6 такырып. Жергілікті жансыздандыру Сабақтың мақсаты


Мейірбике-анестезист міндетіне мыналар жатады



бет4/16
Дата21.12.2022
өлшемі211 Kb.
#163833
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
6-7 такырыпжансыздандыру

Мейірбике-анестезист міндетіне мыналар жатады:

  1. дәрігер-анестезиологтің нұсқауы бойынша дәрілерді дайындайды;

  2. анестезиологиялық аппаратураны наркоз беруге, саймандарды, дәрі-дәрмектерді наркоздық заттарды, оттегін және т.б. даярлау;

  3. наркоздан кейін саймандарды және аппараттарды тазалау және зарарсыздандыру;

  4. науқасты наркозға өз уақытында алып келу және оны операциялық столға жатқызуды қадағалау;

  5. наркоздың барлық өту дәуірінде дәрігер-анестезиологке үздіксіз науқастың толық оянуына дейін жәрдем беру;

  6. операция уақытында наркоз картасына тамыр соғысын, дем алуды, кан қысымы және басқа да көрсеткіштерді жазып отыру;

  7. операция жасалған науқасты операция бөлмесінен операциядан кейін жатқызылатын бөлмеге апаруды бақылап бару және дәрігер-анестезиологтің нұскауы бойынша одан кейінгі бақылаулар. Мейірбике-анестзистің дәрігер- анестезиологтің рұқсатынсыз операция бөлмесінен басқа жаққа кетуге қақысы жоқ;

  8. жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді есепке алуды уақытында жазып және оларды дәріханадан алуды жүргізу;

  9. жансыздандырудың негізін білу, керек жағдайда маскалық наркозды бере білу және басқарылатын дем беруді жүргізу.

Операциядан кейінгі бірінші күндері наукастың жағдайын бақылап тұратындар дәрігер-анестезиолог және мейірбике анестезист болады. Қызметшіл төсек (функциональная кровать) керекті жағдайға қойылады. Жылытқыш, оттегін дымқылдауға арналған аппарат, дәрі тамшылатқыш үшін тіреу, аспиратор, фонендоскоп пен тонометр, зарарсыздандырылған шпицтер, реанимациялық жағдайда қолданылатып дәрі-дәрмектер салфеткалар, ауызды ашқыш, тілді ұстағыш, ауа өткізгіш, ларинтоскоп, кеңірдекке қоятын түтікшелер, жасанды дем алуға арналған аппарат, трахеостома жасау үшін жинақ, артерияга кан жіберу үшін жүйе, дефибриллятор даярланады, күнделікті, әдеттегі операциялардан кейін науқас жастықсыз шалқасынан жатқызылады. Аяқтарына резеңке жылытқыш қойылады, дымқылданған оттегін беру тәртіпке келтірілген. Қан немесе қан ауыстырушылар жіберіледі. Тамыр соғысы, дем алысы, тері қабатының түрі байқалады, қан қысымы өлшенеді. Бұл мәліметтердің бәрі арнаулы картаға жазылып отырылады. Науқастың жағдайына қарай бұл мәліметтер 15 минуттан, 30 минуттан немесе 60 минуттан кейін белгіленіп жазылады. Барлық өзгерістерді мейірбике- анестезист анестезиологксе білдіруі шарт. Ол науқастың қасынан бір минутқа да кетпеуі тиіс.
Интубациялық кезеңнен кейін тек өзінше дем алуы толық қалпына келгеннен соң ғана анестезист түтікшені кеңірдектен алып тастайды. Жұтыну рефлексінің пайда болуынан бұрын, тілдің түсіп-тығылып қалмауы үшін басты төмен түсіріп қою керек. Осы мақсатта кейде ауа өткізгішті қоюга тура келеді. Науқасты арнап ояту шарт емес. Құсығы дем агу- жолдарына кетпеуін болдырмау үшін науқастың басы капталына қисайтылады. Құсуы тоқтамаса, аминазин беріледі. Ұзақ уақытқа созылатын миорелаксанттармен -жүргізілген наркоздан кейін, дем алу кешігіп тоқтауы мүмкін, бұнда әдетте босаңсу, бұлшық еттердің әлсіреуі, үстіртін дем алу болып басталады. Бұл жағдайда оттегімен жиі дем алдыру, прозерин (миорелаксанттарга қарсы дәрі) атропин жіберу керек. Наркоздың асқынуларының арасында кеңірдекшенің сілекей немесе қанмен тығылып қалуы нетижесінде өкпе солуы (ателектазы) болуы мүмкін. Өкпенің солуын, кішіреюін болдырмау үшін бронхоскопия жасалынады, алдын алу үшін тәулік бойы 3-5 минуттан 10-12 рет дем алу денешынықтыру (қарын және көкірек гимнастикасы), қақырып тастау, резеңке ойыншықтарды немесе волейбол камерасы үрлетіледі (өкпедегі ауа қысымының көтерілуі оның жазылуына жәрдем етеді).
Жұлын операциясынан кейін науқас шалқасынан жатқызылады, басының астына жастық қойылмайды, науқасты бұндай жағдайда 2 тәулік ұстау керек. Науқастың тамыр соғысы және қан қысымы жұйелі түрде анықталып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет