1-жүргізуші: Асем:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «1Желтоқсан- Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты жиынды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Ерболат:
Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды. Бейбарыс сен не айтасын? Шылым туралы?
(Бейбарыс) Қор болған темекіге қайран жігіт,
Тұрады-ау танауынан түтін шығып,
Сасығы ық жағынан жүргізбейді,
Жағымсыз көңірсіген исі шірік.
Достарыңызбен бөлісу: |