Тіл біліміндегі психологиялық бағыт XX ғасырдың 50 жылда-
рынан бастап психологиялық лингвистика (психолингвистика) де-
ген атпен тіл білімінің бір саласы ретінде қалыптасты. Ол - психо-
логия мен тіл білімінің аралығында туған жаңа ілім. Бұл ілім алғаш
Америкада пайда болды.
(Псшолингвистика саласы туралы кеңірек
мәлімет «ХХ-ХХІ гасырлар тогысындагы тіл білімі» тарауында
беріледі).
■...
Натуралистік бағыт, иегізгі идеясы
Натуралистік ағым немесе биологиялық бағыттың көрнекті
өкілі А. Шлейхер - салыстырмалы тіл білімінде тарихи әдісті
қалыптастырушының бірі. Ол «ИсследоваіАіе языков с точки зре-
ния сравнительного языкознания» деген еңбегінде славян, литва
тілдерін салыстыруда тарихи лингвистикалық әдісті қолданады.
Наіурализм жеке ағым ретінде өнерде, ғьшымда XIX ғасырдың II
жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда на-
туралистер дегендер - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жара-
тылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп ше-
шуге ұмтылушылар. Негізгі өкілі - неміс ғалымы Август Шлейхер
(1821-1869). А. Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл
философиясын қалыптастырушылардың, тіл деректерін салыстыру-
да дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап
еіушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушіпердің, тілдердің
типологиялық үқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-
жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі болған ғалым. Ол
тіл білімінде натуралистік бағытты қалыптастырды. Оның негізгі
идеялары «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі»,
«Дарвин теориясы жэне тіл білімі» атгы еңбектерінде айтылады.
Бүл еңбектерінде А. Шлейхер тілді тірі табиғи ағза деп танып,
ол туады, жетіледі, дамиды, қартаяды, өледі, жаратылыс заңдарына
бағынады, сондықтан тілді зерттегенде - жаратылыс заңдарын
басшьшыққа алу керек, тіл білімі жаратылыстану ғылымына жата-
ды, соның бір саласы деп қарайды. Оның тіл білімі жөніндегі бүл
түжырымы, әрине, қате. Бірақ оған қарамастан бүл бағыт өкілдері
тарихи лингвистикадағы жүйелілік принципі мен көне тілдерді
қайта жасау әдістерін үсынды.
Достарыңызбен бөлісу: