапырақ. B) Ризоид, сабақ. C) Тамыр, сабақ, жапырақ. Д) Гүл, жеміс, тұқым.
19. Сабағы буын және буынаралықтан тұрытын өсімдік
A) қырықбуын. B) қысқарған сабақ C) қырықжапырақ. D) сорустар
20. Сүрек дегеніміз не?
А) аталық бүрі мен аналық бүрі бір өсімдікте орналасқан. В) өсімдіктердің ең ежелгі тобы.
С) ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі Д) жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас болады.
21. Кәдімгі қарағай
22. Жемісі қауашақты өсімдік:
A) Алма, алмұрт B) Асбұршақ, соя. C) Шие, тұшала. Д) Сасық меңдуана, шегіргүл.
А )бір үйлі өсімдік В) екі үйлі өсімдік С) ағаш сабағы Д) ағаш дінінің су өткізгіштігі
23. Зеравшан аршасы жеміс беретін жыл
А) 10 В) 30 С) 50 Д) 40
24. Ашық тұқымдылардың тұқымдары дамитын орын
А) Жеміс В) Тұқым С) Спора Д) Бүр
25. Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі
А) Өздігінен тозаңдану В) Айқас тозаңдану С) Ұрықтану Д) Жынысты көбею