4.
Диссертацияны қысқаша талдау
Диссертациялық
Кеңестің
отырыстарында
есепті
кезеңде
4
диссертациялық жұмыс қаралды:
-
диссертация тақырыбын талдау:
-
6D072700- «Азық–түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру
бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші
Идырышев Берік Арыстанбекұлының «Өсімдік қоспасын қолдану
арқылы функционалдық бағыттағы жартылай ет фабрикатының
технологиясын әзірлеу»
тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қарағай
жаңғағын қосып, бұзау етінің негізінде дайындалған, функционалдық
өнімдерге қойылатын талаптарға жауап беретін биологиялық құндылығы
жоғары, төмен калориялы жартылай ет фабрикатының рецептурасы мен
технологияларын зерделеуге және дайындауға арналған.
Елдің шығыс аймағында Сібір балқарағай орманы үлкен аумақты алып
жатқаны белгілі.
Сібір балқарағай жаңғағы пайдалы биологиялық белсенді
заттарға бай және толық ақуыздың, оңай сіңетін көмірсулардың, дәрумендер
мен минералдардың көзі болып табылады. Бұл өсімдік шикізатының үлкен
қорларына қарамастан, елде өсетін қарағай жаңғағының сапалық
көрсеткіштері жеткілікті зерттелмеген және оны қайта өңдеу өндірісі жоқ.
Сондықтан, жартылай өңделген ет өндірісінде қарағай жаңғағының тортын
пайдалану биологиялық құндылығы жоғары және төмен калориялы
функционалдық бағыты бар өнімді алуға мүмкіндік береді.
- диссертация тақырыбының "Ғылым туралы" Заңның 18-
бабының 3-тармағына және (немесе) мемлекеттік бағдарламаларға
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссия қалыптастырған ғылымды дамыту
бағыттарымен байланысы:
- Идырышев Берік Арыстанбекұлының диссертациялық жұмысы ҚР
Президентінің 2023 жылғы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты»
Жолдауында баяндалған ел экономикасының аграрлық секторын дамыту
жөніндегі негізгі ұстанымдарға және Қазақстан Республикасының
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық
жобасының негізгі міндеттеріне сәйкес келеді. Сондай-ақ, диссертациялық
жұмыс Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2020-
2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне сәйкес
келеді.
-
Достарыңызбен бөлісу: