90
философ
ТІЛДІҢ
мәніне байланысты. Оның пікірінше, тілдің негізгі қызметі - ойды
қалыптастырып, жарыққа шыгару. Тіл дегеніміз - дыбыстық ойлау
дейді. Тілдің ойды қалыптастыратын құрал екені даусыз, бірақ ол
тілдің иегізгі жэне бірден-бір қызметі емес, оның негізгі қызметі
- қарым-қатынас жасау қызметі. Бұл жөнінде ол ештеңе айтпайды.
А. Ш
тілдегі болатын
өзгерістерге, тіл тарихына байланысты. Ол тілдегі өзгеріс адам
еркіне тәуелсіз, өзіндік заңы бойынша іске асады, сондықтан ол
биологиялық ағза тобына жагуы тиіс, өйткені биологиялык ағзалар
да басқаларға тэуелсіз, өз заңы бойынша өзгереді, сөйтіп екеуі де
өзгерудің бір ғана заңына бағынатындықтан, екеуіндегі өзгерістің
сипагы да бірдей, яғни тілдегі өзгеріс, қоғамдағы өзгерістер сияқгы,
тілдің дамуы мен тарихын көрсетпейді, биологиялық ағзадағы
сиякты тек өсу, қартаю ғана болады дейді. Тілдік өзгерістерді А.
Шлейхер тарихқа дейінгі, тарихтан кейінгі деп екі жікке бөледі де,
тілдің тарихқа дейінгі өзгерісі оның дамуы, тарихы болады да, та-
рих басталғаннан кейінгі өзгерісі оның дамуы емес, тек өсуі ғана
дейді. Бұл - қате пікір.
А. Шлейхер үндіеуропа тілдері тараған ататілді мүсіндеу
мэселесімен де айналысты. Оның бұл саладағы теориялық
тұжырымы ғылым тарихында «Тілдер тегі» (родословное древо)
одан
■
геушілер арасында бұл
теорияны қолдаушылар да, қарсылар да бар.
Бұл
Л
А. Шлейхер тіл білімі мен филология арасындағы қарым-
қатынасты да сөз етті. Оның пікірінше, тіл ғылымы жаратылы-
стану ғылымдары құрамына енетіндікген, ол тарихи ғылым емес,
ал, филология - тарихи ғылым. Өйткені филология жазбалар тілін
зерттейді. Жазбалар тілі дейтініміз - тарих, онда халықтың руха-
ни өмірінің тарихы бар. Сондықтан филология тек тілді ғана емес,
халықтың рухани өмірінің тарихын зергтейді.
А.
Шлейхердің тіл табиғатына, мэніне, тарихына байланы-
сты айтқан пікірлерінің қате бағытта болғанына қарамастан, оның
концепңияларында ойлы, тартымды жүйелілік бар. Сол себепті де
көпшілік назарын аударды, қолдаушылар да, қарсылар да көп бол-
ды. Ғылымда А.Шлейхер еңбеісгерімен компаративистиканың I
дәуірі аяқталды деп есептеледі.
Жас
Жас грамматистер бағыты XIX ғасырдың 70-жылдарынан ба-
стап қалыптасты. Алғаш қалыптасқан жері - Германия. Бұл багыт
кейде Лейпциг тіл білімі мектебі деп те аталады. Себебі негізгі
өкілдері Лейпциг университетінің ғалымдары - К. Бругман, Пауль,
А. Лескин, Б. Дельбрюк т.б. еді. Францияда М. Бреаль, Швейцария-
да Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г. И. Асколи, Ресейде
Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Боду-
эн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикаліық мектебі болды.
Олардың негізгі тезисі - фонетикалық заңдарды өте қатал
сақтау. Олар «тіл - адам баласы мәдениетінің жемісі, тілдің өмір
сүруінің негізігі формасы - дара тіл» деп, тіл тарихын психология
түрғысынан түсіндіріп, тілге дүрыс анықгама бере алмады.
Олардың бағыттарын, үстанымдарын анықгап баяндайтын
тіл білімінде еңбектер баршылық. Мәселен, ең бастыларының
қатарына Г. Остгоф пен К. Бругманның «Үндіеуропа тілдерінің
морфологиялықзерттеулері» (1878) дейтін кітапқа жазған ал ғы сөзін,
Г. Паульдың «тіл тарихының принциптері» (1880), К. Бругман мен
Б. Дельбрюктің «Ү ндіеуропа тілдері салыстырма грамматикасының
негізі» (1886-1900) атты еңбектері жатады.
Жас грамматистер бағыты өз зерттеулеріне екі түрл і принципті
негіз етті. Оның бірі — тарихи (историзм) принцип те, екіншісі —
психологизм принципі. Сондықтан ол кейде психологиялық салы-
бағыттың
факторлары әсер етті
салыстырмалы
бүлар
өзгертуді
амал
зертгеудің жаңа эдістерін енгізуді мақсат етті.
Жас грамматистер тіл білімінің дамуына көп үлес қосты.
Олар салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейін орын
алып келген көптеген кемшіліктерін дүрыс ашып, компаративи-
стиканы жаңа, жоғары сатыға көтерді. Туыстас тілдер семьясы
92
жөнінде көптеген құнды зерттеулер берді. Натуралистік бағыттың
кемшіліктерін дәлелдеп берді. Туыстас тілдердің дыбыстық
ұксастықтарын айқындаудың жолдарын, амалдарын нақтылап,
жегілдірді. Үндіеуропа тілдеріндегі фонетикалық заңдылықтарды
тілдік деректер арқылы талдап көрсетті. Ү ндіеуропа тілдерінен ора-
сан көп нақгы тілдік материалдар жинап, нэтижесінде үндіеуропа
тілдері материалдары негізінде түрлі салыстырма сөздіктер жаз-
ды. Бүл материалдар тіл білімінің практикалық саласының да-
муына мүрындық болуымен қатар, кейінгі дэуірлерде тіл білімін
теориялық жағынан жетілдіре түсуғе, тіл білімінде бүрын болмаған
немесе тым елеусіз болып келген диапектология, лингвистикалық
география, эксперименталды фонетика сияқгы жаңа салалардың
туып, қалыптасуына көп септігін тигізді. Туыстас тілдер деректерін
өзара диахрондық жолмен салыстыру эдісі өзінің ең жоғары саты-
сына көтерілді.
Жас граммагистердің жетістіктерімен қатар кемшіліктері де
көп болды:
Олардың
тілдің
табиғагы
жөніндегі
философиялық
түжырымдары дүрыс болмады. Тілді туғызатын да, дамытатын да
жеке адамдар дегенге сүйеніп, индивидуумдар тілін зерттеу керек
дегендері қате.
Дерекке сүйену дегенді желеу етіп, ғылыми абстракцияның
мэнін ескермеді, тілдің шығуы туралы мәселені тш білімінің ныса-
ны емес дегендері қате.
Лингвистикапық талдау сөйлеу тілі дерегіне сүйену қажет
деген қағиданы берік үстап, жазба тіл дэстүріне жеткілікті мән
бермеді.
Барлық назар туыстас тілдер деректерін өзара салыстыра
зерттеуге аударылды да, туыс емес тілдердің бір-біріне тигізетін
эсеріне, тілдік контакт мәселесіне жеткілікті көңіл аударылмады.
Тілдің
ішкі
заңдылықгарына
аса
мэн
беріп,
экстралингвистикалық факторларға мүлдем назар салмады, т.б.
Жас грамматистердің бүл олқылықтары XIX ғасырдың
аяғында анық баиқалды.
93
Мэскеу лингвисі и калы қ мектебі, негізгі идеясы
Мәскеу лингвистикалық мектебін XIX ғасырдын 70-80 жыл-
дарында Мәскеу университетінің галымдары қалыптастырды.
Негізгі өкілі - Ф. Ф. Фортунатов (1848-1914). Ол - Германияда,
Францияда, Англияда болып, жас грамматистер багытын қолдаган,
дәрісін тыңдаган, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологи-
ясын зертеген ғалым.
Келесі бір өкілдері - А. А. Шахматор (1864-1920) пен А. М.
Пешковский (1878-1933) болды. Мәскеу мектебі индивидуалдық
психологизмді өздерінің әдіснамалық негізгі ұстанымы деп сана-
ды. Лейпциг мектебі секілді бұлар да тілдің фонетикалық заңын өз
зерттеулеріне арқау етіп отырды. Бұлардың тұжырымдары психоло-
гизм принципіне негізделеді. Ол XX ғасырдың 30-жылдарына дейін
Н. Марр кезеңіне дейін өмір сүрді.
Қазан лингвистикалы қ мектебі, негізгі идеясы
Қазан лингвистикалық мектебі Қазан университетінде XIX
гасырдың аяғында пайда болды. Өкілі - Бодуэн де Куртенэ (1845-
1929). Ол жас грамматистерді қолдады. Дегенмен, ол екінші
жағынан, «тілде даралықпен қатар жалпылық та болады, бұл екеуі
бірлікте» дейді. Сөйтіп Б.де Куртенэнің бағыты индивидуалдық
психологизм де, элеуметгік психологизм де болды. Бұл — бүкіл
Қазан мектебіне тэн тұжырым. Олардың көтерген тағы бір мәселесі
- тілдің статикапық жэне динамикалық күйі деген мэселе. Жас грам-
матизм ізімен бұлар да тілдің динамикалық күйін, екінші жағынан,
тілдің статикалық күйін зерттеуге көңіл бөлді. Қазан мектебінің
өкілі Б. де Куртенэ фонема мәселесін ерекше зерттеді.
Қазан мектебінде В. А. Богородицкий, Н. В. Крушевский, Л.
В. Щерба, Е. Д. Поливанов сынды ғалымдар да болды.
Ү сы ны латы н әдебиеттер:
1.
Сусов И.П. История языкознания. Москва: Восток - Запад,
2006.
2.
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
1979.
3.
Общее языкознание. Формы существования, функции,
история языка. Москва, 1970.
Достарыңызбен бөлісу: |