84. Нерв орталықтары, олардың ұйымдастырылуы және қасиеттері (қозудың бір жақтылығы және кідірілуі, суммация, окклюзия, ритм трансформациясы, әрекеттен кейінгі құбылыс, қажу).
Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді
Жүйке талшықтарынын, физиологиялық қасиеттері мен олардың қызметтерін талшықты нейрон деиесінен бөліп алып жеке зерттеуге болады. Физиологияда мүндай талдау әдістері күрделі қүбылыстардың табиғатын анықтау үшін қолданыла береді. Жүйке орталыгынан шетке шыққан нейроның ұзын өсінділері топтанып түрлі жуанды-жіңішкелі жүйке қүрайды. Әр жүйке көп-теген талшықтардан түрады, мысалы бақаның шонданай жүйкесі 12 000-дай жүйке талшықтарынан кұралған.
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінің бірі оның козғыштығы, екіншісі — қозу процесін өткізу, Қозғыштық (тітіркендіруге жауап ретінде қозу процесінің пайда болуы) қозғыш тканьдерінің бәріне тән қасиет. Олар қозу процесін клеткалық мембрананың бойымен жылжытады яғни өткізеді. Қозуды өткізу жүй-ке үшін тек физиологиялық қасиеті ғана емес, оііың орындайтын не-гізгі қызметі.
Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері
Жүйке орталығында қозу бір бағытта өтеді
Жүйке орталығынан қозу баяу өтеді, яғни әр синапста 1 – 2 мс кідіреді (0,5 мс медиатордың бөлінуіне, 1,5 мс медиатор диффузиясына).
Тез қажу (медиатор санының азаюы, қуат қорының азаюы, постсинапстық рецепторлардың медиаторға бейімделуі)
Қозудың жинақталуы (суммация) – (1863 жылы И.М. Сеченов) ОЖЖ табалдырық күштен төмен қозуларды жинақтап, рефлекс жауапты тудырады. Жинақы қозудың екі түрін ажыратады:
кеңістік, ол конвергенцияғанегізделген;
бір іздік немесе уақыттық.
Конвергенция – бірнеше нейроннан келіп түскен әртүрлі серпіністер бір жүйке орталықтарында (нейрондарда) жиналуы. Конвергенцияның келесі түрлерін ажыратады:
мультисенсорлық;
мультибиологиялық;
сенсорлы-биологиялық;
аксосенсорлық.
Дивергенция – бір аксон тармақталып әр түрлі нейрондармен байланысады да көптеген синапстар құрайды. Сондықтан жүйке орталықтары бірден бірнеше рефлекстік іс әрекетке қатысады. Адекватты рефлекстік реакция пайда болады.
Окклюзия - «бітелу». Рецептивтік өрістердің бір бөліктерінің жабылуы. Жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан төмен болады.
Жеңілдеу – жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан жоғары болады.
Қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіш жиілігі мен күшіне тең болмайды, өзгереді – Трансформация.
Әсерден кейінгі жауап. Рецепторды тітіркенуі тоқтағанмен рефлекстік әсерлер жалғасады:
қысқа мерзімді (ізді деполяризация);
ұзақ мерзімді (қозу нейрондар арасындағы тұйық тізбектермен айналып жүреді).
ІЗ САЛУ – кейінгі серпіністер алғашқы серпіністерден жылдамырақ өтеді (морфобиохимиялық және физиологиялық өзгерістер)
Лабильбілділігі төмен.
Гипоксияға өте сезімтал.
Орталықтар кейбір фармакологиялық заттарға өте сезімтал.
Үздіксіз тонуста болуы.
Пластикалық қасиет тән.
Достарыңызбен бөлісу: |