6 такырып. Жергілікті жансыздандыру Сабақтың мақсаты


Тыныс жолдары арқылы жалпы жансыздандырудың берілуі және берілмеу жағдайлары



бет13/16
Дата21.12.2022
өлшемі211 Kb.
#163833
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
6-7 такырыпжансыздандыру

Тыныс жолдары арқылы жалпы жансыздандырудың берілуі және берілмеу жағдайлары.
Мүлде берілмейтін жағдайлар: 1) жүрек қан тамырлары жүйесінің қызметін қалыптағыдай атқара алмау жағдайы; қан қысымының көтерілуі, естен тану, жүрек-тамыр жұмысының бірден төмендеуі (коллапс), қан аздық (анемия), улануға байланысты айтарлықтай қан қысымының төмендеуі; 2) өкпенің жедел қабынуы; 3) бауырдың аткаратын қызметінің бірден бұзылуы; 4) жедел нефриттер; 5) қатты жүдеп, арықтағанда және қан аздықтың ауыр түрлері; 6) бас, ми ісіктері және тағы басқалар.
Науқасқа жалпы жансыздандыру берер алдында ауыру сезімін төмендететін дәрілер беру (премедикация) болып есептеледі.
Ұйықтататын дәрілер (барбамил, этаминал-натрий, ноксирон және т.б.), анальгетиктер (промедол, омнопон), нейроплегиктер және гистаминге қарсы препараттар (димедрол, пипольфен), аналептиктер (кордиамин, лобелин, прозерин, цититон) және транквилизаторлар (реланиум, родедорм, триоксазин, седуксен, элениум және т.б.) пайдаланылады.
Таңертең анельгетиктер, нейроплегик және гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.
Жалпы жансыздандыру тәсілі.
Қысқа уақытта жалпы жансыздандыру үшін хлорэтилді пайдалануға болады.
Мұрынның, жақтың және иектіә күйіп қалмауы үшін оларға Вазелин жағылады. Тіл салбырал қалмауы үшін саусақтармен төменгі жақты алдына қарай ығыстырып ұстайды.
Аспаптық жансыздандыруда алдын ала оны даярлайды;
1) аспап жерге қосылады (сымы); 2) адсорбер 2/3 көлемінде таза натронмен толтырылады; 3) ауадан көмір қышқылы және су буы жиналмау үшін жұмыс істемей тұрған адсорбер жабылып қойылады; 4) эфир ыдысына бір флаконі (100 мл) құйылады және аспапқа жалғасады; 5) манометрдің көрсетуі бойынша баллондағы оттегінің мөлшері анықталады 6) жүйенің тығыз жабылғандығы тексеріледі.
Жалпы жансыздандыру үшін: 1) оттегін жіберу; 2) адсорберді ашу; 3) науқасқа маска кигізу; 4) дозиметрдегі оттегі реттегішін 1 мөлшерге дейін ашу, маскадағы клапанды тексеріп көру, масканы аспап жүйесіне жалғастыру; 5) "бірден оттегін беру" кнопкасын басу және онымен қалташаны толтыру; б) оттегі, эфир буымен араласу үшін, эфир ыдысын ашу керек.
Наркоз столының үстіне кеңірдекке кіргізетін түтікшелер, ауызды ашқыш, тілді ұстағыш, ауа өткізгіш, қайшылар, ларингоскоп, зарарсыздандырылған шариктер, салфеткалар, әртүрлі дәрі-дәрмектер (барбитураттар, миорелаксанттар және т.б.) орналастырылады.
Үлкен операцияларда венесекция, қан және т.б. үшін арналған заттарды және құрал-саймандарды жайып қою үшін тағы бір үстел қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет