6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша


Қысқа құбырлардың гидравликалық есептері



бет41/47
Дата19.10.2023
өлшемі6,17 Mb.
#186656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
6B08674- су ресурстары ж не суды пайдалану білім беру ба дарлама

7.5. Қысқа құбырлардың гидравликалық есептері

Қысқа құбырлардың гидравликалық есептерінде бойлық арын шығындары мен жергілікті арын шығындары да ескеріледі. Егер жергілікті кедергілердің бір-бірінен қашықтығы құбырдың 20 диаметрінен артық болса, онда мұндай жергілікті кедергінің коэффициенті көрші кедергілерге тәуелсіз болады. Жалпы жүйенің арын шығынын анықтау үшін (5.82) тәуелділігін пайдалану керек.


Диаметрлері тұрақты қысқа құбырлардың гидравликалық есептеулерінде мынадай негізгі есептер кездесуі мүмкін:

  1. құбырдың диаметрі мен сұйық өтімі, сондай-ақ жергілікті кедергілердің түрлері белгілі, арын шығындарын табу керек;

  2. құбырдың диаметрі мен ондағы арын шығындары белгілі, құбырдағы сұйық өтімін анықтау керек;

  3. арын шығындары мен өтім белгілі, құбырдың диаметрін анықтау керек.

Алғашқы екі есепті мына формулаларды пайдалану арқылы шешуге болады
(7.21)
Үшінші есеп іріктеу әдісі арқылы шешіледі, өйткені жүйенің кедергі коэффициенті де күрделі функция боп табылады.
Мұндай жағдайда графигін тұрғызып, сол арқылы теңдігіне сәйкес келетіндей диаметрді табады. Егерде ұзындық бойынша арын шығындарын ескермесек және жергілікті кедергілерді есепке алатын коэффициенттердің бірде бірі құбыр диаметріне тәуелді болмаса, онда құбырдың диаметрі мына формула бойынша анықталады
(7.22)
Есепті іріктеу әдісімен шешеді.
Құбырдағы жергілікті кедергілер бір-бірімен 20d шамасынан аз қашықтықта орналасқан жағдайда, жергілікті кедергілердің өзара әсерлерін ескеретін ұсыныстардың жоқтығынан, ондай әсерлерді есепке алмай-ақ қоюға тура келеді.
Сифонды есептеу.Сифон деп сұйық деңгейі биік резервуардан (А) сұйық деңгейі төмен резервуарға (В) сұйықтың ағып баруына мүмкіндік туғызатын қысқа құбырды айтады (7.7-сурет).

23-сурет

Сифонның жұмыс істеу принципі оның жоғарғы бөлігінде вакуумның пайда болуына негізделген. Егер сифондағы ауаны сорып алса немесе су құйып ауаны ығыстырып тастаса, сифон жұмыс істеп кетеді.


Сифонды есептеудің негізгі түйіні, оның өткізгіштік мүмкіндігі мен сифон жұмыс істей алатын биіктіктің шектік мәндерін анықтау. Сифонның өткізгіштік мүмкіндігі
(7.23)
формуласы бойынша жүзеге асады, мұндағы Н арқылы А және В резервуарларындағы сұйық деңгейлерінің айырмасы, ал арқылы құбыр кедергісінің жалпы коэффициенті белгіленген.
Z биіктікті есептеу үшін, А және В резервуарлары сифондық құбырмен жалғасақан деп есептейік. 1-1 және 2-2 қималар арқылы А резервуарындағы сұйық деңгейімен беттесетін 0-0 салыстыру жазықтығына қатысты Бернулли теңдеуін жазайық

мұндағы Р2-2-2 қимасындағы гидродинамикалық қысым;
V2=V – құбырдағы сұйықтың орташа жылдамдығы;
Z2=Z – А резервуарындағы сұйық деңгейінен 2-2 қимасындағы құбыр орталығына дейінгі ара қашықтық;
Σζi-1-1 және 2-2 қималар аралығындағы құбырдың жергілікті кедергілер коэффициенттерінің қосындысы.
Енді мына өрнектің

екенін ескеріп, вакуум тереңдігін былай табады
. (7.24)
Геометриялық биіктік
(7.25)
Сифондағы вакуумның аса үлкен болуы (10 м су бағ.) тиімсіз, өйткені кавитация құбылысы пайда болады. Сондықтан сифонның ең жоғарғы нүктесінің А резервуарындағы су деңгейінен, Z=7-8 м су бағанасынан аспағаны жөн.


Өздік бақылау сұрақтары

  1. Құбырлардың бұжырлық коэффициенті нені көрсетеді? Мысал келтіріңіз.

  2. Құбырлардың қандай түрлері болады? Олардың ерекшеліктері қандай? Атаңыз?

  3. Құбырларды есептегенде өтім сипаттамасын тек қана диаметрге байланысты деп, оны дайын кестеден табудың себебі неде?

  4. Құбырлы су өткізгіштің негізгі есептерін еске салыңыз.

  5. Жай ұзын суөткізгіш құбырларды гидравликалық есептеудің жолын көрсетіңіз.

  6. Күрделі ұзын су өткізгіш құбырларды гидравликалық есептеудің ерекшелігі неде?

  7. Тармақталған су өткізгіш құбырларды гидравликалық есептеудің жолы қандай?

  8. Сифон деген не? Оны қалай іске қосады?

  9. Қысқа құбырларды гидравликалық есептеу үшін қай формуланы негізге алады?

  10. Гидравликалық соққы қандай құбылыс?

  11. Гидравликалық соққы кезіндегі Жуковскийдің ең жоғарғы қысымды анықтайтын формуласын жазып түсініктеме беріңіз.



Қолданылған оқулықтар

1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б


2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет