6-сыныпқа арналған тест тапсырмалары


-сыныпқа арналған тест тапсырмалары



бет2/3
Дата07.12.2022
өлшемі36,2 Kb.
#161676
1   2   3
Байланысты:
6-7сынып тест

7-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз.
А) Заман, кесте, көңіл.
B) 2 кг алма, тары, мол.
С) Байланыс, төбе, сандық.
D) Жілік, соқпақ, бала.
E) Қуаныш, кезең, мәтін.
2. Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз. 
А) Ілік, атау, барыс.
B) Ілік, жатыс, шығыс.
С) Барыс, табыс, жатыс.
D) Табыс, жатыс, шығыс.
E) Жатыс, шығыс, көмекес.
3.Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.
A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
B) Кең болсаң, кем болмайсың.
C) Ол әрең келеді.
D) Абай қатты қуанды.
E) Мұның тамыры тереңде. 
4. Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.
A) 3.
B) 4.
C) 2.
D) 5.
E) 1. 
5. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше.
B) Қуаң, бозаң.
C) Сұрша, бозғыл.
D) Аппақ, аса терең.
E) Сарғылт, күреңдеу. 
6. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Кішірек, көкше.
B) Көкшіл, көктеу.
C) Сұрлау, көкшілтім.
D) Көкпеңбек, шымқай қызыл.
E) Қоңырқай, сұрлау. 
7. Сөйлемнен анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
A) Жақсының.
B) Жақсылығын.
C) Айт.
D) Нұры.
E) Тасысын. 
8. Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Сен бір артық көркемсің.
A) Сен.
B) Бір.
C) Артық.
D) Жоқ.
E) Көркемсің. 
9. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Бармақпын.
B) Кетпекпіз.
C) Алмадық.
D) Айтқанмын.
E) Келерміз.
10. Сөйлем түрін белгілеңіз.
Жібермесем, сағы сынады-ау( )
Тәуекел, жіберсем бе екен( )
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
Мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз
I. Аршат Оразовты біраздан бері білемін. Өзімен-өзі жүретін қара торы, тұйық, нұр жүзді, жас жігітті бір көргенде бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол бойында үлкен сыр жатқан жігіт болып шықты. Кезінде біраз елдің құлағына ілінген Актөбе облысынан шыққан вундеркинд бала осы екен. Оның кейінгі тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік.
- Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді, үйренуге талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де бірден қағып алыппын. Содан төрт жасымда кез келген кітапты зуылдатып оқи бастаған екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені. Атамның өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді. Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
II. Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жүмыс істейтін көршіміз мен туралы айтады. Олар қызығушылык танытып, мені алдырады. Тексерушілер менің кітап оқи алатыныма шүбә келтіреді, бірақ «Бозінгеннің» кез келген жерін зуылдатып оқып бергенімде, шалқаларынан түсе жаздайды. Бәрі де мүғалімдер емес пе, есеп шығартып, баска «білігімді» де тексереді. Сөйтіп, қатты таң қалып, мені қаладағы Мақсат Құсайынов атындағы дарынды балалар мектеп-интернатына алдырмақ болып шешеді.
1-сыныптың 4-тоқсанына ғана келдім. Төртінші тоқсанда оқып жүргенде зерігіп, басқа шаруалармен айнапысып кететінмін, өйткені маған оқу өте оңай болды. Келесі жылы 2-сыныпқа барған едім, бұл жерде де маған сабақ өте жеңіл болып, еш нәрсеге қызықпай, тыңдамай отыратынмын. Сондықтан, мектептің педагогикалық кеңесі мені бірден 3-сыныпқа ауыстырды.
III. Сөйтіп, алты жасымнан 3-сыныпта оқи бастадым. Бұл да маған аса қиындық тудырған жок.
- Өзіңнен үлкен балалармен оқу қиын болған жоқ па?
- Әрине, өзіндік қиындықтары болды. Мәселен, олардың оп-оңай білетін кейбір дүниелерін мен ұға алмай тұрып қалатын кездерім жиі болатын. Оның үстіне бәрі де менен үлкен, бәрі де менен күшті. Ал бала болған соң алысып- жұлысып ойнамай қоймайсың, сондайда бәрі де маган әлімжеттік жасап кететін. Біраз уақыттан кейін менің әке-шешем де қалаға көшіп келді.
- Айтқандай, олар мамандықтары бар, оқыған жандар ма еді?
IV. - Жоқ, екеуі де карапайым жұмысшылар. Әкем темір жолға орналасты, ал шешем бір асханаға жұмысқа кірді. Жергілікті билік вундеркинд баланың ата-анасы деп менен басқа үш баласы барларға бермей, отбасымыз шағын бізге бес бөлмелі үй бермек болды. Әкем қарсы болып, кейін үш бөлмелі пәтер алдық.
1991 жылы №32 қазақ мектеп-гимназиясына ауыстым. Мұнда бізді профильдерге бөлді, мен химия-биологияны ұнаттым. Сол жылы Қазақстандағы соңғылардың бірі болып Бүкілодақтық пионерлер лагері «Артекке» де барьш, бір ай оқып келдім. Ондағылар 10 жасар баланың жетіншіге қалай өткеніне ұзақ уақыт сенбеді. Артектегі оқу орысша, соған қарамай мен жақсы оқып кеттім. Сонымен бірге спортгық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым.
11. Мәтін мазмұныны сай келмейтін сөйлемді көрсетіңіз
A) Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
B) Отбасымыз шағын болса да бес бөлмелі пәтерге көшіп келдік.
C) Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді.
D) Спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым.
E) Қонақтар қызығушылық танытып, мені алдырады.
12. Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз.
1. Қаладан келген қонақтар.
2. Бүкілодақтық пионер лагері.
3. Үшінші сынып оқушысы.
4. Нұр жүзді жігіт.
5. Дарынды баланың әке-шешесі.
A) 1,3,5, 2,4
B) 4, 1,3, 5, 2
C) 3,5, 2,4,1
D) 5, 2,4, 1,3
E) 2, 4, 1,3,5
13. «Кезінде біраз елдің құлағына ілінген» деп автор нені айтқысы келіп отыр?
A) Атаққұмарлығын
B) Мақтаншақтығын
C) Танымалдығын
D) Жүрек жұтқандығын
E) Қарапайымдылығын
14. Мәтіндегі басты кейіпкер өзінің сүйікті пәнін таңдағаны туралы қай бөлімде айтады?
A) II
B) І
C) V
D) III
E) IV
15. Неліктен әкесі бес бөлмелі пәтерден бас тартты?
A) Ауылға көшіп кетпек болғандықтан
B) Біреуге тиесілі үйді бермек болғандықтан
C) Аумағы кішкентай болғандықтан
D) Отбасы мүшелеріне ұнамағандықтан
E) Қалада үйі болғандықтан!»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет