«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ жанындағы
6D072700 / 8D07201 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»
және
6D073500 / 8D07202 – «Тағам қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары
бойынша Диссертациялық кеңестің 2023 жылғы жұмысы туралы
ЕСЕБІ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
жанындағы 6D072700 / 8D07201 – «Азық - түлік өнімдерінің технологиясы»
және 6D073500 / 8D07202 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша
диссертациялық кеңес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз
ету комитетінің 18.03.2022ж. № 103 бұйрығымен бекітілген.
Диссертациялық кеңестің өкілеттік мерзімі 18.03.2025 жылға дейін.
1.
Ағымдағы жылы диссертациялық кеңеспен алты отырыс
өткізілді:
-диссертациялық кеңестің бірінші мәжілісі 02.10.2023 ж. өтті, №1
хаттама бойынша ізденушілер Идырышев Б.А. және Ш.А. Әмірхановтың
6D072700, 8D07201 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы
бойынша дайындалған диссертацияларын қабылдау және қорғауға жіберу
туралы. Отырысқа диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері – Амирханов
К.Ж., Есимбеков Ж.С., Какимова Ж.Х. қатысты.
Докторанттар
Идырышев
Б.А.
және
Ш.А.
Амирхановтың
диссертациялары бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері мен
ресми рецензенттері тағайындалды.
Диссертациялық кеңестің екінші мәжілісі 02.10. 2023 ж. өтті, №2
хаттама бойынша ізденушілер Р.У. Ашакаева мен Б.М. Кулуштаеваның
6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дайындалған
диссертацияларын қабылдау және қорғауға жіберу туралы.
Докторанттар
Р.У.
Ашакаева
мен
Б.М.
Кулуштаеваның
диссертациялары бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері мен
ресми рецензенттері тағайындалды.
Диссертациялық кеңестің үшінші мәжілісі Б.А. Идырышевтың
докторлық диссертациясын қорғауы бойынша 09.11.2023 ж. сағ. 10.00 өтті
(№3 хаттама). Мәжіліске диссертациялық кеңестің 3 тұрақты мүшесі, 3
уақытша мүшесі, оның ішінде бір шетелдік рецензенті видеоконференция
түрінде қатысты, ресми рецензенттер Қабдылжар Бақтыбала Қабылтайқызы,
Абжанова Шолпан Амангельдиевна (видеоконференция түрінде) барлығы 8
адам қатысты.
Диссертациялық кеңестің төртінші мәжілісі Ш.А. Әмірхановтың
докторлық диссертациясын қорғауы бойынша 09.11.2023 ж. сағ. 14.00-де
(№4 хаттама) өткізілді. Мәжіліске диссертациялық кеңестің 3 тұрақты
мүшесі, 3 уақытша мүшесі, оның ішінде бір шетелдік рецензенті
видеоконференция түрінде, екі ресми рецензенттер Матибаева Айнур
Ибраевна, Кененбай Гульмира Серікбайқызы видеоконференция түрінде,
барлығы 8 адам қатысты.
Диссертациялық кеңестің бесінші мәжілісі Р.У. Ашакаеваның
докторлық диссертациясын қорғауы бойынша 10.11.2023 ж. сағ. 10.00-де
(№5 хаттама) өткізілді. Мәжіліске диссертациялық кеңестің 3 тұрақты
мүшесі, 3 уақытша мүшесі, екеуі - видеоконференция түрінде, екі ресми
рецензенттер ТунгышбаеваУлбала Облбековна және Макангали Кадыржан
Конысбаевич видеоконференция түрінде, барлығы 8 адам қатысты.
Диссертациялық кеңестің алтыншы мәжілісі Б.М. Кулуштаеваның
докторлық диссертациясын қорғауы бойынша 10.11.2023 ж. сағ. 14.00-де (№6
хаттама) өткізілді. Мәжіліске диссертациялық кеңестің 3 тұрақты мүшесі, 3
уақытша мүшесі, екеуі - видеоконференция түрінде, екі ресми рецензенттер
Алашбаева Лилия Жанабаевна и Турсынбаева Шолпан Арыстанбековна
видеоконференция түрінде, барлығы 8 адам қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |