6 такырып. Жергілікті жансыздандыру
Сабақтың мақсаты:
Жергілікті жансыздандыруға арналган әртурлі дәрі- дәрмектердің түрлері, қолдану және сақталу мерзімдерімен таныстыру;
Жергілікті жансыздандырудың дәрежелері, клиникалық сипаты және асқынуларымен танысу;
Жағу мен шаю (терминалды) жансыздандыру түрлерін үйрену;
Жергілікті жансыздандыру үшін (А.В. Вишневский әдісі) новокаин ерітіндісін дайындау техникасын үйрену;
Көк және қызыл тамыр арқылы, сүйекке, жұлын кабының сыртына (перидуральная анестезия) және жұлынға дәрі енгізіп жансыздандыру әдісін (спинномозговая анестезия) тәжірибе жүзінде көру, еске сақтау, меңгеру.
Сабақ орны: оқу бөлмесі, операция жасайтын бөлімше.
Сабақты жабдықтау: жергілікті жансыздандыруға керекті дәрілер новокаин, совкаин. дикаин, тремекаин және т.б. (шприцтер, инелер, тамырды ашу (веносекция) үшін керекті қандауыр. Кохердің ине ұстағышы, ине қысқышы, кетгут және жібек жіптер, спирт, йод ерітіндісі, екітісті ілмек, хирургиялық пинцет, зарарсызданған дәке орамдар, бинттер, науа (лоток).
Сабақ жоспары
Сабақты ұйымдастыру, оқутышының кіріспе сөзі
Үйге берілген тапсырманы ауызша сауалдармен немесе тестілердің көмегімен студенттердің білімін тексеру, жауаптарында келтірген қателіктерін түзетіп, білімдерін тереңдету
Жергілікті жансыздандыру әдісімен жасалған операцияларды студенттерге көрсету және жергілікті жансыздандырумен операция көтерген науқастармен сұхбаттастыру
Қорытынды сөз, үйге тапсырмалар
Сабақтың мазмұны
Жергілікті жансыздандыру және оның түрлері.
Жергілікті жансыздандыру деп науқастың есін жоғалтпай тек операция жасайтын жерді ғана ауыру сезімін болдырмауын айтады. Қазіргі уақытта хирургиялық тәжірибеде жергілікті жансыздандыру төмендегі түрлерде қолданылады:
1) жағу анестезиясы; 2) сіңіру (инфильтрациялық анестезия); 3) қораптық (футляр анестезиясы); 4) өткізгіштік (регионар анестезиясы); 5) көк және қызыл тамыр арқылы; 6) сүйекке; 7) мұздату; 8) жұлын қабының сыртына (перидуральдық анестезия); 9) жұлынға (спинномозговая анестезия).
Жергілікгі жансыздандыру өзінің кауіпсіздігіне байланысты хирургияда кең қолданылады. Операциялық жұмыстың 80% жуығы жергілікті жансыздандыру тәсілімен орындалады. Жергілікті жансыздандыру үшін аз уландырғыш препарат ретінде новокаин кеңінен қолданылады. Новокаин 0,25-0,5% ерітіндісі түрінде және кемірек өткізгіштік жансыздандыру үшін едәуір жоғары шоғырлығы (1-2% ерітіндісі) пайданылады, бір рет берілетін жоғарғы мөлшері 1,5 гр, новокаин бар флаконға "новокаин ерітіндісі" жазуы бар қағаз жабыстырылады, оның шоғырлығы және даярлаған күні көрсетіледі.
Жергілікті жансыздандыру үшін шприцтер, инелер және новокаин үшін арнаулы ыдыстар керек. Шприцтер және инелер басқа саймандардан өз алдына бөлек қоспасынан арылған суда зарарсыздандырылып, қайнатып, бұнда сода ерітіндісі қосылмайды, ол новокаинның күшін азайтады.
Новокаинға сезімтал науқастарда мына төмендегідей клиникалық белгілер болады: басының айналуы, жалпы әлсіздік, жүрегі айну, терінің және көздің былжыр қабаттарының сұрлануы, тамыр соғысының нашарлауы, жиі соғуы. Бұндай жағдайда жансыздатуды тоқтату, науқасқа дем алуға амилнитрит буымен (мақтаға 5 тамшы тамызып) дем алдыру, 1-2 мл 20% кофеин ерітіндісін, 1 мл 1% димедрол ерітіндісін беру керек. Барбитура қышқылының препараттарының: біреуін 5-10 мл 2% натрий тиопенталы ерітіндісін көктамырына немесе 2-3 мл 10% натрий барбигалы ерітіндісін не 0,1 г люминалды ішкізуге, немесе 5-10 мл 5% барбамил ерітіндісін тері астына, немесе 5-10 мл 5% натрий этаминалы ерітіндісі көк тамырына жіберіледі. Оттегімен дем алдырады. Новокаиннан басқа жергілікті жансыздандыруға бенкаин 0,5,1 және 2% ерітінді түрінде (стоматологиялық практикада), тримекаин (0,25-0,5-1% ерітіндісі сіңіру жансыздандыру түрі үшін және 2% ерітіндісі өткізгіштік және жұлын анестезиясы үшін), лидокаин (0,25-0,5% ерітіндісі сіңіру жансыздандыру үшін 1-2% ерітіндісі өткізгіштік және жұлыннан жансыздандыру үшін) дикаин (0,3% ерітіндісі жұлын қабының сыртына, 2-3% ерітіндісі жағу, шаю жансыздандыру үшін) пайдаланылады.
Сақталуы: А тізімінде (совкаин, дикаин), Б тізімінде қалған анесгетиктер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |