6. Тақырыбы: Соғыс кезіндегі мұрағат жұмыстарының ерекше бағыты. Мақсаты



бет2/3
Дата22.04.2020
өлшемі35,56 Kb.
#64260
түріНұсқаулар
1   2   3
Байланысты:
Семинар 6 архив

Әдебиеттер:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы, 2003.



2. Р.Сариева .Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004.

1. Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы және ерекшеліктерімен айқындалатын айтулы оқиғалары мен жылнамалары баршылық. Және де сол кезеңнің тарихына терең бойлау, оны бағамдау арада жылдар өткен сайын замана ағымына қарай жаңғырып отырады. Ұлт тарихында айрықша маңызы бар көптеген айтулы оқиғалардың мазмұны мен маңыздылығы қазіргі қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар идеологиялық өктемдіктен арылып, посткеңестік кеңістікте жаңа қырынан зерделене бастады. Сондықтанда ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ұлттық тарихымыз бен рухани құндылықтарымызды тәуелсіздік игілігіне пайдаланудың мүмкіншілігі ұлғайып, тың тұжырымдар мен пайымдаулар өз нәтижесін беруде. Осындай жаңа кезеңнің тәрбиелік мәні бар игі шаралары қатарында биылғы жыл да ұлтымыздың және ұлт ұлылары ұлықталатын жыл ретінде тарихымызда алтын әріппен жазылмақ. Атап айтар болсақ, Қазақ хандығына - 550 жыл, ұлт мақтаныштары Абай – 170 жыл, Шоқан – 180 жыл, ал тарихшы Е. Бекмахановқа – 100 жыл, Ә. Марғұлан - 110 жыл және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 70 жыл деп жалғаса бермек. Одан туындайтыны ғасырлар қойнауына тереңдеп енген тарихи кезең, оқиға, тұлғалар мен ұрпақ арасындағы сабақтастық жаңа қырынан зерттелетіндігі. Олай дейтініміз, соңғы жылдары Ұлы Отан соғысының маңызы мен сипатын анықтаудағы кездесетін асыра сілтеу мен бұрмалаушылықтар ресейлік, батыстық және қазақстандық авторлар арасында бой көрсетіп отырғаны анық. Тіпті 1990-шы жылдардың соңында-ақ ғылыми-шығармашылық ғұмырының 40 жылдан астам мерзімін Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеуге арнаған академик М. Қозыбаев ондай пікірлермен келісе алмайтындығы туралы өзінің 2 кітаптан тұратын «Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски» атты монографиясының «Социализм: опыт и горькие уроки» бөлімінде былай көрсетеді: «Такие перекосы в оценке характера войны ... имеют место в результате искажения сути понятия Отечества, ограничения его территориальными границами, национальными перегородками». Академиктің пайымдауынша Отан соғысын бағамдаудың маңызы орасан зор және оның идеология мен әлеуметтік этика нормаларына да тигізер әсері мол. Сондықтан да ғалымның еңбектерінде соғыстың адамгершілік және идеологиялық маңызына баса көңіл бөлуі кездейсоқтық емес. Академик М.Қ. Қозыбаевтың тұжырымдарына сүйенер болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап посткеңестік кеңістіктегі кәсіби тарихшылар үшін тарих ғылымындағы ахуалды түбірімен өзгертуге әкелген ішкі ғылыми қайтақұрулардың бағыты екі маңызды факторға сүйенді. Оның алғашқысы, 1991 жылдан бастау алған мұрағаттық құжаттарға қол жеткізудің арқасында зерттеушілер тарихи оқиғалардың шынайы келбетін беруге мүмкіндік алды да, оны ауызша тарих айту дәстүрімен үйлесімді ғылыми айналымға еркін енгізе алды. Екіншісі, жылдар бойы бас иген маркстік-лениндік методологияның орнына, әлемдік тарих ғылымындағы әдістемелік бағыттардың кеңінен қолданысқа ене бастауы. Қазіргі отандық тарих ғылымының дамуында, жаңа тұжырымдардың бастауында жазба тарихи деректермен қатар, мұрағат құжаттары да үлкен рөл атқарып отыр. Сонымен қатар соңғы онжылдықта отандық тарихнамада ауызша тарих айту бағытын дамыту қолға алынып, көптеген тың методологиялық жұмыстар жарыққа шықты. Бірақ осы ауызша тарихты ғылыми айналымға енгізу барысында мына екі жағдайға барынша назар аударғанымыз жөн, оның алғашқысы сонау ғасырлардан жалғасын тауып келе жатқан ауыздан-ауызға таралып отырған шежіре мен тарих айту болса, екіншісі соңғы жылдары кәсіби мамандардың көне көз қариялардан, белгілі бір кейіпкерден сұхбат алу арқылы жинақтаған материалды жарыққа шығаруы. Яғни макротарихтан микротарихқа біртіндеп ауысу мәселесі. Осы шағын мақалада осындай тарихи зерттеу әдісін қолдана отырып, жеке тұлғаның қоғамдағы болып жатқан ірі оқиғалар, құбылыстар мен өзгерістерге ықпал ете алатындығын дәйектеу. Ұлы Жеңіске 70 жыл толу мерекесі қарсаңында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы кезінде» жобасы бойынша республика бойынша мұрағат құжаттары мен халық жадындағы сақталған тарихты – естеліктерді жинауға арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырды. Бағдарламаның басты мақсаты – «бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің ұлттық мүддесі тұрғысынан 1941-1945 жылдардағы соғыс тарихының «ақтаңдақтарын», бұрын кеңестік жүйенің идеологиялық қыспағымен айтуға тиым салынған мәлелерін саралауға бағытталған материалдар мен естеліктерді жинау» деп көрсетілген жадынамада. Экспедиция барысында облыстық, аудандық мұрағаттар, қорғаныс департаменттерінің мұрағат қорларынан, ұлттық мәдени орталықтардың материалдарын жинақтаумен қатар, соғыс және тыл ардагерлерімен, олардың жесірлері және ұрпақтарымен кездесу барысында айтылған естеліктер де жазылып алынды. Сондай-ақ Жамбыл облыстық «Парыз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әли Бекқұлы жинақтаған құжаттардың да көшірмесі алынды. Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағатының қоры өте бай, замана талабына сай жұмыс істеуде. Экспедиция мүшелері 1 ай аралығында облыстық мұрағаттың 120-дан астам қоры бойынша 4000-ға жуық істің құжаттарымен танысып, фотокөшірмесі алынды. Айта кетері, мұрағат басшылығы бұдан бірнеше жыл бұрын соғыс ардагерлерінің құжаттарын қабылдау акциясын жариялап, арнайы 341-қор «Жамбыл облысы бойынша 1941-1945 жж. ҰОС ардагерлерінің жеке тектік құжатттарының топтамасы» мен 1110-қор «Жамбыл облысы бойынша 1941-1945 жж. ҰОС Батырлары жеке тектік құжатттарының топтамасы» қорларын жинақтауы өскелең ұрпаққа мұра ретінде облыстық мемлекеттік мұрағат пен ардагерлердің қолында бар құжаттары мен фотосуреттері мемлекеттік сақтауға қабылдануы игі шара болары анық. Жамбыл облыстық мемлекеттік және қалалық мұрағатында ғылыми-зерттеу және іздеу жұмыстарын жүргізген экспедиция мүшелерінің аныұтауы бойынша аталған мұрағаттарда соғыс жылдарындағы Жамбыл облысының тарихын жан-жақты тереңінен ашатын аса бай құжаттар кешені жинақталған. Мұрағат қорларында сақталған көптеген құжаттар ғылыми айналымға толық түспегендіктен қалың көпшілік және ізденушілер үшін беймәлім күйінде жатыр. Бұдан байқайтынымыз, кешегі кеңестік кезеңде де, бүгінгі тәуелсіздік кезеңінде де Жамбыл облысының тарихын толық қамтыған отандық тарихнамада іргелі ғылыми еңбектің жазылмағандығы. Осыған байланысты экспедиция мүшелері ЖОММ әрбір қорын тиянақты зерттеуге баса назар аудардық. Мұрағатта жетпіс жылдан бері сақталып келген сан алуан мазмұндағы құжаттар - соғыс жылдары Таразда жасақталған құрамалар мен дивизиялардың және 105-ші ұлттық атты әскер дивизиясын жасақтау мен жабдықтау барысына қатысты құжаттары, тылдағы еңбеккерлердің жан кешті ерлік жолын көрсететін құжаттар, майданға көмек, азық-түлікпен, жылы киіммен қамтамасыз ету жолындағы күнделікті есептер, одақтық, республикалық және облыстық мемлекеттік, партия дерективалары, бұйрықтары, майданға алынғандардың, елі мен жерін жаудан қорғағандардың тізімдері, арнайы мәліметтер, анықтамалар, фотосуреттер, жеке хаттар сұрапыл соғыстың кезінде халық басына туған ауыр күндерден, бүгінде сарғайып өше бастаған тарихының күнпарағы ретінде сайрап тұр. Өйткені, ондағы әрбір құжат, статистикалық есептер, майдангерлердің естеліктері, өмірбаяндары, жауынгерлерді марапаттаған құжаттар мұрағат қорын толтыруға ғана емес, тарихшылар үшін де құнды дерек. Осы орайда мұрағаттағы соғысқа қатысты құжаттардың кейбірі жөнінде қысқаша мағлұмат берудің артықтығы болмас. Мысалға соғыс басталған жылы өте қауырт түрде Жамбыл қаласы мен облыста 1941 жылғы маусым айында 678-шi жеке атқыштар батальоны, тамызда 81-шi атты әскер дивизиясы, шiлдеде дербес инженерлiк-құрылыс батальоны және жыл соңында газсыздандыру отряды сынды т.б. құрамалардың жасақталып, майданға аттандырылғандығы туралы мұрағат құжаттарында күнделiктi ақпараттары өте көп. Жамбыл қаласында Бас Қолбасшы Сталиннің 1941 жылғы 13 қарашадағы бұйрығы бойынша және КСРО Мемлекеттiк Қорғаныс Комитетiнiң № 894 қаулысы бойынша 105-шi дербес ұлттық атты әскер дивизиясы жасақталынған. Аталмыш құжаттың түпнұсқасы: Дербес ұлттық әскери құраманың құрылымын толық жасақтау, аттармен, ат әбзелдерiмен, азық-түлiк, киiм-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстары және әскери дайындықтан өткiзу бiр жыл көлемiнде жүргiзiлiп, құрама майданға 1942 жылдың 1 шiлдесi күнi аттанады. Мiне, осы дивизия туралы облыстық мұрағаттың «Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитетi (1939-1949)» 282-шi қоры 258-iс «Докладные записки, сведения парт. комитетов о формировании нац. кав.дивизии, поступление обмундирования, снаряжения продфуража и кожсырья для нее» және 259-iс «Письмо обкома и выписки из протоколов партии по утверждению нац. кав.дивизии» және осы сынды т.б. істерде осы уақытқа дейiн зерттеушiлер назарынан тыс қалған мәлiметтер баршылық. Себебі олар ұзақ жылдар бойы «құпия» және «өте құпия» құжаттар санатында келген. Мұрағат құжаттарындағы мәлiметтерге жiтi көз салар болсақ, осы құраманың жасақталу барысына ерекше көңiл бөлiнгегi соншалықты, күнделiктi жүргiзiлген iс-шаралар, жергiлiктi тұрғындарды тартуға қатысты үгiт-насихат жұмыстары, аттарды жинақтау, тiптi олардың жем-шөптерiнiң құрамы мен сапасына дейiн анықталып, әрбiр ауыл кеңестерi мен аудан басшылары облыстық партия комитетiне күнiне екi рет есеп берiп отырған. Мысалға, 282-қордағы «Докладные записки, информации о ходе формирования кав.дивизии, погрузке и отправке нац. кав.дивизии» деген 399-iсіндегі кезiнде асақұпия болып келген мына бiр күндiк мәлiметтерге тереңірек үңілсек жылы iшiктен бастап, ас қасыққа дейiн мұқият жинақталғанын ғана емес, оның артында тұрған қарапайым ауыл тұрғыны - қазақ халқының барынша майдандағы солдаттардың жағдайын жасап, өзіміз әйтеуір бір көпшілікпен күн көрермiз деген қағидатты ұстанғанын байқау қиын емес. Жобаға сәйкес мұрағат құжаттарын жинақтау мен сараптау барысында айрықша көзге түскені және ой тастағаны құраманың қатарына ең таңдаулы азаматтарды іріктеп алғандығы, тіпті саяси қызметекерлерге аудандық және облыстық партия комитеттері кепілдеме беріп отырған. Екіншіден, осы Тараз жерінде дәл осындай 81-атты әскер дивизиясы жасақталғандықтан былғары дайындау ісіне баса назар аударылып, шұғыл түрде былғары өңдеу кәсіпорындары іске қосылған. Облыс тұрғындарынан және республиканың өзге аймақтарынан жиналған қой және ірі қара малдың терісін өңдеу мен одан тон тігуді жолға қою мақсатында «Қызыл Химик», «Швейник», «Молот» артельдері мен «Союз-Утиль» базасы секілді т.б. іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда тек тері өңдеу жұмыстары ғана емес, тон мен ішік, мақталы күртешелер (фуфайка), жылы шалбарлар, гимнастерка, қолғап, іш киім, сүлгілер, зат салатын қаптар т.б. тігілді. Бұрынғы ұсақ кәсіппен айналысатындары ірілендіріліп, қысқа мерзім ішінде қажетті құрал-жабдықтармен, тігін машинкаларымен және өңделген терімен шұғыл түрде қамтамасыз етіліп отырды. Әрі қатаң бақылауда болды. Аталмыш екі дивизияны және өзге де аймақтарға көмектесу мақсатында республикалық «Қызыл Армия аты» («Лошадь Красной Армии») қозғалысына облыс жұртшылығы белсене қатысқан. Сондай-ақ осы 105-ші және 81-атты әскер дивизияларын жасақтауға облыс тұрғындарымен қатар Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Гурьев облыстары мен жекелеген мекемелерде ат, жылы киім, азық-түлік жіберген және оларды арнайы құрылған комиссия қабылдап отырған. Мысалға, ұлттық атты дивизияны жасақтау комиссиясының 1941 жылдың 19 желтоқсанында берген анықтамасы бойынша: Алматы облысынан – 458 бас жылқы қабылданса, оның 113 – жарамсыз, Ақтөбе облысынан 248, оның – 88 жарамсыз, Оңтүстік Қазақстаннан – 615, оның - 23 жарамсыз деп табылған. Ал мына құжатта Жамбыл облысының аудандарының ұлттық атты әскер дивизиясын жылқымен қамтамасыз ету жөніндегі жоспардың орындалу барысы берілген: Облыс мұрағат қорларында Қызыл Армияға жылы киімдер жинау барысы туралы күнделікті рапорттар мен хаттамалар да тиянақты жинақталған. Тұтқиылдан басталған соғысқа Совет Армиясы дайын болмағандықтан, тылдың майдандағы солдаттарды керек-жарақпен қамтығаны жөніндегі күнделікті ақпараттық құжаттарда өте көп кездеседі. Мына құжаттық көшірмелер соның айғағы болмақ: Ал «Жұмыс күшін есепке алу және орналастыру жөніндегі Жамбыл облыстық бюросы» деген 854-қорда соғыс жылдарында жергілікті жұмысшылар мен еңбеккерлерді соғыс жағдайына қарай бейімдеп орналастыру, сондай-ақ облысқа эвакуацияланған кәсіпорындар мен адамдарды да жұмыспен қамту құжаттары да сол ауыр күндегі облыстың және қаланың тыныс-тіршілігінен мол хабар береді. Мұрағат қорындағы майданға қатысты құжаттардың ішінде эвакуация жөнінде де маңызды құжаттық деректер бар. Қатал режимді талап еткен шұғыл орналастыру, эвакуцияланған госпитальдар, оларды азық-түлікпен қамту, кейбір өнеркәсіп тауарларына және нанға карточкалық жүйені енгізу жөніндегі шешімдер мен оның қолданысқа енгізілуі, жергілікті халықтың пайдалануы туралы да мәліметтерді кездестіруге болады. Мысалы мынандай қорларда «Переселенческий отдел Джамбульского облсовета», «Уполномоченный Министерства торговли СССР по снабжению эвакуированных поляков» және т.б. осындай арнайы істерден сол бір отты жылдардың ызғары мен ауыртпалығы анық сезіледі. Мысалға, Жамбыл облысына эвакуацияланғандар туралы ақпараттан, олардың ішінде финдерді орналастыру барысы жайында нақты дерек алуға болады. Соғыс тақырыбына арналған ғылыми әдебиеттер мен нақтылы деректерге сүйенер болсақ, 1941-1945 жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға 2,5 млн дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат қосып, соғыс өртіне оранған аймақтардың ауыртпалығын тең бөлісті. Жалпы соғыс кезінде республика тұрғындарының өз еркімен жинаған қаржысына «Қазақстан колхозшысы Қазақстан комсомолы» сияқты танк колонналары, «Советтік Қазақстан» атты әуе эскадрильясы жасалып, майданға көмектің жаңа толқыны ретінде ықпал еткен болатын. Сондай-ақ зеңбірек пен миномет сияқты ірі атыс қарулары үшін халық тарапынан қаржылар жинақталып, дер кезінде армияны қосымша қаруландыру жолындағы маңызды көмек болып табылды. Халықтың жеңіс жолындағы мұндай патриоттық қозғалысы айрықша болғандығын мұрағат құжаттарындағы әрбір сан мен дерек нақтылы дәйектейді. Әттең, сол құжаттарға тіл бітсе, халық жадында көмескілене бастаған сол ауыр күндерді күңіре отырып баяндар еді. Сөзіміз дәйекті болу үшін Облыстық мемлекеттік мұрағаттың «Сведения и рапорты райкомов партии о ходе средств на танковую колонну «Колхозник Казахстана» атауымен жинақталған істегі анықтаманың біріне зер салайық: Міне, бұл тек 1942 жылдың 23 шілдесіне есептегенде облыстың аудандарынан жиналған қосымша қаражат туралы анықтама. Сондай-ақ жамбылдықтардың осы бағыттағы ерен ерліктері туралы 282-қордың 429-ісі «Справки о сборе подарков бойцам Красной армии сборе средств на строительство танковой колонны и авиасоединения, о помощи железнодорожникам освобожденных от оккупации районов и трудящихся Орловской области» сынды өзгеде бірнеше қорларда жинақталған маңызды құжаттық материалдар өз зерттеушісін күтуде. Тәуелсіздік жылдарынан бастап қана зерттеушілер үшін тың тақырып ретінде қолға алынған мәселелердің бірі - соғыс жылдарында майданға әскер күші жетпеуіне қарамастан өктемшіл сталиндік жүйе көптеген халықтарды әртүрлі жасанды айыппен тарихи атамекенінен күштеп аударып, өзге аймақтарға жер аударды. Күштеп жер аударылғандар ендігі кезекте Орал мен Сібір, Қазақстан мен Орта Азияның кейбір республикаларына орналастырылды. Егер жалпы мәліметтер бойынша алар болсақ, тек соғыс басталған 1941 жылдың өзінде республикаға 300 мыңнан астам неміс жер аударылса, 1943 жылы күзден бастап 1944 жылға дейін Қазақстанға 507480 адам зорлықпен көшірілді. Олардың ішінде 45,5 мың қарашай, 406 мың шешен мен ингуш, 21,150 балқар, 2,2 мың қалмақ, 4,5 мың қырым татарлары, 27,6 мың месхет түріктері және өзге ұлт өкілдері болды. Бұларды күштеп көшіруге, жаңа жерлерге апаруға қаншама көлік шығыны, мал мен қаражат қана жұмсалып қоймай, күзет пен бақылау үшін қаншама солдаттар мен НКВД қызметкерлерін қосымша тартты. Ал сол тұстағы Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы Ткаченконың атына берілген мына анықтамада сталиндік қатаң жүйенің қысымынан облысқа күштеп көшірілген кавказ халықтарының саны мен оларды орналастыру жөніндегі арнайы тапсырмалар берілгендігін көреміз. Осылайша, соғыс кезіндегі күнделікті қарапайым құжаттар бұл күні мұрағат қорына жинақталып, зерттеушілер мен бүгінгі жас ұрпақ үшін өткеннен тәлім берер тарихи құндылықтарға айналып отыр. Қалай айтсақта, Ұлы Жеңіс – майдан даласында ерлікпен соғысқандар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен рухының жеңісі екендігі тарихи ақиқат. Ұлты мен шыққан тегіне қарамастан Жеңіс үшін «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешіп», «Отан үшін отқа түскен» кеңес халықтарының өрлігі мен елдігінің өшпес айғағы. Шындығында, Жеңіс - майданда от кешкендермен қатар күн мен түнге, қыс пен жазға қарамай еңбек еткен аталарымыз бен аналарымыздың тылдағы маңдай терінің ащы үлесі мен дәмі. Міне, содан бері өткен 70 жыл уақытта ұрпақ та жаңғырды, заман да жаңарды, сана да өзгерді. Дегенмен де, әлемді дүр сілкіндірген соғыс табы әлі де толық жойыла қойған жоқ. Экспедицияның басты міндеттерінің бірі болған соғыс ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен кездесіп, естелік жинақтау барысында оған анық көз жеткіздік. Ауыртпашылықты басынан кешірген аға ұрпақтың жадындағы сол күндердің жаңғырығы әлі күнге өшпеген. 
2. Соғыстың қиын жағдайына қарамастан 1943 жылы қаңтарда Алматы қаласында жаңа республикалық дәрежелі мұрағат құрылды. Ол  Қазақ ССР Орталық мемлекеттік кинофотофоно құжаттар мұрағаты еді. Кинофотофоно құжаттар мұрағаты  1943 жылғы қаңтардың 27 жұлдызында Қазақ ССР ХКК қабылдаған қаулы бойынша құрылды, ал маусым айынан өзінің тәжірибелік жұмысын бастады, алғашында құрамында бір ғана сурет бөлімі болды. Осы жылдары мұрағат мұрасы әскери патриоттық тақырыптармен айналысты. 1943 жылы мұрағат ұйымдары Ұлы Отан соғысы жағдайына орай бөлімдердің жұмыс жоспарын жоспарлады. Бөлімдердің негізгі басшылыққа алатын жұмысы  1942 жылғы 8 желтоқсандағы ССРО ІІХК мемлекеттік мұрағат циркулярі, ССРО ІІХК бұйрығы, 1943 жылғы тарихшы-мұрағатшылардың конференциясының шешімдері болды. Осы дерективаларды орындау мақсатында біршама маңызды, яғни, құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, одан соғыс құжаттарын жинауды ұйымдастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын тарату, Лениндік декреттің 25 жылдық торқалы тойын атап өту, мұрағат ісін орталықтандыру, қайта ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Жылдық қорытынды кезінде кинофотофоно құжаттарының сақталуы мен құжаттардың жинақталуына көп көңіл бөлінді. Бүкіл ІІХКБ облыстық мемлекеттік мұрағатына негізгі нұсқау, құжаттарды сақтау, Отан соғысының құжаттарын жинау кинофото жинақтау аудандық мемлекеттік мұрағаттардың жұмысын жақсарту және тағы басқа жұмыстар жүргізу жөнінде нұсқау берді. 1943 жылы Қазақ ССР мұрағат ұйымдарының құрамында өзгерістер болды. Біріншіден, Алматы қаласында Қазақ ССР кинофотофоно құжаттар мұрағаты ұйымдастырылса, екіншіден, Қазақ ССР Орталық мемлекеттік мұрағатының өздігінен біріккен құпия қор бөлімі жойылып, орнына Қазақ ССР тарихи мұрағаты мен Қазан революциясының Орталық мұрағаты құрамында құпия қор бөлімі ашылды.

Мемлекеттік мұрағат басқармасында жиналыс өткізіп, кинофотофоно мұрағат қызметкерлеріне өз жұмыстарын жақсарту мақсатында тәжірибелік шаралар жүргізу көзделді және кинофотофоно мұрағатының басшысы болып Кудияров тағайындалды. Мұрағат ісінде маман кадрлардың жоқтығы мен жеке орындардың болмауына байланысты қателіктер жіберілді. Соған байланысты бірінші кезекте Орталық мемлекеттік мұрағатының жаңа құрылысын салу міндеті қойылды.

Насихаттық- патриоттық тұрғыдан мұрағат материалдарын пайдалану жұмысы. Мұрағат материалдарын насихаттық- патриоттық тұрғыдан пайдалану ісінде де біраз ілгері жылжулар болды. Орталық және жергілікті баспасөзде аттары ұмытылған халық батырлары туралы көптеген қаралар жарияланды. 1943-1945 жылдары Қазақ ССР Орталық мемлекеттік мұрағаты дайындаған

 Письмо с фронта атты құжаттық жинағы жарық көрді. Осы жылдары мұрағат мекемелері бұрын болмаған жаңа бағыттарда жұмыс істеді. Мысалы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының сұрауы бойынша мұрағат құжаттары негізінде Қазақстандағы ұмытылған шағын кен көздері жөніндегі анықтаманы даярлады. Қазақ ССР ІІХК Орталық мемлекеттік мұрағаты ғылыми қызметкерлерінің күшімен құжаттарды өңдеп, көп томдық еңбекке материалдар жинауды міндет етіп қабылдады. Көп томдық еңбекпен жұмыс 1949 жылы аяқталуы тиіс болды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жөнінде жеке құжаттық материалдарды жариялау ісі қолға алынды. 1943 жылы ғылыми зерттеу жұмысын насихаттауға көп томдықпен  Трудящихся Казахстана в период Отечественной войны с немецким фашизмом  атты жинағын жазу бірінші жолға, Алматы қаласының тарихын жазу жұмысы екінші жолға қойылды. 1943 жылы ғылыми зерттеу бөлімі мен КСРО Орталық мемлекеттік мұрағаты төмендегідей жұмыстарды орындады:



  1.  Қазақстанның пайдалы қазбалар орнының тізімі .

  2.  Письмо фронтовиков  жинағы.

  3. 40 мың құжаттан жинақталынып жасалынған  Трудящихся Казахстана на защите Родины  жинағы.

4. Октябрьская революция, гражданская война в Казахстане и образование КазССР .

  1.  Большой жуз  атты 7 томдыққа дайындық.

  2. 1000 құжаттан жинақталған  Казахстан в Великом Отечественном войне  атты 15 томдыққа дайындық.

    1. жылы республика, облыс газеттерінен кәсіпорын мен мекеме мұрағаттарынан Ұлы Отан соғысы жөнінде 4 мыңнан аса құжаттық материалдардың көшірмелері жинақталды. Үгіт насихат жұмыстары осы ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатар маңызды жұмыстардың бірі болды. Себебі, неміс басқыншыларын тез арада күйретуге, жеңіске жетуге Бүкіл Кеңес халқын үгіттеуде маңызды орын алды. Ғылыми баспа жұмысы 1941 жылы мұрағаттың баспа бөлімінде біршама жұмыстар атқарылды, I- жарты жылдықта  Литература и искусство Казахстана  газетіне екі мақала дайындалып жарияланды. Көлемді құжаттық жинақ   История образования и развития КазССР жазылып аяқталды. Крассный архив журналының редакциясымен келісім бойынша, жарыққа шығуға дайындалып жатқан Түркістандағы Күйбышевтің қызметі  жөніндегі сегіз құжат анықталды. Осы жылдың II- жартысында Черкасск қорғанысы жөнінде жазылған мақала қазақ-орыс тілінде радиодан берілді. Қазақстанда негізінен ғылыми еңбектерді дайындап насихаттау жұмысы 1940 жылдың аяғынан бастап қолға алынды. 1942 жылы Қазақ ССР ІІХК Орталық мемлекеттік мұрағат құрамында ғылыми баспа бөлімі ашылды. 1942 жылы біріншіден, бүкіл орталық тарихи мұрағатта және Қазан революциясы орталық мұрағатында сақтаулы. Семей облыстық мұрағатынан әкелінген 4754 іс-қағазына және тағы басқа жерлерден келген іс-қағаздарға Қазақстанның пайдалы қазбаларының тұрақтары жөнінде картотека жасалды. Екіншіден, 1942 жылы  Алматы тарихы  атты ғылыми көпшілік кітапты шығаруға дайындық жүргізілді. Бірақ бұл еңбек ол жылы аяқталған жоқ. Ғылыми зерттеу және ғылыми көпшілік жұмыстар жылдық жоспарға сәйкес өткізіліп отырды. Негізгі бағдар  Қазақ ССР тарихына байланысты құжат материалдарына көзделді. 1944 жылы 14 сәуірде өткен ІІХК мемлекеттік мұрағат басқармасының ғылыми кеңесінің шешіміне орай, Қазақ ССР тарихының 12 томын, Қазақстанның 25 жылдық мерекесіне арнап 1945 жылы аяқтау міндеттелді.

    2. жылы 12 томдық бойынша:

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет