Сабақтың тақырыбы : С. Торайғыров «Қамар сұлу»



Дата10.03.2017
өлшемі85,56 Kb.
#11238
түріСабақ
Күні: 07.10.2011ж.

Сыныбы: 11 «Б»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы : С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, «Қамар сұлу» романы көтерген әлеуметтік мәселе, кейіпкерлер дүниесі, романның қазақ әдебиетіндегі маңызы мен ерекшелігіне талдау жасату, романға әдеби-теориялық талдау жүргізу арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.



Дамытушылық:

Оқушының шығарманы талдап, кейіпкер іс-әрекетіне баға бере білуін, ойын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру, қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды саралай отырып, өзіндік өмірге деген көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.



Тәрбиелік:

Кейіпкерлер іс-әрекетін талдай отырып, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, достық қасиеттерін бағалай білуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу .



Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, талдау, тұжырым кестесі, проблемалық сұрақ, автор орындығы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыптық тест, С.Торайғыровтың шығармалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындығына назар аудару

Саламатсыздар ма, балалар! (диалогтік сұхбат) Сіздерге бір сұрақ:

-Шәкірт үшін ең басты мақсат не және оқудағы басты мақсатымыз не болмақ?

-Ондай болса, сіздердей қара көздерді сауаттандыру мақсатында «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болуды армандаған», аз уақыт өмірі ішінде еліне бай да мағыналы қазына қалдырған ақын туралы білетіндерімізді ортаға салайық!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы.

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында сұрақ-жауап кезеңін жүргіземін.



С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Сұрақ-жауап кезеңі:

  • Ақын өмір сүрген жылдар?

  • Ақынның біліммен сусындаған Білім ордалары туралы баянда.

  • Ақын поэмаларын атаңдар.

  • Алаш ардагерлері туралы не білесің, оның ақын өмірінде қандай орны болды?

  • «Таныстыру» поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?

  • «Айқап» деген сөз қандай ойға жетелейді және Сұлтанмахмұттың қандай мақалаларын білесіңдер?

  • Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту .

Қазақ тарихының ең жарқын және ең қара түнек кезеңінің бірі 19-ғасырдың аяғы, 20-ғасырдың басы. Бұл мерзімді жарқын дейтін себебіміз- нұр сәулесін төңірегіне және болашаққа шашқан рухани тұлғалары көп. Дәл осы кезде «Қазағым, алашым» деп еңіреген А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатов, М.Шоқай сынды қазақтың біртура шоқ жұлдыздары өмір сүрді.

Жер жаннаты Баянауылдың перзенті біртуар ақын С.Торайғыровтың шығармалары да біздің дәуірге дұрыс жетпеді. Ол да өмірдің бұралаң жолдарын көзбен көріп, көкірегіне түйіп, жырлап кеткен ақын. Өткен сабақта біз осы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында білім алдық.. Енді бүгін қазақ әдебиетінде жаңа арна, тың серпін туғызған ақынның «Қамар сұлу » романымен танысамыз.

ІҮ. Жаңа сабақ. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу » романы.

(Романды мазмұндаймын.)


Кейіпкерлер:

Қамар ­ негізгі кейіпкер (15 жаста);

Ахмет ­ негізгі кейіпкер. Қамардың сүйген жігіті, Жәукенің баласы;

Омар ­ Қамардың әкесі. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан көзі ашық адам.

Қасен ­ Қамардың ағасы.

Жорға Нұрым ­ Қамардың күйеуі (50 жаста).

Қалтан қажы, Оспан би ­ Нұрымның жемтіктес достары.
Мазмұны: Қамар мен Ахмет сынды сауатты, саналы жастардың ескілік ғұрпын бұза алмай, сүйіспеншілігін тежеуге мәжбүр болуы, он бес жастағы Қамардың әкесінің қарсылығына қарамай, Қалтан қажы, Оспан би деген туыстары қатыны өлген Нұрым болысқа айттырып, қалыңмал алуы, қыздың көнбейтінін көрген соң, зорлықпен алып кетуі, басқа түскен қасіреттен ауру болған Қамардың надан бақсы­балгерлердің «емдейміз» деп көрсеткен азабынан өлуі, мұнша озбырлыққа шыдамаған Ахметтің Қамарды іздеп келіп, зорлықшылдан кек алмақ болып әрекеттенгенімен, өзі де ажал тұзағына душар болуы.
Ү. Жаңа сабақты бекіту мақсатында шығарманы кейіпкерлер әлеміне талдау жүргіземін.

1. Шығармадағы адамдардың тұрмыстық жай -күйлері қалай берілген?

Әңгімеле

2. Роман кейіпкерлеріне талдау жаса

3. Нұрым- қандай адам?

4. Қамар мен Ахметтің қосылмау себебі неде?

5. Сол замандағы бақсы-балгерлердің іс-әрекеті романда қалай берілген?

Проблемалық сұрақ: Романда кездесетін қарама-қайшылықтар осы заманда кездесе ме? Кездессе, қандай түрде? Неліктен «қатігездік-надандық белгісіне» саналады?

Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға.



Тапсырмалар: Көркем шығарма мәтінімен жұмыс.

Мына шумақтардан қазақ қызына тән қандай қасиеттерді көруге болады?

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай?!

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай?!

Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай,

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай?!

Жұп-жұмсақ бып-биязы ішке кіріп,

Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай?!
Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,

Бойының мінсіздігі онан асып.

Өзгеден сып-сыпайы Һәм сүйкімді ,

Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.


Талайы бозбаланың болған ғашық,

Уай, шіркін!Болсайшы деп бізге нәсіп.

Егер де Қамарменен тіл қатысса,

Құдай ұрып жым болар қара басып.


-Үзіндіде қазақ халқының қандай салт-дәстүрі бейнеленген?

Жазушы оны қандай бояумен,қандай әдіс-тәсіл арқылы жеткізеді?

«Уәделі күнінде басшы, қосшы, сауықшысымен сәулеттеніп, ілу-жыртыс, кәдені адам айтар емес мол қылып, көшкен елдей, пай шіркін, біздің ынтығып отырған болыс күйеуіміз де келіп қалды-ау!»


ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Тұжырым кестесін» толтыртамын.


Кейіпкерлері

Адами қасиеттері

Іс-әрекеттері

Қамар

Ахмет


Омар

Жорға Нұрым

Оспан би

Қалтан қажы










«Егер мен Қамардың орнында болсам, қиындықты былай жеңер едім» немесе «Егер мен жазушы болсам...» тақырыбында ойтолғау жазу.
ҮІІ.Қорытынды. Барлық ойды түйіндеу, оқушыларға ой тастау. Қашан да әділеттіліктің жаршысы болыңдар!

Тақырыптық тест:

  1. С.Торайғыровтың өлеңмен жазылған романын табыңыз.

а) «Бақытсыз Жамал»

ә) «Ақбілек»

б) «Кім жазықты?»

в) «Ботагөз»



  1. Омар, Жорға Нұрым қай шығарманың кейіпкерлері?

а) «Бақытсыз Жамал»

ә) «Қамар сұлу»

б) «Кім жазықты?»

в) «Әнші»



  1. Берілген сөздер «Қалың мал» романындағы кімнің сөзі?

«Байдың қатыны өлсе, ­ төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе, ­ басы қаңғырар» дегендей, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең, қызын біреу өзі­ақ әкеп тастар.

а) ауыл ақсақалдары

ә) Қарағұл

б) Серғазы

в) Амантай


  1. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың басына түскен жағдайға қабырғасы қайысып, араша түскен жанды табыңыз?

а) Нұрым

ә) Омар


б) Қалтан қажы

в) Оспан би



  1. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы қандай туынды?

а) психологиялық роман

ә) романтикалық поэма

б) әлеуметтік роман

в) эпостық шығарма



  1. «Қамар сұлу» романындағы ұнамды кейіпкерлерді табыңыз.

а) Батыраш, Қотыраш

ә) Жорға Нұрым, таз Жұман

б) Қалтан қажы, Оспан би

в) Ахмет, Омар, Қасен



  1. С.Торайғыров қандай ұйым ашпақ болған?

а) «Қазақ жастары»

ә) «Алға»

б) «Біздің мақсатымыз»

в) «Шоң серіктестігі»



  1. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатысып, «Алаш ұранын» жариялаған ақынды табыңыз.

а) М.Дулатов

ә) А.Байтұрсынов

б) С.Көбеев

в) С.Торайғыров


ҮІІІ. Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма:


1

2

3

Мазмұнын айтып келу. Ел, Отан туралы мақал-мәтел жазып келу.

Мазмұнын айтып келу, өзінің пікірін жазу. «Қыз өссе елдің көркі...» тақырыбында шығарма жазып келу.

Мазмұнын айтып келу. Шығармаға жоспар құру, «Мен елімнің болашағымын» тақырыбына ой-толғау жазу

1. С.Торайғыровтың өлеңмен жазылған романын табыңыз.

а) «Бақытсыз Жамал»

ә) «Ақбілек»

б) «Кім жазықты?»

в) «Ботагөз»

2. Омар, Жорға Нұрым қай шығарманың кейіпкерлері?

а) «Бақытсыз Жамал»

ә) «Қамар сұлу»

б) «Кім жазықты?»

в) «Әнші»

3. С.Торайғыровтың романын көрсет.

а) “Қалың мал”

ә) “Ақбілек”

б) “Кім жазықты”

в) “Абай жолы”

4. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың басына түскен жағдайға қабырғасы қайысып, араша түскен

жанды табыңыз?

а) Нұрым

ә) Омар


б) Қалтан қажы

в) Оспан би

5. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы қандай туынды?

а) психологиялық роман

ә) романтикалық поэма

б) әлеуметтік роман

в) эпостық шығарма

6. «Қамар сұлу» романындағы ұнамды кейіпкерлерді табыңыз.

а) Батыраш, Қотыраш

ә) Жорға Нұрым, таз Жұман

б) Қалтан қажы, Оспан би

в) Ахмет, Омар, Қасен

7. С.Торайғыров қандай ұйым ашпақ болған?

а) «Қазақ жастары»

ә) «Алға»

б) «Біздің мақсатымыз»

в) «Шоң серіктігі»

8. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатысып, «Алаш ұранын» жариялаған ақынды табыңыз.

а) М.Дулатов

ә) А.Байтұрсынов



б) С.Көбеев

в) С.Торайғыров
Каталог: uploads -> doc -> 0f1a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f1a -> Күні: 23. 02. 2016 ж. Тақырыбы: Жыр алыбы-Жамбыл Сабақтың мақсаты
0f1a -> Сабақтың мақсаты : Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру
0f1a -> Сабақ тақырыбы Қызыл шұнақ. Қар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет