Жалпы жансыздандыру дегеніміз — орталық жүйке жүйесінің терең қабаттарына әсер ету. Бұл жағдайда дәрі- дәрмектердің әсеріне науқас біртіндеп есінен танып, сезімін жоғалтады, бұлшықеттер босаңсып, тітіркендіктер әлсірейді, көздің қарашығы кішірейіп, жарықты сезбейді.
Наркоздың түрлері. Наркоздық заттар жіберу жолдарына қарап ингаляциялық және ингаляциялық емес жансыздандыру болып екіге бөлінеді.
Ингаляциялық наркоз жалпы жансыздандырудың бір түрі болып, бұнда наркоздық зат дем алу жолдары арқылы жіберіледі.
Ингаляциялық емес наркоздарға көктамырға, тік ішекке, тері астына жіберу жатады.
Наркоз ұйқысының тереңдігіне қарай наркоз үстіртін наркоз және тереңдеген наркоз болады.
Бір наркоздық заттың немесе олардың қоспасының жіберілуіне қарай, олар бір зат (азоттың қос тотығы, эфир, фторотан және т.б.) жіберілгенде таза наркоз, бұл заттардың қоспасы қолданылғанда аралас наркоз тек наркоздық заттар емес, ал басқа заттар қолданылып құралыстырылған (комбинацияланған) наркоз, тек наркоздық заттар ғана емес, ал олардың жіберу жолдары да түйдектелген болады. Көбінесе наркоздың бір түрі негізгі (базис) наркоз ретінде жіберіледі, ал ол басқа наркоздық затпен әрі қарай жүргізіледі.
Ингаляциялық наркоз. Наркоздың бұл түрі әр түрлі наркоздық заттарды (эфирді, фторотанды, хлорэтилді және т. б.) немесе газдарды (азот қышқылы, циклопропанды және т.б.) дем алу жолдары арқылы жіберу мен іске асырылады. Ингаляция үшін төмендегі наркоздық заттар кеңінен қолданылып жүр.
1. Сұйық наркоздық заттар
Эфир. (Aether pro narcosi) өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар, түссіз мөлдір сұйықтық. Жеңіл тұтанады. Эфирдің буынан ауамен қоспасы жарылуы мүмкін. Эфирдің сапасын анықтау үшін темендегі тәсілдер жасалады: 1) фильтрлік қағазда буланғаннан кейін иісі қалмауы тиіс; 2) шыныда буы ұшқаннан кейін әсер ететұғын ашқылтым шөгінді қалмауы тиіс (ерігенде көк лакмус кағазының қызаруы пайда болады). Сарғыш түрдегі шыны флакондарда 100 мл мағдарда шығарылады. Жарықжерге қоймай, оттан алыс сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |