2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян», «Сарыарқа» толғаулары 1-тапсырма. «Үш қиян» толғауынан берілген ү



Дата20.11.2023
өлшемі18,63 Kb.
#192109
Байланысты:
8e6ad2172588fc5a4349f744333d199e


2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян», «Сарыарқа» толғаулары


1-тапсырма. «Үш қиян» толғауынан берілген үзінділерді оқып, автордың көтерген мәселесі, толғанысы, болжамы арқылы авторға мінездеме береді.

үзінділер

автор көтерген мәселе

қауіп-қатер, болжамдары

авторға мінездеме

  1. 1. Мал менен басты есептеп,

Баланың санын алғаны —
Аңғарсаңыз, жігіттер,
Замананы тағы да
Бір қырсықтың шалғаны!








  1. 2. Еділді тартып алғаны —

Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.







  1. 3. Жеті жұрт көшіп кеткен соң,

Атамыз қазақ баласы
Конып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Жүзден-жүзден нар байлап,
Дәулеті қалың біткен жер.







  1. 4. Байдан кетіп сақауат,

Пақырдан кетіп қанағат.
Діні басқа біреулер

  1. Ел биледі аралап.







2-тапсырма. «Сарыарқа» өлеңінде риторикалық сұрау, көркемдегіш құралдарды қолданудағы тілдік ерекшелігін талда. Осы жолдардан ақынның қандай көзқарасын тануға болады? Автордың ойын анықта.





Толғаудан үзінді

Тілдік ерекшелігі

автордың ойы, көзқарасы

1

Әуелі Әлім менен Табынды алды,
Тоздырып ақсүйектің тағын да алды. Әленді Күсеппенен Сібірге айдап,
Бұл жұрттың қара түгіл ханын да алды.
Қазақтың хан – шегесі, жер – мұрасы,
Тағынан хан тайған соң бақыры қалды. Ұршықты, Қарашоқы, Бәкі, Балқы, Машырық, Теке, Сарық, Мәрі халқын да алды.
Баласы мұсылманның нашарланды
Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?







2

Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге суы шыққан бие байлап.
Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,
Қылаңдар құюшы еді көзі жайнап.
Шақырып бір-біріне бие сойып,
Ақсақал тарқаушы еді кеңес ойлап.
Ат мініп алма мойын жібек жауып,
Мырзалар шығушы еді бұлағайлап.
Сыйласқан төре-хандай бір-бірімен,
Жүруші ек ағайынмен күліп-ойнап.
Халқымның салтанаты еске түссе,
Жүрегім өртенеді оттай жайнап.










Бағалау критерийі



Дескриптор

Балл

Білімалушы

Үзінділер бойынша авторға мінездеме береді




автор көтерген мәселені анықтады,

1

қауіп-қатер, болжамдарын жазды;

1

авторға мінездеме берді;

1

Үзінділер бойынша тілдік ерекшелігін талда, автордың көзқарасын анықтайды




автордың тілдік қолданысын талдайды;

1

автордың ойын анықтайды;

1

ақын бейнесіне талдау жасайды;

1

сауатты жазды;

1

Барлығы

7





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет