Сабақ типі : Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Жеке-дара жұмыс
Сабақ көрнекілігі : карточкалар, фишкалар
Сабақ барысы : І кезең Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа назарын аудару.
Сабақ барысында дұрыс жауап берген белсенді оқушыларға фишкалар таратылып беріледі .Соңында фишкалар санын санап оқушыларды бағалаймыз.
5фишка -5деп бағаланады.
4фишка -4 деп бағаланады.
3фишка -3деп бағаланады
2фишка алған оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады.
ІІ кезең .Үй тапсырмасын тексеру .Сынып бойынша үй тапсырмасының орындалғанын тексеру , тексеру барысында кемшіліктер жою.
ІІІ кезең Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі . Оқушыларға әріптер және сандар жазылған карточкалар таратылып беріледі де келесі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беруді сұранамын . 1. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады? Карточкалардан әріпті өрнек құрастырыңдар ,дұрыс құрастырған оқушыдан тұжырымдамасын қалай айтылады ?
2.Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады? Карточкалардан әріпті өрнек құрастырыңдар ,дұрыс құрастырған оқушыдан тұжырымдамасын қалай айтылады ?
3. 5х+6х және 17а-9а өрнектерінің ықшамдалған түрлерін карточкалармен құрастырып , түсіндіріңдер.
Біз құрамында әрпі бар өрнектерді ықшамдап, оның мәнін табуды үйрендік. Енді теңдіктің құрамында әріп болған жағдайды қарастырамыз.
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп айтады.
Мысалы, 9х+5=41, мұндағы х- белгісіз сан(мәнін табу қажет әріп).
9х+5-теңдеудің сол жағы , 41 теңдеудің оң жағы
Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынын көз жеткізу .
Шешу. 9х+5=41
9х=41-5
9х=36
х=36:9
х=4 — теңдеудің түбірі.
Теңдеудің түбірі дегеніміз әріптің теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні.
Оқулықтағы мысалдарды толық қарастырып , есептің теңдеуін құрастырудан бұрын , ондағы шамалардың өлшем бірліктерін бір өлшем бірлігіне келтіру керек.
Теңдеуді шешуге тақырыптық есептер берілген жағдайда :
1.белгісіз шама таңдалып,ол х әріпімен (немесе латынның қандай да бір кіші әріпімен ) белгіленеді;
2.тақырыптық мазмұны бойынша теңдеу құрастырылады .3.теңдеу шешіліп,белгісіз шама табылады.
4. есептің сұрағына жауап беріледі .Қажет болған жағдайда теңдеудің шешімінің дұрыстығы тексеріледі.
Есеп. Қазір ағасы қарындасынан 5жас үлкен.4жылдан соң олардың жастарының қосындысы 19жас болады.Қазір қарындасы неше жаста ,ағасы неше жаста?
Шешуі
Қарындасы
Ағасы
Алғашқы
Х
х+5
Соңғы
х+4
х+5+4
Есептің шарты бойынша ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 19 жас болды. Онда:
(х+4)+(х+5+4)=19 Тексеру:
2х+13=19 (3+4)+(3+5+4)=19
2х=19-13 , 7+12=19
2х=6, 19=19
х=6:2
х=3
3+5=8
Қарындасы 3жаста
Ағасы 8 жаста
Жауабы :3жас, 8жас.
Сұрақ жауап арқылы
Қандай теңдік теңдеу деп аталады ?
Теңдеудің түбірі деп нені атаймыз?
Теңдеуді шешу дегеніміз не?
Белгісіз қосылғыш қалай табылады?
Белгісіз көбейткіш қалай табылады?
Оқушыларға теңдеулер (мысалдар) жазылған карточкалар үлестіріп , эстафета ойынын ұйымдастырамыз.
Мысалы х+23=41; m:21=10
ІУ кезең.Есептерді шығару.
№1
1)х+23=41 2)36+у=74 3)85+z=97
х=41-23 у=74-36 z=97-85
х=18 у=38 z=12 теңдеулер сыныптағы оқушылардың бәрін жеке-жеке тақтаға шығарып орындалады .
№2
4)110:m=11 5)192:n=16 6)391:z=23
m=110:11 n=192:16 z=391:23
m=10 n=12 z=17
№3
7)49-3х=34 8)9у-89=55 9)74-8z=2
3х=49-34 9у=55+89 8z=74-2
3х=15 9у=144 8z=72
х=15:3 у=144:9 z=72:8
х=5 у=16 z=9
№4
1)29х-15х+16=100 2)11у+32у-127=45
14х=100-16 43у=45+127
14х=84 43у=172
х=84:14 у=172:43
х=6 у=4
№5
1)(х-16)·9=126 2)28·(х+5)=224
х-16=126:9 х+5=224:28
х-16=14 х+5=8
х=14+16 х=8-5
х=30 х=3
V кезең .Үйге тапсырма беру, оқушылардың білімін бағалау кезеңі
№39 76 /15,24-беттегі қайталау есептері/,
логикалық есеп: Осы төр көзге 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын пайдаланып, Көлденеңнен және тігінен 15 шығатындай етіп 15-санын шығарыңдар.
Оқушылардың жинаған фишкаларына қарай бағалау.
№Сабақ .10. Теңдеулердің көмегімен есептер шығару.
Сынып: 6 Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: Теңдеудің көмегімен есептерді шығару Сабақтың мақсаттары:
Мәтінді есептерді теңдеулердің көмегімен шешуге дағдыландыру, бір-бірінің пікірін бөлісу, өз ойларын еркін жеткізу бойынша есеп шығару біліктіліктерін арттыру . Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа,ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау Сабақтың әдістері: Бірлесіп ойнау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағдаршам : Әр оқушыда бағдаршамның үш түстеріндей карточкалар бар.Материалды түсінгендерін немесе түсінбегендерін анықтайтын карточкалармен сигналды көрсетулерін және сұрақтарға жауап берулерін сұрайды.
Жасыл карточкаларды көтерген оқушыларға
(Бәрі түсінікті):
Сіздер не түсіндіңіздер?
Қызыл және сары карточкаларды көтерген оқушыларға:
Сіздерге не түсініксіз?
Алынған жауаптардың қорытындысы бойынша тақырыпты қайталау туралы, тақырыпты бекіту немесе бағдарлама бойынша материалды әрі қарай оқу туралы шешім қабылдау.
1-Топқа бөлу: Оқушылар бір-бірден үлестірмелі карточкаларды алып ондағы теңдеулердің шешімдері бойынша топқа бөлінеді
2-5х=4(х+5) х=-2