Жағу және шаюмен жансыздандыру.
Көз практикасында, урологияда, отоларингологияда, бронхологияда және т.б. қолданылады. Операция жасалатын жердегі тканьдарды жансыздандыру үшін 1-10% новокаин ерітіндісі, 1-3% дикаин ерітіндісі немесе 0,1% совкаин ерітіндісіне малынған тампонмен сүртіледі немесе шайылады.
Инфильтрациялық жансыздандыруы.
Бұл жансыздандыру тәсілі операция жасайтын жердегі тканьдарға жансыздандырушы заттың ерітіндісі қабат- қабатына жіберіледі. Бұл үшін әдетте 0,25-0,5% новокаин ерітіндісі пайдаланылады. Жансыздандырудың бұл түрі А.В. Вишневский ойлап тауып, тексеріп, пайдалануға ұсынды. Терінің кесілетін жеріне жіңішке инемен жансыздандыратан зат жіберіледі, бұл жердің терісі "лимон қабығына" ұқсайды, соңынан едәуір жуанырақ және ұзынырақ инемен тереңдегі тканьдарға жансыздандыру заты жіберіледі. Жансыздандыратұғын зат тканьдардың қабат-қабатына сіңіріп жіберіледі. Іш қуысы немесе кеуде куысында істелетін операцияларда іш пердесіне немесе көкіректің ішкі бетіндегі сірі қабыққа анестетик дәрісі жіберіледі.
Қораптық (футлярная анестезия) жансыздандыру.
Жансыздандырудың бұл түрін А.В. Вишневский шығарған. Аяқ-қолда істелетін операцияларда қолданылады. Кесілетін жерден жоғары жгут салынады, жгуттан төмен екі немесе үш жерден 0,25% новокаин ерітіндісін (500-800 мл) теріден өтіп қалақ сіңірі астына тереңірекке жіберіледі. Жансыздандырудың бұл түрі аяқ-қолдардың шет бөлігін кесіп алып тастауда (ампутация) кең пайдаланылады. Асқынулары: жгутты тез шешіп алғанда новокаиннан улану болуы мүмкін. Алдын алу тәсілі жгутты ақырындап шешіп алу және жоғарыда көрсетілген уға қарсы дәрілерді қолдану керек.
Өткізгіштік жансыздандыру.
Бұл новокаин ерітіндісін тікелей жүйкеге немесе оны қоршаған тканьдарға жіберіледі. Бұл үшін 1-2% новокаин ерітіндісі 10-20 мл мөлшерінде пайдаланылады. Жансыздандырудың бұл түрі (Оберст-Лукашевичтің өткізгіштік жансыздандыруы) саусақтарға жасалатын операцияларда өте кең қолданылады. Асқынуы: жүйкенің жарақаттануы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |