сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары
ғылыми-техникалық комиссия қалыптастырған ғылымды дамыту
бағыттарымен байланысы:
- Кулуштаева Ботакоз Манарбекқызының «Композициялық ұн
қосылған глютенсіз нанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы
диссертациялық жұмысы ел экономикасының аграрлық секторын дамыту
жөніндегі негізгі ұстанымдарға сәйкес орындалды, олар ҚР Президентінің
2023 жылғы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында және
2020-2025 жж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың
мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінде баяндалған.
-
диссертация нәтижелерін практикалық қызметке енгізу деңгейін
талдау:
- Б. М. Кулуштаеваның диссертациялық жұмысының ғылыми
зерттеулерінің нәтижелері композициялық ұнның құрамына кіретін
шикізатты негіздеу, жаңа композиттік ұнның рецептурасы мен
технологиясын әзірлеу, глютенсіз нан дайындаудың рецептурасы мен
технологиясын әзірлеу және глютенсіз нан өндірісін НАССР қағидаттарына
сәйкес ұйымдастыру болып табылады. Зерттеу нәтижелері нан пісіру
кәсіпорындарында өндірісте, мамандандырылған тамақтануда қолданылуы
мүмкін. Автор «Семнан» ЖШС-де глютенсіз нан технологиясын өнеркәсіптік
сынақтан өткізді және «Семнан» СТ ЖШС-нің «Денсаулық» глютенсіз
нанына нормативтік-техникалық құжаттама СТ 6121 – 002 – 65860553 – 2021
әзірледі.
Достарыңызбен бөлісу: