жеткен тұңғыш снпатгама грамматика. Панини 1993 түбір сөзді
тізіп беріп, түбірлердің мағынасы туралы айтқан.
Панини өзінің санскрит тілінің грамматикасында фонетикаға
ерекше мэн берген, онда түсініксіз
математикалық формулалар
да болған, 400 ереже берілген. Сонымен қатар, грамматикасын-
да нөлдік морфемаға, сөз таптарына, сөздің негізіне, түбіріне,
қосымшасына, ішкі флексияға, екпінге, интонацияға,
диалектілік
ерекшеліктерге тоқталған, көне үнді тілін әдеби тілмен салыстырып,
оның көне формалары туралы айтқан. Үнді тілін зерттегендер дау-
ысты, дауыссыздарға, фрикатив дыбыстарга, дыбыстық тіркестерге,
екпінге, интонацияға коңіл бөлген. Үндінің грамматикасын жазған
ғалымдар морфологияны 3-ке бөледі:
Сөз классификациясы (сөз таптары).
Сөздердің жасалуы.
Сөздердің өзгеруі.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог,
демеулік деп төрт топқа бөлген. Үнділер тілдік негізгі түлға -
сөйлем, өйткені ой тек сөйлем арқылы ғана беріледі дегенмен, син-
таксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.
Көне үнді лингвистикасында грамматикадан кейін мол зерт-
телген сала — фонетика. Онда дыбыстардың физиологиялық си-
паттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы арти-
куляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шүғьш,
ызың болып
бөлінетіндігін айтқан. Үнді лингвистикасының әлсіз жағы — тілдің
заман өткен сайын дамып, өзгеріп отыратын тарихи қүбылыс екенін
жете түсінбеген. Оз зерттеулерінде объекті етіп жазба тіл фактілерін
алғанда, сөйлеу тіліне мэн бермеген. Жэне тілдік фактілерді
дэлдікпен сипаттағанымен теориялық қорытынды шығарып
отырмаған, зерттеу тек сипаттама түрінде болған.
Ежелгі Қ ы тай тіл білімі
Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты
қамтиды. Қытай тіл білімі XIX ғасырдың аяғына дейін басқа
елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Бірақ Қытай
тіл білімі элемдік тіл гылымына мәнді үлес қосқан жоқ, үлттық
шеңберден аса алмады. Қытай жазба ескерткіштері б.з. 15
гасыр
бүрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, жауырынга жазылып
61
сақталған. Ат қою теориясы мен грамматикалық өиер теориясы
ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған фи-
лософ ғалым Конфуций болды (б.з.б. 551-479 жж.). Оның ойынша,
зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болады, атау затгың
табиғатына сай болуы керек. Бұл — қате тұжырым. Ат қою теори-
ясымен қатар ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі
қаланған. Грамматикалық іл ім қытайлардың көне жазуы -
иероглиф-
ке негізделген. Қытай иероглифі б.з.б. I ғасырдың өзінде-ақ белгілі
нормаға келтіліріп,
уставтьщ, жартъиіац уставтық және жыл-
дам жазу
делінген үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты
пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген.
Көне жэне ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі
филологиялық мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Олар:
1. көне сөздердің мағыналарын айқындау,
2. иероглифтің кұрылысы мен этимологиясын айқындау,
3. фонология.
қалыптасқан
тұлға — сөз. Сондықтан иероглиф
іі таңбалайды. Ежелгі Қытай
л и н і
міндеті
таңбалардың
мағынасын, оларды қалаи оқу, қалаи
қолдану жолдарын аиқындау
болатын. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалды. Бүгінге жеткен сондай
сөздіктердің бірі - «Эрья» сөздігі болып саналады. Сөздік бұрыннан
сақталған діни жазбалардың сөздерін - иероглифті түсіндіруге
арналған. Сөздікте иероглифті талдау, жүйелеу, оларды оқудың,
түсінудің ережелері берілген. Кейінгі кездерде осы сөздікке еліктеп
көптеген сөздіктер жасалған. Солардың ең бастысы «Шо вянь»
сөздігі (Жазулар түсініктемесі) б.з. 121 жылы жасалған. Онда он
мыңға жуық иероглиф қамтьшған, бұл элемдегі ең алғашқы толық
түсіндірме сөздік болып табылады. Сөздік Қытайдың иероглифін
талдауға,
этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Қытай тіл
білімі көрші жатқан Корей, Жапония, Вьетнам, ХІ-ХІІІ ғасырларда
Танғұт тіл білімдеріне зор ықпалын тигізді.
62
Ежелгі Түркі тіл білімі
Ежелгі түркі тіл білімін айтканда Орхон-Енисей, көне
үйгыр жазбалары ерекше аталады. Әсіресе, ежелгі түркі тіл білімі
көрнекгі лингвист Махмүд Қашкаридың еңбегі арқылы сипаг-
талады. М.Қашқари «Диуани лүғат ит-түрк» («Түркі
тілдерінің
сөздігі») деген үш томдық еңбегі бүкіл түркі дүниесін сипаттаған
энциклопедиялық сөздік балды. Сөздік 1072-74 жылдары жарық
керген. Онда түркі тілдес көптеген тайпалар сөздері өзара салы-
стырыла зерттелген. Сондықган да Махмүд Қашқари тіл білімі та-
рихында салыстырмалы-тарихи әдістің негізін салушы ғалым деп
санапады.
«Диуани лүғат ит-түрк» сөздігі — түркі тілдері жөніндегі
ең түңгыш, ең көлемді және ең терең мэнді ғыпыми еңбек.
Соны-
мен қатар, бүл сөздік — бүкіл тіл білімі тарихында эртүрлі тілдер
факгілерін бір-бірімен салыстыра зерттеу әдісін қолданған түңғыш
туынды. Оның түркі тілдері тарихы үшін мэні орасан зор. Егер тіл
білімінің тууына салыстырмалы-тарихи эдістің септігі тиді дейтін
болсақ, онда аталған сөздіктің тіл білімін дамытудағы рөлін ерекше
атап өткен жөн. Махмүд Қашкаридың бүл сөздігіне профессор В.
А. Звегинцев: «Салыстыру эдісін саналы ғылыми принцип ретінде
негізге алған шын мәніндегі түркі тілдерінің энциклопедиясы» деп
баға берген болатын [2. 21].
¥сы ны латы н әдебнеттер:
1.
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
2.
Звегинцев В.А. Очерки по общему языкознанию. Москва,
3.
Шарафутдинова Н.С. Теория и история лингвистической
науки. Москва, 2007.
4.
Сусов И.П. История языкознания. Электронный учебник.
Тверь, 1999.
5.
Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.
6.
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі.
Алматы, 2005.
63