сөйлем бір құрамды да, жайылыңқы да болады. Мүшеге бөлінуі
жағынан да сөйлем байымдаудан өзгеше.
Логикалық категориялар мен грамматикалық категория-
лар арасында да үйлесімсіздік көп: логикада сөздер затты, сапа-
ны, эрекетті білдіретін түрлерге ғана бөлінеді. Ал грамматикада
бүлардан басқа да сөздер табы бар. Тілдік формалардың бэрі бірдей
логикалық мазмүнға ие емес.
Логикалық үғым мен сөз мағынасы арасында да көп
өзгешелікте кездеседі. Сөздер тек үғымды ғана емес, үғымға жат-
пайтын эртүрлі мағыналарды да, түйсік, түсінік, сезіну, қабылдау,
нүскауларды да білдіреді. Сондай-ақ, сөздер көп мағыналы болады,
кейде белгілі бір үғым жеке сөз арқылы емес, сөздер тіркесі арқылы
да беріледі. Логикаға қарағанда тілдің мүмкіндігі де, өрісі де орасан
кең.
Логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасыдағы
үйлесімсіздікті
ашумен
қатар
психологтар ойлау түрлерін
жете зертгеуге, ойлаудың бейнелі, эмоционалды, техникалық,
индивидуалдық түрлерін айқындауды міндет етіп қояды. Олар
логикалық формаларға, логикалық байымдауларға түсінік бірлігін,
психологиялық байымдауды қарсы қояды, сөйлеу әрекетін, сөйлеу
контексін зерттеуді үсынады. Психологиялық бағытта мэселені
тіл ғалымдары секілді тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы демейді,
сөйлеу мен ойлаудың карым-катысы дейді. Өйткені психологтар
үшін негізгі проблема - адамдардың сөйлеу әрекеті. Сөйлеу эрекеті
сөйлеушілердің психикасымен байланысты.
Тілді логикалық түрғыдан қарастыру б.з.д. Ү-І ғасырлардағы
грек философиясына, орта ғасырлардағы батыс еуропалық
схоластикалық ғылымға, XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы бірқатар
мекгептер мен бағыттарға тэн.
Тіл білімінің логикамен байланысы ежелден белгілі. Стоик-
тер енгізген «логика» термині ойдың сөзбен берілуі деген үғымды
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: