7.4. Күрделі ұзын құбырлардың гидравликалық есептері
Параллель жалғанған құбырлар.20-суретте бейнеленген сызбаны қарастырайық. А пунктінен В пунктіне, құбыр арқылы жол жөнекей шығынсыз Q мөлшерінде сұйық берілетін болсын және құбыр А нүктесінде әр қайсысының ұзындықтары мен диаметрлері әртүрлі параллель үш құбырға бөлінсін. Сол үш құбыр В нүктесінде бір-біріне қайтадан қосылсын.
20-сурет
I-есеп. әрбір құбырдан өтетін сұйықтың өтімдерін анықтау керек, яғни судың жалпы өтімінің (Q) параллель құбырларға қалай бөлінетінін табу қажет.
Құбырлардың түйіліскен жерінде (А және В нүктелері) арындар барлық параллель құбырлар үшін бірдей болғандықтан әрбір параллель құбырлардағы арын шығындары да бірдей болуы тиіс. Демек,
(7.18)
мұндағы - ұзындықтары және диаметрлері параллель тармақтардың өтімдік сипаттамалары.
Сұйық өтімі
бұдан
(7.19)
(7.19) формуласы бойынша, құбырлардың жалпы өтімі белгілі жағдайда, құбырдың тармақталу нүктелері аралығындағы арын шығынын есептеуге болады. Жеке құбырлардың өтімі
тәуелділігі бойынша табылады.
2-есеп. Өтімдері бірдей параллель құбырлардың диаметрін табу.
Өтімдер
болғандықтан
Бұл есепті, гидравликалық анықтамалардағы кестесін пайдалана отырып, іріктеу әдісі арқылы шешу қажет.
3-есеп. Диаметрлері бірдей , ал ұзындықтары әртүрлі ( және ) екі параллель құбырды есептеу.
Бұл жағдайда құбырлардың өтімдік сипаттамалары бірдей болады.
Демек
және
Олай болса
Арын шығыны
(7.20)
Тармақталған құбырлар. Айталық, А пунктінен басталған құбыр В пунктіне жеткенде екі тармаққа бөлінсін: ВС және ВД (21-сурет).
21-сурет
Құбырдың С және Д нүктелеріндегі өтімін табу керек делік. А нүктесіндегі арын, құбырлардың диаметрлері және олардың бөліктерінің ұзындықтары берілген. С және Д нүктелеріндегі арындар бірдей және нөлге тең. Тармақталған құбырларды есептегенде, сызба – аналитикалық әдіс пайдаланылады, оның мәнісі мынада: құбырдың жеке бөліктерінің сипаттамаларын (7.6-сурет) тұрғызу керек. Ол үшін (22) тәуелділікті пайдаланады
22-сурет
Алдымен сипаттамалар ВС, ВД және т.с.с тармақтар үшін құрылады, яғни және графиктері, сосын құбырдың бастапқы АВ бөлігі үшін құрылады, яғни .
ВС және ВД тармақтарының басындағы арындар бірдей болғандықтан, олардың сипаттамасын арын шығынының бірнеше мәндері үшін тұрғызылған және қисық сызықтарының өтім абсциссаларын қосу арқылы алуға болады.
Бастапқы АВ бөлігінің өтімі ВС және ВД тармақтары өтімдерінің қосындысына тең, сондықтан жалпы құбырдың қосынды сипаттамасын тұрғызу үшін өтімнің бірнеше мәндеріне сәйкес тармақтардың жалпы сипаттамасы мен бастапқы бөліктің сипаттамаларындағы арын шығынының ординаталарын қосып шығу керек. Нәтижесінде құбырдың қосынды сипаттамасын, тұрғызады. Ол құбырдың басындағы арынмен ( ), оның тармақтарының өткізгіштік мүмкіндігін береді. Басқаша айтқанда, құбырдың қосынды сипаттамасы бойынша табылған арынға сәйкес келетін өтімді анықтайды, кейін ВС және ВД тармақтарының жалпы сипаттамасынан, сол өтімнің құбыр тармақтарына қалай бөлінетіндігін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |