6 такырып. Жергілікті жансыздандыру Сабақтың мақсаты


Кеңірдекке түтік енгізіп (интубациялап) жалпы жансыздандыру



бет14/16
Дата21.12.2022
өлшемі211 Kb.
#163833
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
6-7 такырыпжансыздандыру

Кеңірдекке түтік енгізіп (интубациялап) жалпы жансыздандыру. Қазір наркоз аппаратурасының көмегімен наркоздың анағұрлым жетілістірілген түрі интубациялық наркоз болып есептеледі. Ларингоскоптың жәрдемімен кеңірдекке түтікше жіберіледі. Кеңірдекке түтік жіберу алдынан маскалар немесе көктамырға гексеналды, тиопенталды немесе сомбревинді жіберу арқыльі науқас ұйықтатылады. Бұлшық еттерді босату үшін миорелаксанттар жіберіледі. Кеңірдекке түтік енгізу үшін науқастың басы шалқайтылады және ауызы ашылады. Ларингоскоппен тілдің түбі және тілшік алды шеміршегі алдына және жоғары қарай көтеріледі. Интубациялық түтікше дауыс желбезегі арасынан трахеаға өткізіледі. Интубациялық түтікше манжеткасына ауа жіберіледі немесе ауыз қуысы бинтпен тығындалады. Түтікшенің сырткьі ұшы наркоз аппаратына жалғастырылады және наркоз беруге дайын болады. Осыдан кейін басқарылатын дем алу әдісіне кіріседі. Наркоз біткеннен кейін, науқас өзі дем ала бастағаннан кейін түтікше алып тасталынады.
Эндотрахеалдық түтікшелер маска жуылғандай етіп жуылады, соңынан қайнаған суға 2 мин, 70% спиртке 2 сағат немесе 1:5000 диоцид ерітіндісіне 30 мин салып алынады. Ларингоскоптың пышағы және өткізгіші сумен сабындап жуылады, соңынан спиртпен сүртіледі.
Интубациялық наркоздың маскалық наркоздан артықшылығы: 1) тілдің түсіп, кептетілмеуі, басқа заттардың құсық массаларының, салдарынан дем алу жолдарының бітеліп қалуын болдырмайды; 2) наркоздық заттың мөлшері дұрыс өлшеніп және оны кем беруге болады; 3) газ алмасуы бұзылғанда жасалатын операцияларда басқармалы "управлямое" дем беруге мүмкіндік бар; 4) наркоздық зат оттегімен қысым арқылы жіберіледі; 5) ларингоспазмнан дем алу бұзылуы болмайды; 6) организмнің негізгі қызметін анағұрлым тәртіпке салады.
Интубациялық наркоздың кемшіліктері:
1) орындалуының қиындығы: 2) ауыздың, жұткыншақтың, дауыс желбезектерінің, тамақтың кілегей қабатының жарақаттануы, тістердің сынуы; 3) ларингиттер, жұткыншақтың былжыр қабатында жара пайда болуы; 4) интубациялық наркозды тек қана анестезиолог жүргізеді.
Газды наркоз.
Сұйық газдардан (эфир, фторотан және т.б.) газ тәрізді наркоздық затгардың әсерінен тез ұйқы келтіреді және тез оянумен аяқталады. Осыған байланысты наркоздың басқа түрлері жаман әсер ететұғын науқастарға газды наркоз қолданылады. Көбінесе азот қышқылы және фторотан оттегімен қолданылады.
Наркоздың азоттың шала тотығымен клиникалық өтуінде эфирдегідей сатылар байқалады, бірақ оның І-сатысы тез басталып және 1-2 мин ғана созылады, демігу сезімі болмайды, эйфорияда ("көңілді көтеруші газ) мас болу жағдайы пайда болады; II—сатысы әдетте жақсы білінбейді; III—сатысы 5-10 минуттан кейін басталады, бірақ бұлшық еттер әлі босамайды; сондықтан азоттың қос тотығы көбінесе басқа наркотиктер (эфир, барбитураттар және т.б.) және бұлшықет релаксанттары мен бірге қолданылады.
Циклопропан
Оттегімен беріледі, 3-5% мөлшерлі шоғырлығы анальгезия және есінен айыру, 10-13% мөлшерде үстіртін наркозды, 20-25% мөлшері наркоздың хирургиялық операция жасау фазасына әкеледі. Шоғырлығын жоғарылатуда тыныс алу жолдарын сал етуі жүрек қарыншаларының талшықтарының жиі-жиі тартылуын (фибрилляциясын) жасауы мүмкін. Осыған байланысты жүрек ауруларында циклопропан пайдаланбайды. Көбінесе Шейн-Ашман араласпасы: 11,7% көлемінде циклопропан, 58,9% көлемді оттегі және 29,4% көлем азоттың қос тотығы пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет