Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет34/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
b1938

Лондон мектебі
XX ғасырдың 40-жылдарында қалыптасты.
Мектепті қалыптастырушы - Джон Руперг Ферс (1890-1960). Лон-
дон структуралық мектебі өкілдерінің қатарында тағы да У.Ален,
X. Р.Роббинс, У. Хаас, т.б. болды. Олар нақты тілдердің өзіне тэн
ерекшелікгерін көрсететін жалпы теория құруды мақсат етгі.
Сондықтан Африка, Азия және Океания елдерінің «экзотикалық»
тілдерін зерттеуге аса ықылас танытты. Мекгеп этнограф әрі
антрополог галым Б. К. Малиновскийдің мәдени-әлеуметтік
тұжырымдарына сүйенді. Лондон структуралистерінің пікірінше,
қоғамның элеуметтік жэне тілдік құрылымы өзіне сай басқаша 
|
өмір сүргенмен, өзара өте тығыз байланысты дүниелер. Қоғам, тіл,
жеке түлга ажырамас біртүтас кешен іспеттес. Тіл мен мэдениеттің
байланысын қарастыруда лондондық лингвистердің ұстанымдары
Л. Леви-Брюльдің, К. Леви-Стростың, Э. Сепирдің, Б. Уорфтың
антропологиялық жэне этнографиялық теорияларына өте жақын 
болды. [1. 307].
Лондон структуралық мектебінің ұстанған ұстанымдары 
төмендегілер болды:
98


Лингвистикапық зерттеулер тіл жүйесін талдаудан басталмау
керек, тілдік қолданыстарды элеуметтік үдерістің бір бөлігі ретінде
қарастыру дұрыс деді.
Сөздің мағынасы мэтіндегі қарым-қатынас кешені ретінде
танылуы тиіс деді.
Лондон 
структуралық 
мектебінің 
лингвистикалық
тұжырымдарының негізінде Дж. Р. Ферстің концепциясы жатыр. 
Ферс сөздің мағынасын зерттеуге лингвистика ілімінің барлық 
мазмұны сыйғызылады деп есептеді. Лондон мектебінің барлық 
теориялық жэне қолданбалы зерттеулері сөз мағынасын зерттеу- 
ге арналды. Лондон мектебінің өкілдері «мағына» деген ұғымға 
өзіндік түсінік береді. Олардың түсінігінде мағына - ол қызмет 
түрі. Бұл терминнің түсінік аукымы өте кең болды, ол тіпті кез кел- 
ген лингвистикалық жэне экстралингвистикалық жағдайларды да 
камтыды. Сол себепті «мағына» терминініңұғымдык мазмұны кеми 
бастады. Оны Дж. Р. Ферстің өзі де мойындады. Осыған байланы- 
сты ағылшын лингвистері Ферс концепциясын қайта карап, нақты 
анықтау керектігін шешті. Ағылшын ғалымы Холлидей магынаны 
формальды жэне контекстуальды деп екі түрге ажыратып карауды 
ұсынды. Формальды мағынатілдің ішкі өзгерістері арқылы жасалған 
мағьгаа болса, ал контекстуальды мағына экстралингвистикалық 
факторлардың әсерінен болған мағына өзгерістері болып табыла- 
ды. Ағылшын лингвистері мағынаның функционалдық теориясын 
қарастыра отырып, оның қызметін тек қолданыс аясын зерттеу
арқылы ғана аныктауға болатындығын айтты.
Лондон структуралық мектебі тұжырымдарында тіл былайша 
түсіндіріледі: а)тіл, біріншіден, адамзат табиғатының ішкі серпілісі 
(табиғаттың күші); э) тіл белгілі бір жүе ретінде өмір сүреді; б) 
тілдің прагматикалық қызметі ерекше; в) тіл қоғамда белгілі бір 
нақты қызмет атқаратындықтан ғана жүйе ретінде танылады. Олар 
тілді зерттеудің басты максаты магынаны зерттеу болып табылады
деп түсінді.
Лондон структуралық мектебі жетістіктерінің бірі — оның 
тіл мен қоғам, сондай-ақ тілдің көп функционалдығы мен функци- 
оналды стильдер секілді күрделі мәселелерді қарастырып, белгілі 
бір дэрежеде шешім шығара алғандықтарында. Әсіресе, олар тіл
99


формаларының функционалдық ерекшеліктеріне аса мэн берді. 
Мектептің тілді функционалдық жэне құрылымдық жағынан 
зерттеулері бірін-бірі толықтырып отырды.
Лондон струюуралық мектебінің негізгі тұжырымдары 
кейіннен элеуметтік тіл білімінің, функционалды грамматиканың, 
мэтін лингвистикасының дамуына ықпал етті.
¥сы н ы латы н әдебнеттер: 
*
1. 
Шарафутдинова Н.С. Теория и история лингвистической 
науки. Москва, 2008. 
, ?
2. 
Сусов И.П. История языкознания. Москва: Восток - Запад,
2006. 
■' ' 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет