6 такырып. Жергілікті жансыздандыру Сабақтың мақсаты


-тақырып. Жалпы жансыздандыру



бет7/16
Дата21.12.2022
өлшемі211 Kb.
#163833
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
6-7 такырыпжансыздандыру
19параграф.pptx, Әл фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
7-тақырып. Жалпы жансыздандыру
Сабақ мақсаты.

        1. Наркотикалық дәрілердің химиялық және физикалық қасиеттерімен танысу.

        2. Рецептер жазып үйрену.

        3. Эфирдің сапасын анықтау тәсілдерін жасап үйрену.

        4. Наркоз аппараттарының және жасанды дем алу аппаратының құрылысымен танысу.

        5. Науқасты операцияға дайындағанда анестезист мейірбикенің үстелін, оған салатын құрал-саймандардың жиынтығын дайындап үйрену.

        6. Маска арқылы наркоз беру тәсілін игеру.

        7. Наркоздың сатысы және дәрежесімен таныс болу.

Сабақ орны: оқу бөлмесі, операция жасалатын бөлімше, реанимация бөлімшесі, наркоздық аппараттар тұрған бөлме.
Сабақты жабдықтау: наркоздық аспаптар /аппараттар/, наркоздық карта, әртүрлі дәрі-дәрмектер, қайшылар, сүлгі қағаз, шприцтер, инелер, бинттер (жасанды дем алдыру аппараты /АИК/) ларингоскоп, тілді ұстағыш, ауа өткгзгіш, ауызды ашқыш, вазелин майы, трахеостомияға керек түтік, оттегі бар баллон, электрлік стимулятор, дефибриллятор тағы басқа заттар.
Сабақ жоспары

  1. Сабақты ұйымдастыру, мұғалімнің кіріспе сөзі

  2. Уйге берілген тапсырмаларды ауызша сауалдармен немесе тестілердің көмегімен студенттердің білімін тексеру, күрделі сауалдардың маңызын тереңдету, баға қою.

  3. Наркоз аппараттары тұрған болмедегі және операцияға пайдаланып жатқан аппараттың жұмысымен, құрылысымен, саймандармен таныстыру.

  4. Реанимация бөлімшесінде жатқан науқастардың сырқатнамаларымен танысу, сырқатнамадағы анализдермен, тексеру қорытындыларын талдау, науқасты қарау, зерттеу.

Оқытушының қорытынды сөзі, үйге тапсырмалар
Сабақтың мазмұны
Қазіргі уақытта ешбір операция алдын ала ауырғанын білдіртпей жасалынады. Бұл үшін ауыртпау тәсілі қолданылады. Ауыру сезімін білдіртпеу үшін қолданылатын көптеген шаралардың жинағын жансыздандыру деп атайды.
Жансыздандырудың төмендегі түрі пайдаланылады:

  1. арнаулы наркотик заттары (эфир, азоттың шала тотығы және т.б.) тыныс алу мен арнаулы заттарды (тиопентал натрий, гексенал, нарколан т.б.) көктамырға немесе тік ішек арқылы жіберіліп жалпы жансыздандыру жағдайына жетуге болады;

  2. ауыру сезімін болдырмау тек қана операция жасалатын жерге арнаулы дәрілер жіберіледі (новокаин, совкаин, тримекаин және т. б.) бұл жергілікті жансыздандыру деп аталады;

  3. жансыздандырудың аралас және құрама (комбинация) түрлері (әр түрлі наркотик заттарды тыныс жолдарымен дем алдырып жалпы жансыздандыру, дем алдыру және дәрі-дәрмектерді көктамырларына жіберу, жалпы жансыздандыру және жергілікті жансыздандыру т. б.)

Ауыруды білдірмеу және оның зардаптарымен күрес жүргізу анестезиологияның міндеті. Анестезиологияның үлесіне тек ауруды білдірмеу ғана емес, операция жасалып жатқан уақытында және операциядан кейінгі кезеңде дененің атқаратын қызметтерін басқаруға тура келеді.
Медицина ғылымының бұл тарауымен шұғылданушы дәрігер анестезиолог, орта медицина қызметкерлері анестезистер деп аталады.
Жергілікті жансыздандыруды операция жасайтын хирург жасайды. Операциядан кейінгі кезеңде немесе науқас жарақатқа, улануға және т. б. жағдайға душар болғаннан кейін науқасты клиникалық өлімнен, ауыр жағдайдардан шығару үшін арнаулы ем жүргізіледі. Бұл мәселелерді үйретуші ғылымды реаниматология деп, ал дәрігерді реаниматолог деп атайды.
Ірі ем мекемелерінде бұл мақсаттар үшін арнаулы қызмет орны — реанимациялық бөлім бар. Бөлімде анестезиолог-реаниматологгар, анестезист мейірбикелер, кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Бөлім арнаулы аспаптар және дәрілік заттармен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет