6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша



бет31/47
Дата15.03.2023
өлшемі6,17 Mb.
#172494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Байланысты:
gidrodinamika umk vrv 21-1

Вакуумметрлік биіктік деп меншікті салмаққа үлесті, атмосфералық қысым мәніне жетпей тұрған қысым шамасын айтады. Вакуумның ең көп шектік шамасы-бір атмосфера (10,3 м су бағанасы). Әдетте, түрлі гидравликалық қондырғыларда пайда болатын, вакуумның ең жоғарғы шамасы 7-8 м су бағанасынан аспайды.
Қысым мен вакуум шамасын сұйық немесе механикалық манометрлер мен вакуумметрлер арқылы өлшейді. Әдейі жасалынған мановакуумметрлер де бар.
Атмосфералық қысымды бірінші байқаған Э. Торричелли (1608-1647), ол ең алғашқы болып сынап бағаналы манометрді де ойлап тапқан. Ал вакуум туралы ойлар (болжамдар) Аль-Фарабидің (870-950) еңбектерінде де кездеседі, бірақ ол туралы дұрыс қорытынды тек Б. Паскаль (1623-1662) ашқан заңнан кейін ғана қалыптасты. 1672 ж. О. Герике тәжірибе түрінде атмосфералық қысымның сан мәнін анықтады. Ол үшін ғалым вакуум-насосты ойлап тауып, оның алғашқы нұсқасын іске қосты.


Қатынас ыдыстардағы сұйықтардың тепе-теңдігі
Гидростатиканың негізгі теңдеуін қатынас ыдыстардағы сұйықтардың тепе-теңдік шарттарын табуға қолданайық. Қойылған мәселенің жалпы түрдегі шешімін табу үшін өзара қосылыспайтын әртүрлі сұйықтармен толтырылған, бір-бірімен жалғасқан, екі жабық ыдыс алайық (5-сурет). Сұйық беттеріне түсіп тұрған қысымдар әр түрлі болсын.

5-сурет



Сұйықтардың тығыздықтарын ρ1 және ρ2деп, ал I және II ыдыстардағы сұйық беттеріне түсіп тұрған қысымдарды р01және р02деп белгілейік. әртектес сұйықтардың бөліну сызығын (А-А) созып, сол сызық арқылы жазықтық жүргізсек, онда сол жазықтық тең қысымдар беті болып табылар еді. Сонда осы жазықтықта жатқан с1және с2нүктелеріне түсіп тұрған гидростатикалық қысым шамаларын былай анықтар едік

Мұндағы z1және z2- бірінші және екінші ыдыстардағы сұйық беттерінің А-А жазықтығынан көтерілу биіктігі. с1және с2нүктелері тең қысымды жазықтық бетінде жатқандықтан

немесе
(3.24)
Қатынас ыдыстардағы сұйықтардың тепе-теңдігін осы тәуелділік арқылы сипаттауға болады.
I жағдай. Қатынас ыдыстарға біртекті сұйық құйылған, бірақ олардың беттеріндегі қысымдар әртүрлі. Олай болса, ρ1 = ρ2 = ρ, сондықтан
(3.25)
II жағдай. Қатынас ыдыстардағы сұйықтар да, олардың беттеріндегі қысымдар да бірдей. Бұл жағдайда ρ1 = ρ2және р01 = р02 .
Сондықтан
(3.26)
Демек, қарастырылып отырған жағдайда, ыдыстардағы сұйықтар бірдей деңгейде болады.
III жағдай. Қатынас ыдыстарға біртекті сұйық құйылған және де:
1) бірінші ыдыс ашық, ал екіншісі жабық;
2) жабық ыдыстағы қысым атмосфералық қысымнан артық 02 = р0 > ра).
Онда
және
Бұдан рс1 = рс2болған себепті,
(3.27)
Мұндағы - екінші ыдыстағы сұйық бетінде жатқан нүктелердің пьезометрлік биіктігі.
Сөйтіп, жабық резервуардағы сұйықтың деңгейі, ашық резервуардағы сұйықтың деңгейінен, пьезометрлік биіктікке тең шамаға, төмен орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет