Маскалар және ингаляциялық наркоз үшін арналған аппараттар. Наркоздың берілу сатысынан бастап көп маскалар және аппараттар бар, олардың сапасы және құрылысы көбінесе наркоздың өтуіне тығыз байланысты болады.
Эсмарх және Шиммельбуш маскалары қарапайым, жабайы болып істелген. Садовенко маскасы кигізбен толтырылған темір ыдыстан тұрады.
Арнаулы аппараттар А—27, АН-І, УН-І, УНАП-2, полинаркон және тағы басқалар кеңінен пайдаланылады. Төрт блоктан тұрады: редукторлы баллоннан, дозиметрден, буландырғыш әр түрлі оттегі бар баллон көк түсті, азоттың қос тотығы бар баллон — сүр түрге, циклопропан баллоны қызыл бояуға боялған.
Баллоннан наркоз аппаратына берілетін газдың қысымын азайту үшін арнайы редуктор бар, ол өзара тұтастырылған жоғары және төмен басымдағы екі камерадан тұрады. Екі камерада манометрлер менен қамтамасыз етіліп және қысымды өлшейтін автоматтық реттегіштер бар.
Дозиметр — газдың жұмсалуын көрсететін аспап болып есептелінеді. Аспаптағы көрсеткіш ретінде белгілі дәрежеде (уровень) тоқтап, берілетін заттың мөлшерін (әдетте минутына литрлеп) көрсететұғын арнаулы қалтқылар болады.
Буландырғыш — сұйық наркоздық заттар (эфир, фторотан) үшін арналған аспап. Буландырғышта сұйық наркоздық зат газға айналады.
Наркоз аппаратының дем алу жійесі оттегін және наркоздық затты аппараттан науқасқа беру үшін арналған. Дем алу жүйесіне кеңірдектенген дем алу және шығару түтікшелері (шлангалар), клапандар жүйесі, адсорбер (натрон ізбесі) көмір қышқылының (углекислота) химиялық сорушысы бар аспап), дем алу қалташасы "гармошка" типіндегі үрлегіш, маска немесе интубациялық түтікше және адаптер — шлангалардан маскаға немесе интубациялық түгікшеге өткізгіш (переходник) кіреді.
Наркоз аппараты үшін арналған маскалар науқастың жасы есепке алынып ауыз және мұрынды жақсы тығындап жауып тұру мақсатында —әр түрлі мөлшерде даярланады. Иитубациялық түтікшелер әр түрлі мөлшерде (жаңа туғандар үшін N 00 ден бастап ересек адамдар үшін N 12-ге дейін) бір қуысты (трахеаны интубациялау үшін) және екі қуысты (бронхтарды жеке-жеке интубациялау үшін) болып істелінеді.
Ашық нобай, кескін. Науқас наркоздық затты атмосфералық ауамен бірге ішіне тартады, атмосфераға дем шығарады. Бұл жүйенің артықшылығы дем шығаруға қарсылықтың болмауы және жүйеде көмір қышқылының жиналмауы болып табылады. Кемшілігі наркоздық заттардың қанша берілген мөлшерін білу қиын және операция бөлмесінің ауасын былғайды.
Жартылай ашық кескін. Бұнда науқас атмосфера ауасының орнына наркоздық затпен бірге ішіне оттегін тартады, демі атмосфераға шығады. Кемшілігі алдыңғы жүйедегідей. Ал артықшылығы науқастың оттегімен дем алуы және наркоздық заттың мөлшері есептеледі.
Жартылай жабық кескін. Оттегін және наркоздық затты ішке тарту аппарат арқылы беріледі, ал дем шығару аздап атмосфераға және шамалап аппараттың дем алу жүйесінде болады. Артықшылығы наркотиктің жақсы мөлшерленуі және операция бөлмесінің ауасы наркоздық затпен ластанбауы, ал кемішілігі — дем алуға үлкен қарсылық болады.
Жабық кескін. Ауа түгел дем алатын қалташаға жиналады және адсорбер арқылы қайтадан науқасқа айналып келеді.
Артықшылығы — ішке тартылатын заттардың дәл мөлшерленуі және операция бөлмесінің ластанбауы, ал кемшілігі — науқастың ауаны шығаруына үлкен қарсылық болуы және жүйеде көмір қышқылының артық жиналуы болып есептеледі.
Ингаляциялық наркоздағы асқынулар және олардың алдын алу. Бұл асқынулар екі топқа бөлінеді: 1) наркоздың берілу уақытындағы асқынулар; 2) наркоздың кейінгі кезеңдегі асқынулар.
Наркоз уақытындағы асқынулар наркоздың берілу қателіктері, аппаратураның дұрыс жұмыс істемеуі. Бұл жағдайларда тұншығу және жүректің қызметінің тоқтауы мүмкін. Тұншығудың себептері: 1) механикалық себептер: (тілдің түсіп кетіп тыныс жолдарын тығындау, құсық массалары дем алатын жерге кетіп қалуы және т.б.); 2) улану себептер (наркоздық заттардың мөлшерінің артықшылығы); 3) рефлекторлық себептер (наркотиктердің әсерінен жүректің және дем алудың тоқтап қалуы).
Наркоздан кейінгі кезеңде әр түрлі асқынулар болады. Өкпенің қабынуы, оның кішірейіп қалуы, бронхиттер көбінесе эфир наркозынан кейін кездеседі. Бұл аскынулардың алдын алу үшін операциядан соңғы кезеңде науқастар жиі қозғалуы (дем алу гимнастикасын, қақырықты уақытында түкіріп тастау, ерте тұру) сондай-ақ антибиотиктерді және сульфамидтерді қолдану керек.
Жүрек жњмысының бұзылуы көбінесе циклопропанды, фторотанды және эфирді қолданудан кейін олардың улы жағдайынан болады. Алдын алу үшін жүректің жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектерді беру және наркоздық заттарды қолдануын кеміту болып есептеледі.
Бауырдың асқынулары көбінесе эфирді және хлороформды қолданғаннан кейін пайда болып, қызметінің бұзылулары мүмкін.
Алдын алу шаралары: миорелаксанттарды қолданып, ұйықтау сатысында наркоздық заттарды аз беру керек.
Бүйрек асқынулары зәрдің азаюы (олигурия) және зәрде белок болу түрінде болады.
Наркоздың және операциядан кейін заттардыә көбінесе углеводтық алмасуы бұзылады, осының салдарынан қан мен ұлпаларда қышқылдардың көбеюі пайда болдаы. Клиникалық белгілері: ацидозда науқастың басы ауырады, жүрегі айнып құсады, ұйқысы бұзылады. Ацидозды дәл анықтау үшін сілті — қышқыл жағдайын білу керек. Бұл үшін қазіргі уақытга '"Микро-Аструп" немесе "АЗИВ" аппараттары пайдалынады. Ацидозды емдеу үшін натрий бикарбонаты, инсулинмен глюкоза қолданылады. Басқа асқыну организмді сусыздануға және қанда хлордың азаюына әкеліп су-тұз алмастыруының бұзылуы болып есептелінеді. Көп сұйықтықтар, ас тұзы, изотоник ерітіндісі жіберіледі.
Наркоз уақытында жүйке жүйесіне тигізген әсерінен қиян, шеткі жүйкелердің сал болуы мүмкін. Көбінесе иық өрімі немесе жеке қол жүйкелері жүйке бағанасынын операция столының шетімен сүйектің арасында қысылып қалуынан болады. Салдықты арнаулы емдеу: прозерин, электрмен емдеу әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |