Жансыздандырудың тарихы.
Тек эфирді, хлороформды және азоттың қос тотығын қолдану ғана жансыздандырып операция жасауға мүмкіншілік берді. 1844 жылы тіс дәрігері Уэльс жансыздандыру зат ретінде азоттың қос (шала) тотығын ұсынды, 1846 жылы Мортон — эфирді, 1847 жылы Симпсон — хлороформды ұсынды.
Бірінші операция — төменгі жақ сүйекгің астындағы ісікті эфир наркозын беріп алып тастауды Уоррен 1846 жылы қазан айында жасады.
Ресейде бірінші рет эфир наркозын соғыс майданында 1847 жылы Кавказдағы Салты ауылы қоршауда қалғанда Н.И. Пирогов қолданды. Ол наркоздың кеңірдектің іші арқылы берілген наркоз (эндотрахеальды), көк тамырға, тік ішекке жіберу түрлерін, сондай-ақ эфир наркозының түп нұсқа қисынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Жергілікті жансыздандыру үшін, орыс ғалымы Анреп 1879 жылы былжыр қабықты жансыздандыру үшін кокаинды ұсынды. 1905 жылы Эйнхорн қазіргі уақытта жиі пайдаланып жүрген новокаинды ұсынды. 1889 жылы неміс хирургі Бир жұлын анестезиясын ұсынды. Жұлын төңірегіне ауыртпайтын затты жібергеннен кейін дененің төменгі жағы және аяқтардың толық жансыздануы жұзеге асады. А.В. Вишневский жылжымалы, сіңіру инфильтрат және футляр жансыздандыру тәсілімен жергілікті жансыздандыруды ұсынды және клиникалық практикаға кеңінен тарады.
Жансыздандыру жергілікті түрлерінен өткізгіштік жансыздандыру (Куленкамф), жұлынның сыртқы қабын (перидуральдік-Долиотт) жансыздандыру, жергілікті жансыздандыру, басқа да түрлері шығарылды.
Қазіргі уақытта наркоздық заттардың (эфирдің, хлороформның және т.б.) мөлшерін кеміту үшін наркоз алдынан морфин, скополамин, барбитура қышқылы дәрілері, фентанил және т.б. қолданылады. Наркоздың аралас және құрама түрлері бар. Жансыздандырудың бұл түрінде бұлшық ет релаксанттары деп аталушы релаксанттар (курареге ұқсас дәрілер) кең қолданылады, олар бұлшық ет күш-қуатын болдырмайды, бұл кеңірдекке трубка жіберуге және жансыздандыруды басқармалы дем алуға мүмкіншілік береді. Басқармалы дем алу наркоздыңн қауіпсіздігін азайту және қиын операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Жүрекке және қан тамырларына істелетін операцияларда жасанды қан айналысы, жасанды гипотермия тәсілдері қолданады.
Жалпы жаисыздандыру (наркоз).
Достарыңызбен бөлісу: |