61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


ОНЖ қызметінің рефлекстік принципі. Рефлексті анықтау. Рефлекстік доға, оның құрылымдық бөлімдері. Сезгіш, ендірме және қозғалтқыш нейрондар



бет21/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
61-90

80. ОНЖ қызметінің рефлекстік принципі. Рефлексті анықтау. Рефлекстік доға, оның құрылымдық бөлімдері. Сезгіш, ендірме және қозғалтқыш нейрондар.

Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштеріне беретін күрделі жауабы. Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817), рефлекс теориясын пайымдаған орыс ғалысмдары И.М. Сеченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин. Организмнің рефлекторлық әрекетінің арқасында организм сыртқы және ішкі ортаның түрлі өзгерістеріне жауап береді. Рефлекстің морфологиялық негізі рефлекторлық доға, яғни қозудырецептордан жүйке орталығына, одан шеткі ағзаға жеткіщзетін жол. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Биологиялық юбағыттануы бойыншарефлекс түрлері: қорғану, қоректік, жыныстық және ұрпағына қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу, И. П. Павлов бойынша "Бұл не?" рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады.

Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметтерінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бағанының каналында орналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құрсақ), аяқ-қол және мойын бұлшықеттерінің рефлекторлы орталықтары орналасқан, олардың қатыфсуымен бұлшықеттердің жиырылуы (тізе, ахиллов рефлексі), созылу рефлекстері, бүгу рефлекстер орналасқан. Мысалы, дәрет жіберу және дефекация, аталық жыныс мүшелерінің әрекеті, , асқорыту бездерінің сөл бөлінуі, асқорыту жолдарының қимылының қызметін реттейтін орталықтары жұлында орналасқан. ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады.

Организмнің қызметі – тітіркендіріске (стимулға) міндетті түрде рефлекстік жауап қайтару. Рефлекс дегеніміз организмдегі қабылдағыштарды тітіркендіргенде, ОЖЖ-нің қатысуымен жүзеге асырылатын реакциясы (жауабы). Рефлекстің құрылымдық негізі – рефлекстік доға. Рефлекстік доға дегеніміз тітіркендіруге организмнің жауабы мен реакциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жүйелі біріккен жүйкелік жасушалар тізбегі.

Рефлекстік доға бес құрамбөліктерден тұрады: қабылдағыштар, сезімтал (афференттік) жолдары, рефлекстік орталық, қозғағыш (эфференттік) жолдары, жұмысшы мүше (эффектор). Рефлекстік доғалардың екі түрі болады:

1) қарапайым – 2 нейроннан (рецепторлық (афференттік) және эфференттік) тұратын, арасында 1 түйіспе бар моносинапстық рефлекстік доғалар (мысалы, сіңір рефлекстерінің доғалары);

2) күрделі – полисинапстық рефлекстік доғалар. Олардың құрамына 3 нейрон (оданда көп болуы мүмкін) кіреді – рецепторлық, бір немесе бірнеше қондырғы және эфференттік нейрондар.

Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:


  • сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);

  • байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;

  • қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.

Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен (аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет