Көктамыр және артерия тамыр арқылы жансыздандыру.
Созылмалы бинтпен аяқ немесе қолдар жансыздандырылғаннан кейін, осы бинттің үстіне операция жасайтын жердің үстіне көктамыр жгуты қойылады. Пункция жолымен немесе тамырды операциямен (веносекция) тауып алып оған новокаин ерітіндісі жіберіледі. Қолға 60-80 мл, аяқка 100-200 мл 0,25-0,5% новокаин ерітіндісі құйылады. Жансыздандырудың бұл түрі аяқ-қолдарға істелетін операцияларда қолданылады. Жгут тез шешіліп алынса новокаиннан улану мүмкін. Сондықтан жгут ақырын шешіліп алынады, асқынуларды емдеу үшін уға қарсы дәрілер беріледі.
Сүйек іші жансыздандыру көктамыр жансыздандыруының бір түрі болып есептеледі. Науқастың аяқ қолдарына жгут салынады, соңынан сүйектің жұмсақ жеріне (өкше сүйегіне, ортан жілік өскіндеріне, жіліншік сүйегінің жоғарғы басына, білек және шынтақ сүйектерінің бастарына) новокаин ерітіндісі жіберіледі. Жансыздандырудың бұл түрі операцияда және жарақаттануда, қозғалыс-сүйеніш мүшелерінде істелетін операцияларда кеңінен қолданылады.
Мұздату арқылы жансыздандыру. Бұл мақсат үшін тканьдарды жансыздандыруға керекті жеріне хлорэтил бүркіледі. Хлорэтилдің булануында температура бірден төмен түседі. Бұл мұздату жансыздандыру жағдайын береді. Оның көлемі үлкен емес операцияларда, мысалы, іріңдікті жару үшін қолданылады.
Жұлын қабының сыртына жіберіп жансыздандыру.
Жансыздандырудың бұл түрінде жансыздандырушы зат жұлынның сыртқы қабығының сыртына (перидуральное пространство) жіберіледі. Бұнда дикаин ерітіндісі 3:1000 изотоникалық ерітіндіде (20-30 мл), 1% тримекаин ерітіндісі (20-30 мл) немесе 1% лидокаин ерітіндісі (20-30 мл) пайдаланылады. Жансыздандыру тәсілінің бұл түрі катетрді перидуралдық қуыска жіберуде, көкірек қуысындағы операциялардан кейін ауыру сезімін бәсеңдету не жою үшік жиі қолданылады. Кемшілігі — оны орындауға көп уақыт керектігі, бұлшықеттердің босауының жеткіліксіздігі болып табылады.
Жұлын анестезиясы.
Жансыздандырудың бұл түрінде жансыздандырушы зат жұлынның қатты қабатының ішіне жіберіледі. Жұлын сары суымен араласып, (жұлын жүйкелері) оған малынып, жуылып осы арқылы ол ауыруды сездіртпейді. Ауырудың сезімі жансыздандырушы заттың жіберген жерінен төменірек жерден бастап жоғалады. Жансыздандыру үшін 5% новокаин ерітіндісінің 1-2 мл мөлшері, 1% совкаин ерітіндісі 0,5-1 мл, 1-2 мл 2% лидокаин ерітіндісі қолданылады. Жұлыннан берілген жансыздандыру қан қысымын төмендетуі мүмкін, оны есте сақтау жөн. Препарат жіберіп болғаннан кейін науқас шалқасынан жатқызылады. Басы шамалы көтеріңкі болады. Жансыздану 10- 15 минуттан кейін басталады. Жансыздандыру уақыты новокаинды пайдаланғанда 1-1,5 сағат шамасы, ал совкаинды, тримекаинды, лидокаинды пайдаланғанда 2,5. сағат шамасына созылада. Жұлын анестезиясымен іш қуысына, кіші жамбас ағзаларына және қолдарға әр түрлі операцияларды істеуге болады. Асқынулары төмендегілер: 1) пункция кезінде ине жүйке түбірлеріне тиіп қатты ауыруы; 2) қоллапс жағдайы болатындай қан тамырының қысымының төмендеуі. Асқынуларды емдеу үшін қан және оның алмастырушыларын құю керек, мезатон, эфедрин, адреналин, жүректамыр дәрілері жіберіледі.
Мейірбике анестезист жұмысының айырмашылықтары және науқасты наркоздан соң күту
Достарыңызбен бөлісу: |