Фторотан (флюетан наркотан) (Phthorothanum) - жақсы иісі бар түссіз сұйықтық. Жанбайды және жарылмайды. Эфирден едәуір күштірек, бірақ улырақ. 1-2 минуттан кейін науқас есін жоғалтып, тез наркоз басталады. Көбінесе азоттың қос тотығымен бірге қолданылады. Сарғыш түсті шыны флакондарда шығарылады.
Пентран (Pentran), метоксифлуран, ингалан жанбайтұғын және жарылмайтұғын өзіне тән көкөніс иісті, мөлдір, түссіз сұйықтық. Наркоздық әсері жағынан эфир және хлороформнан күштірек. 0,5-0,8 көлем процентін иіскеткенде едәуір ауырсынбау пайда болады. Операция бітерден 10-20 мин бұрын анестетикті беру тоқтатылады. Қара, тығыз етіп жабылған ыдыста сақталады.
Трихлорэтилен (Trichloraethylenum) — (трилен, наркоген) өзіне тән иісі бар түссіз, мөлдір жылдам ұшқыш сұйықтық. Күшті наркоздық зат, 0,4-0,7 көлем процент шоғырлығы аналгезия, 2-3 көлем процент шоғырлығы наркоздық нәтіжеге жетуге болады. Тығыз қақпақты ыдыста, салқын, жарық түспейтін жерде сақталады.
Тубокурарин-хлорид (Tubocurarini chloridum) — кристалды ақ ұнтақ, суда жақсы ериді. Тубокурарин бұлшық еттерін әлсірету, босаңсыту әсері бар. 1% ерітіндісін 1-1,5 мл көк тамырға енгізіледі. 2-3 минуттан кейін бұлшық еттердің әлсіреуі басталады, ол 20-30 минутқа созылады. Қайтадан жіберу қажет болса оның жарты мөлшері ғана енгізіледі, оның денеде жинақталып қалу әсері бар.
Диплацин (Diplacinum, Diplacini dichloridum). Суда жақсы еритін ақ ұнтақ. Диплацин тубокурарин сияқты қанқа бұлшық еттерін босаңсытатын қасиеті бар, сондықтан кеуде, қарын қуыстарына жасалатын операцияларда жиі қолданылады. Осы мақсатта диплацин, 2% ерітіндісін, 1,5-2 мг/кг көктамырға енгізіледі.
Осы релаксанттар пайдаланғанда науқас адам өз бетімен дем ала алмайды, наркоз беріп тұрған наркотизатор жасанды дем алуды есінен шығармауы керек.
2. Газ тәрізді наркоздық заттар
Азотың қос тотығы (Hydrogenium oxydatum) - шаттық беретін газ, темір баллондарда сақталады. Жанбайды, иісі жоқ, оттегімен араластырып, көбінесе 70-80 көлем процент азоттың қос тотығын және 20-30 көлемді процент оттегі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |