6-сыныпта оқытудың міндеттері



бет60/100
Дата06.02.2022
өлшемі14,01 Mb.
#49062
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100
Байланысты:
6 synyp 204 sag

1. Өрнектің мәнін табыңдар


а) 117+а; мұндағы а=9
ә) 4+3а; мұндағы а=9
в) 5(а-7); мұндағы а=9


2.Өрнекті ықшамдаңдар:
а) 47+а+13
б) (7+у) 3
в)5х-2х+х
3.Теңдеуді шешіңдер:
57: m +21 =40


4.Теңдеу құру арқылы шығарыңдар:
Асхат ақшасының жартысына фломастер сатып алған соң, оған атасы 130 теңге ақша берді. Сонда Асхаттың ақшасы 205 теңге болды. Асхатта алғашқыда неше теңге болды?
5. Қабырғасы а см квадраттың периметрін табыңдар. Мұндағы а=8; 12


6. Есепті шығар:
(19*6+198):26
б) Тік төртбұрыштың ауданы 204 см2 , ені 12 см. Тік төртбұрыштың ұзындығын өзгертпей енін 25% -ке кеміткендегі оның ауданын табыңыз.
б) Үш санның қатнасы 2 : 3 : 7 қатнасындай. Ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы 30-ға тең. Осы сандардың қосындысын табыңдар.

Үй жұмысы: қайталау
Сабақ- №28. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару.
Сынып: 6 Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: . Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару.
Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Қатынастар және пропорция» тарауы бойынша білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Бұл сабақ жаңа ұғымды ашу үшін бейне сөзді шешуден басталады.
1. Қызығушылығын ояту.
,, Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп - қисап, сан - цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін,, - деп сабағымызды бастаймыз.
Бейнесөз шешу арқылы төмендегі сөзді шығарып аламыз
/ПРОПОРЦИЯ/
Мұғалім:- Енді осы жаңа сөздің тарихына шолу жасайық, алғаш рет кім енгізген, қандай сөзден шыққан, қандай мағынаны білдіреді екен.
2. Тарихи мәлімет.
«Пропорция» сөзі латынның proportio сөзінен шыққан, ол «өлшемдес», бөліктер арасындағы өзара қатынас мағынасын білдіреді. Қатынастар мен пропорциялар теориясы Евклидтің «Бастамалар» (Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда) кітабында баяндалған.
Евклид өзінің осы еңбегінде пропорцияның негізгі қасиетін де дәлелдеді.
Біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырда пропорцияның жалпы теориясын ежелгі грек ғалымдары жасаған, олардың ішінде аса көрнекті орын алғандары Теэтет пен Евдокс болған еді.
Пропорционалдық тәуелділік архитектура мен өнерде жиі пайдаланылады.
Себебі құрылыстың, кескіннің көрнекті, үйлесімді әсем болуы ондағы пропорционал үндестіктің сақталуымен байланысты.
Моцарт шығармаларының, Бетховеннің бесінші симфониясының, музыкалық шығармаларының белгілі бір қатаң тәртіпке бағынатынын құрылымдары пропорцияны көрсетеді
Әр түрлі кезеңдерде пропорцияны әр түрлі жазған.
Орта ғасырдадағы ислам елдерінің математиктері еңбектерін араб тілінде оңнан солға қарай жазып, қазіргі түрдегі 8: 15=96: 180 пропорциясын 180 ∴ 96 ∴ 15 ∴ 8 түрінде жазған, ал XVII ғасырдағы француз математигі Рене Декарт осы пропорцияны 8/15/96/180 түрінде жазған.
Пропорцияны қазіргіше жазуды 1693 жылы неміс физигі, өнертапқыш әрі математик Г. В. Лейбниц енгізген.
ІІІ Есептер шығару:

Оқулықтың түсіндіру кезіндегі тапсырмаларды сол жерде орындатып, тексеріліп отырады
ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.
1. Оқулықпен жұмыс:
№ 53/1, 2/ пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
№55/1, 3, 5/ пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
2.,, Ойлан, тап,,
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды шығару.
3. Ой – тұжырымдамасы:
Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады. Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезең.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1. 125 қаздан 4 кг мамық алуға болады. 875 қаздан неше килограмм мамық алуға болады?
а\21, 8кг в\57, 4кг с\28кг д\25кг.
2. Пропорцияның белгісіз мүшесін тап: 7, 5: 3, 5 =x: 14
а\ 19, 6 в\7 с\ 3 д\30
3. 1, 75 т алтынды өзек құмынан орташа есеппен 0, 7 г алтын жуылады. 2170 т алтынды өзек құмынан неше алтын жууға болады?
а\ 642г в\564, 5 г с\ 542, 5 г д\ 868 г
4. тура пропорцияны көрсет:
а\ 5: 10=8: 4 в\ 2: 3=10: 15 с\ 2: 3=5: 10 д\ 12: 18=3: 2
Сабақты қорытындылау: Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай жапсырады.

Үй жұмысы: №199, №205
Сабақ- №29. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет