Циклопропан (СЗН6) - өртену қаупі бар газ. Жарылуы мүмкін. Баллондарда сақталады. Наркоздық әсері тез. Көбінесе басқа заттармен (азоттың қос тотығы эфир) құраластырылып қолданылады.
Наркоздың сатысы және дәрежесі
Наркоздың жүргізілуі, нарқоздық заттың шоғырлығына және түріне қарай ол белгілі сатыға және дәрежеге бөлінеді.
Төменде эфир пайдаланылғанда наркоздың жіктелуі, топталуы, өтуі көрсетілген.
І-саты: ауырсынбау анальгезия сатысы — 3-4 мин өтеді және есінен тана бастауы, ауыру сезімінің жоғалуы мен сипатталады. Көз қарашықтары жарықты сезеді, тітіркенулер сақталады, қан қысымы және тамыр соғысы бұрынғыдай болады. Бұл сатыда (есін шала жоғалту — рауш-наркоз) кішігірім операцияларды (іріңдіктерді жару), ауыратұғын манипуляцияларды жасайды.
саты — қозу, абыржу-ұзағырақ созылады және қозғалу әсерлігі күшеюі, наукастың көтеріліп беталды сөйлеу әсерлігі менен (өз сөзіне мән бермей көп сөйлеу) сипатталады. Қан қысымы көтеріледі, тамыры тез соғады, бұлшықет күш-қуаты және тітіркену күшейеді, дем алыуы жиілеп, бір калыптта болмайды, құсуы мүмкін.
саты – хирургиялық сатысы. Басталу уақыты наркоздық затқа байланысты болады. Бұл сатыда хирургиялық операциялар жасалады. Саты төрт дәрежеге бөлінеді.
Бірінші дәрежесі (III1): есі толық жоғалады. Ауыру және қозғалу сезімдері болмайды, Көз қарашықтары кішірейеді, бірақ көздің сыртқы қабатының тітіркенгіштігі және бұлшық еттердің қатаюы сақталады. Көз алмасының бір тегіс жылжымалы козғалысы сақталады.
Екінші дәрежесі (III2;): коз қарашықтары кішірейеді, көздің сыртқы қабатының тітіркенгіштігі әлсірейді немесе жоғалады. Бұлшық еттер толық босаңсымайды. Бұл дәрежеде тілдің тандайға жабысуы қауіп туғызады.
Үшінші дәреже (ІІІ3): тамыр соғысы сирейді, қан қысымы төмендейді, дем алуы нашарлайды. Көздің қарашығы үлкейеді, көздің сыртқы қабатының тітіркенгіштігі жоғалады, бұлшық еттер толық босайды.
Төртінші дәреже (ІV4): дем алуы біраз үстіртін, көз қарашықтары кеңейеді, жарықты сезбейді, сыртқы көз қабығы көмескіленген, тамыры тез соғады, науқас қалсізденеді. Қан қысымы барған сайын төмендейді. Наркозды бұл дәрежеге жеткізуге болмайды, себебі науқасты өлімге алып келуі мүмкін.
Бұлшык еттердің толық босауына талап етпейтұғын операциялар үшін III1- III2 дәрежедегі наркоз ең қолайлы болады.
Іш қуысы мүшелеріне жасалатын операцияларды бұлшық еттердің жақсы босауы талап етіледі, осыған байланысты, қажетті жағдайда III3 сатының бастапқы кезеңіне дейін қысқа уақытта ұстап, содан кейін наркозды III2 дәрежесінің жоғарғы шекарасында беру дұрыс болады. III3 дәрежесінде ұзақ наркоз беруге болмайтындығын естен шығармау керек. Қазіргі заман анестезиологиясында бұлшық ет релаксанттарын қолдануда III1 дәрежесі толық жеткілікті болады.
IV саты — ояну сатысы. Наркоздың барлық белгілері кері тәртіпте жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |