6 такырып. Жергілікті жансыздандыру Сабақтың мақсаты


Көктамырға берілетін наркоз



бет15/16
Дата21.12.2022
өлшемі211 Kb.
#163833
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
6-7 такырыпжансыздандыру

Көктамырға берілетін наркоз.
Тамырға берілетін наркоз үшін гексенал, тиопентал-натрий, виадрил, оксибутират натрий (ГОМК), сомбревин және т.б. қолданылады. Операция алдында науқастың жағдайына қарай, 300-800 мг көлеміндегі препаратты глюкозаның 5% ерітіндісі немесе натрий хлорилтін пзотоникалық ерітіндісімен араластырып, керекті шоғырлықтағы (2-5-10%) ерітінді даярланады. Жоғарыда кљрсетілген дђрі-дђрмектердіћ мљлшері њлкен адам њшін 1 гр аспауы тиіс. Наркоз алдында науқасқа 0,5- Імл 0,1% атропин ерітіндісі жіберіледі. Даярланған ерітіндісі 20 граммдық шприцке алынады және көктамырға 30-60 с. шамасында жіберіледі. Наркоз 2-3 минуттан кейін қоздыру, елірту сатысынсыз басталады. Ауыру сезімі жоғалады, науқас есінен танады, бірақ көз алмаларының қозғалуы сақталады, бұл наркоздың III сатысының бірінші дәрежесіне толық сәйкес келеді. Дем алудың нашарлауының алдын алу үшін оттегі беріледі. Наркозды бір қалыпта ұстау үшін науқасқа мезгіл-мезгіл дайын ерітіндінің 2-3 мл жіберіп тұрады. Көз қарашықтарының үлкейгені мөлшердің артық кеткен белгісі болып есептеледі. Препарат жіберуі тоқтатылады, кофеин және лобелин жіберіледі. Көктамырдан беретін наркоз бұлшық еттердің босауын керек етпейтін немесе интубациялық наркоздың алдындағы бастауыш наркоз ретінде кішігірім операцияларда бөлек қолданылады.
Тік ішек наркозы көбінесе балалар хирургиясында қолданылады. Әдетте 3% авертин немесе нарколан ерітіндісі пайдаланылады. Наркоздық заттың ерітіндісі жылытылыл алдын ата клизмамен тазаланған тік ішекке катетер арқылы жіберіледі. Ұйқы 15-20 минуттан кейін басталады және бірнеше сағат бойына кетеді. Наркоздық заттың мөлшері науқастың 1 кг салмағына 0,1-0.2 г алынады.
Нейтролептанальгезия.
Есі сақталып, ауыру сезімінің жоғалуымен мінездемеленетін өз алдына жансыздандырудың бір түрі. Ол фентанил анальгетигін (10-20 кг салмаққа 1 мл, 0,005% ерітінді) және дегидробензперидол нейролептик затын (1 кг салмаққа 0,5 мг) көктамырға жіберумен пайдаланылады. Қысқа уақытта наркоз үшін табиғи дем алуының сақталуымен өз алдына немесе 1-2 мл таламонада түрінде (фентанил және дегидробензперидол қоспасы) эндотрахеалық наркозбен бірге қолданылады.
Электронаркоз.
Әр түрлі параметрдегі элекгр тоғымен әсер ету жолымен жасалады.
Жансыздандырудың аралас және құрастырылған түрлері.
Наркозға бір зат (мысалы, эфир) қолданғанда таза наркоз, екі немесе бірнеше заттардың (мысалы, эфир және азоттың қос тотығы) араласпасы жіберілгендегі аралас: наркоз, заттардың және олардың жіберілу жолдары өзгертілетұғын: көктамырға гексенал жіберіліп науқас ұйықтай бастағанда эфир наркозы беріледі. Осыған байланысты наркоздық заттардың үлкен мөлшері берілмейді. Науқасқа терең ұйқы беру наркоздық заттың едәуір мөлшерін беруді талап етеді, бұл организм үшін ауыр және бұндай наркозды жүргізу қиынырақ. Осыған байланысты қарастырылған жансыздандыруда бұлшық ет релаксанттарын кең қолданыла бастады. Бұлшық еттердің босауы операцняларда өте керек. Миорелаксанттар науқастың интубациясын жеңілдету үшін науқастың өзі дем алуын тоқтату үшін пайдаланады, бұл басқарылатұғын дем беруде де керек.
Бұлшық ет релаксанттары (курареге ұқсас препараттар) қысқа (листенон, миорелаксин, дитилин және т.б.) және ұзақ әсер еткізуші (тубокураринхлорид, диплапин және т.б.) перепараттарға бөлінеді. Наркозға кірісу жоғарыда көрсетілген препараттардың біреуі көктамырға жіберумен басталады.
Наркоз аспабының маскасы арқылы науқасқа оттегі беріледі, қысқа әсерді миорелаксант жіберіледі, науқасқа интубация жасап, ол басқарылатын дем алу тәсілімен жүргізіледі. Негізгі наркоздық заттар (эфир, азоттың қос тотығы, циклопропан және т.б. немесе олардың құрамы) беріледі және ұзақ уақыт бұлшық еттерді босататын релаксанттарды егеді. Наркоздың бұндай түрі жансыздандырудың көпке созылуын, қанның оттегімен жеткілікті араласуын, бұлшық еттердің босауын және тағы басқаларды басқару үшін өте қолайлы болады.
Асқынулар сирек байқалады. Оларға дем алудың бәсеңдеп кетуі және сал болуы, кеңірдекшелердің, дауыс желбезегінің қысылып қалуы, рекураризация (операциядан соң белгілі уақыт өткеннен кейін, бұлшықеттердің қайтадан босауы және өз бетімен дем алудың тоқтауы) жатады. Бұндай жағдайларда қайтадан интубация жасалады, жасанды дем беріледі, бұлшық ет релаксанттарының әсерін тоқтатушы заттар: 0,05% прозерин ерітіндісі 2-3 мл мөлшерінде, тонзилон 70 мл мөлшерінде көктамырына, ниволин (гилантомин) 0,5-1 мл мөлшерінде 1% ерітіндісі тері астына жіберіледі. Антидоттарды берудің алдында көктамырына 0,5 мл 0,1% атропин ерітіндісі жіберіледі.


Жасанды суыну (гипотермия).
Жасанды суынуда заттар алмасуының едәуір бәсеңдеуі байқалады, бұл жүректің қысқа уақытқа (3-4 мин) тоқтап қалуына және көп қан алуға байланысты істелінетін операцияларда қолданылады. Температураның төмендеу дәрежесіне қарап сәл төмендеу (34-32°С дейін төмендеу), орташа (31-28'С-ға дейін), өте төмен (27-28°С гипотермия) болып бөлінеді.
Беру әдісі организмдегі жылылықты ұстау процесін тоқтату үшін дәрілер (2мл 2,5% аминазин ерітіндісі, 4 мл 0,5% этизин ерітіндісі, 2 мл 2% промедол ерітіндісі, 2мд 2,5% дипразин ерітіндісі) берілгеннен кейін құрастырылған наркоз беріледі, соңынан науқас мұздай суы бар ваннаға салынады немесе мұзы бар қалташалар науқастың денесіне қойылады. Операциядан соң науқас ыссы (судың температурасы 40-45°С) ваннада немесе қыздырғышпен жылытылады. Айырым жағдайларда тек жергілікті гипотермиясы ғана (басты арнаулы аппаратта суыту — краниогипотермия) қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет